САЛЫҚТАРДЫ ОНЛАЙН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ТӨЛЕУ

Қоғам Құқық
897 Views

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салықтар және бюджетке төленетінбасқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық төлеушілерге мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша қойылған міндеттер шеңберінде бюджетпен онлайн төлемдер мен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесін ұлғайту бойынша жұмыстаржүргізуде. Атап айтқанда, салық төлеушілерге екінші деңгейлі банктермен біргесалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салықміндеттемесін уақтылы орындау үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында банкшотының бар болған жағдайда – банкоматтар мен басқа электрондық құрылғылар арқылы бюджетке төлемдерді жүргізу мүмкіндігі жүзеге асырылады.

Банкоматтармен басқа электронды құрылғылар арқылы салық төлеудің ең маңызды артықшылығы – кез келген уақытта және кез келген елді мекенде банктерге келмей, кезектердетұрмай, бюджетке төлемдерді төлеуге қабілетті. Бұл ретте электрондыққызметтерге екінші деңгейлі банктерде белгіленген тарифтерден әлдеқайда төмен.

Сонымен қатар бүгінде салықтарды электронды төлеу деңгейі жеткілікті жоғары емес. Мәселен, екінші деңгейдегі банктердің есептеріне сәйкес 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында бюджетке төленетін төлемдер саны 2,87 млн. құрады соның ішінде 1,69 млн. электронды түрде (интернет-банкингтер, терминалдар) төленген немесе бюджетке қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 59,1 пайызды құрады. Бұл ретте электронды түрде салықтарды төлеу бойынша мәмілелердің негізгі бөлігі заңды тұлғаларға тиесілі.

Осыған байланысты ҚР Үкіметінің тапсырмасы және жоспарына сәйкес ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі №465 бұйрығымен бекітілген салықтарды электронды төлеу деңгейін арттыру мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілуде:

1) Жеке тұлғалардың басқа жеке тұлғалар үшін салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу туралы ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне өзгерістер еңгізу. Аталған өзгерістер карточка ұстаушыға байланыстыруды болдырмауға және карточка ұстаушының ЖСН-не емес, басқа жеке тұлғаның ЖСН-не бюджетке ақша аудару мүмкүндік береді.

2) Төлем белгілеу кодтарын 39-дан 14-ке дейін қысқарту арқылы салық төлеу туралы мәліметтерді жеңілдету, 104302 БСК және 104309 БСК бірыңғай 104302 БСК «Жер салығы» біріктіру.

3) «Электрондық үкімет» порталында авторизациялау үшін цифрлық қолтаңбаның қолдану мерзімін үш жылға дейін ұлғайту, көбейту және алу тәртібін жеңілдету.

4) Салықтарды, өсімпұлды, айыппұлдарды электрондық қызметтер арқылы төлеуге екінші деңгейдегі банктердің комиссиялық сыйақыларын азайту және алып тастау (интернет-банкингтер, терминалдар).

5) Төлем құжаттарында деректерді автотолтыру арқылы салық берешектер сервисіне екінші деңгейдегі банктерді ақпараттық жүйеге қосу. Екінші деңгейдегі банктерге аталған сервисті төлем құжаттарындағы деректерді автотолтыруды ескере отырып, төлем сервисін жақсарту үшін, әрекетті салықты төлеу тетігіне (интернет-банкинг, терминалдар) қосу мүмкіндігі берілген.

6) «Электрондық үкімет» порталымен және екінші деңгейдегі банктерді ақпараттық жүйесін интеграциялау жолымен төлем құжаттарында деректерді автотолтыру арқылы жеке тұлғалардың кезекті төлемдері туралы мәлімет беру бойынша сервисті жүзеге асыру.

Аталған сервис жеке тұлғаларға мобильдік сервис арқылы мүлік салығы, жер салығы және көлік салығының сомалары туралы мәліметті аудан және ЖӨБ бюджетінің қимасында алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерге клиенттермен салық бойынша төлем құжатын толтыруға кететін уақытты азайтуға және осындай салықтар бойынша төлемдердің қате жөнелтілуін азайтады.

Бірінші сатыда аталған сервисті енгізу 2018 жылы екінші деңгейдегі банктердің АЖ интеграциялау жоспарланды. Екінші сатыда 2019 жылы VIN кодты және кадастрлік нөмірді автоматты түрде толтырып, әр салық салу нысаны бойынша мәліметті беру жолымен «электрондық үкімет» порталымен интеграциялау жоспарланды.

7) «Электрондық үкімет» порталында кезекті төлемдерді төлеу үшін салықтардың тізбесін кеңейту.

2018 жылдың 1 тамызынан бастап еGov.kz порталында барлық салықтарды және бюджетке төлейтін міндетті төлемдерді авторизация жасамай және ЭСҚ қол қоймау мүмкіндігінсіз-ақ салықтарды төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды. Осыдан ертеректе «электрондық үкімет» порталында жеке тұлғалар үшін салықтың үш түрін: мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы төлеу ғана қолжетімді болған.

eGov.kz «Электронды үкімет» порталында салық төлеу бойынша нұсқаулар

eGov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» — «Салық салу» — «Салықтарды және бюджетке төлнетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.

Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторизациялану және БСН деректерін толтырып және керісінше заңды тұлға салықтарын төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *