СОҢҒЫ НҮКТЕНІ ТӘРТІПТІК КЕҢЕС ҚОЙМАҚ

Мәселе
598 Views

Шымкент қаласының спорт басқармасы басшысына қатысты халықтың пікірі әлеуметтік желіде де қатты сынға ұшырауда. Спорт басқармасының басшысыО.Почиваловтың үстінен әкімшілік және қылмыстық істер қозғалып отыр. Әкімшілікісті Шымкент қаласы Еңбек инспекциясы, ал қылмыстық істі Абай аудандық Полициябөлімі жүргізуде. Бұл жағдай бүгінгі таңда қоғамның назарында тұруыменерекшеленсе, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қоятын шешімі де алыс емес сияқты.Қарашаның бірінші аптасында ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігінің Шымкент қаласыбойынша департаменті жүргізетін тәртіптік кеңес бұл мәселені талқылауға кірісіпотыр. Бұл орайда басты мақсат мемлекеттік қызметтің этикасы және басқарманысеніп тапсырған азаматтың келеңсіз іс-әрекеттерінің нәтижесі туралы болып отыр.«Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» демекші ең сорақысы бұл мәселені көтерген қоғам белсенділеріне, атап айтқанда Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, заңгер, блогерАйгүл Орынбекті қоқан-лоқы, қорқытып-үркіту әрекеттері арқылы оның намысына тиіп,аузын жабу сынды жаман пиғылдарын көрсеткен. Бұл қорқытудың бастауы АйгүлОрынбектің фейсбук парақшасында «Әйтенов мырза, қызметкерлеріңізге адамдардыұруға сіз рұқсат бердіңіз бе?» деген жазбасынан кейін басталған.

«Мына кісі Әйтеновтың әкелген жаңа кадры Почивалов Олег. Қазақ тілін білмейді дегенде үндемеген едім, үйреніп кетер деп, енді қызметкерлерге қол көтергенге үндемей отыра алмадым. Қаймағы бұзылмаған мәдени Оңтүстікке келіп дікеңдеп тұрғаны аздай, қызметкерлері тілдері бұралып әрең есеп беріп тұрғаны ашуға тиеді екен. Қолын қалтасына салып, қызметтік этика түгілі, қылмыстық іс жасағанын біледі ме екен бұл кісі? Әлде бұл істі ішінара жәй жауып қойдыңыздар ма Шымкент әкімдігі?

Президенттің Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметкердің қызмет этикасы ережесінің бірнеше пунктерін бұзып тұрғаны анық! Сонымен қоса, қасында тұрған қала әкімінің орынбасары Исахов мырза осы келеңсіз жағдайға жол беріп, оны қоштап тұрған сияқты ма? Неге тоқтау қоймаған?

Осы жәйтті менің қатысуыммен тәртіптік кеңесте қаралуын талап етемін!» – дейді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек.

Аталған жайтты Шымкент қаласының Полиция Департаменті назарға алып, мегаполистің Бас полицейі Е.Жұмаханбетовке арызбен тіркеліп отыр. «Бүкіл «угрозалары» мен звондаған нөмірлері жіберілген аудиолары сақтаулы!» – дейді қоғам белсіндісі және айғақтық зат ретінде ұсына алатынын жеткізіп отыр.

Бір басқарманың басшысы осыншама халықты шулататындай кім болғаны сонда?! О.Почивалов ҚР-ның Мемлекеттік қызмет туралы заңы мен оның этикасын көк тиынға бағалағаны ма? Ал спорт саласына жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары М.Исахов осы келеңсіз жағдайға жол беріп, Почиваловты қоштап тұрғаны ауызжаласқан сыбайластықтың белгісін байқатпай ма?!

(Жалғасы бар).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *