«СПЕКТРДІҢ» ӨНІМДЕРІ ӨТІМДІ

Қоғам
757 Views

Ұлттық мақтанышымызға айналған Мемлекеттік рәміздерді жасау жұмыстары арнайы Мемлекеттік лицензиясы бар мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, жеке кәсіпкерлерге ғана берілетіні баршаға мәлім. Таяуда солардың бірінің жұмысымен етене танысуға мүмкіндік туды. Шымкент қаласындағы Дмитрий Юрьевич Бысов жетекшілік жасайтын «Спектр» жарнамалық-өндірістік компаниясы өз қызметін бастаған 1998 жылы онда бар болғаны бес-ақ адам жұмыс істеген екен. Осы мерзім аралығында аталмыш фирма Қазақстанның жарнама нарығындағы сұранысқа сәйкес өздерінің технологияларын жаңғырту жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді. Өндірістік жарнаманың көптеген әдістері отандық нарықтағы жарнама қызметінің танымал болуына дейін ойластырылып, жүзеге асырылған болатын.

Серіктестіктің дизайнері Вероника Юрьевна Зинькова бізді жұмыс барысымен таныстырып шықты. Олар өндірістің сан алуан саласы мен тауар жеткізуге арналған құрал-жабдықтарды, материалдарды, технологияларды әзірлеу мен жеткізумен айналысатын компаниялармен тығыз байланыс орнатқан. Сол себепті Қазақстан аумағында ғана емес, төрткүл әлемдегі басқа елдердегі, қалалардағы компаниялармен қарым-қатынаста жұмыс істейді екен. Атап айтқанда, Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Сочи, Волгоград қалаларымен, Қытайдың бірқатар қалаларымен, Америка Құрама Штаттары, Германия, Бельгия, Біріккен Араб Әмірліктерімен экономикалық байланыстары бар екенін ерекше тілге тиек етуге болады.

Аталмыш фирмада бүгінде өз ісінің нағыз шебері атанған жоғары санатты елуге жуық қызметкер жұмыс істеуде. Бұған қоса-қабат тұрақты мердігерлер мен кез келген жобаны жүзеге асыруға қабілетті іскер мамандар да баршылық.

Дмитрий Юрьевич Бысов 2007 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің басшысы Ғ. Мұхамбетов қол қойған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының елтаңбасын дайындаумен айналысу үшін АА сериялы №000491 Мемлекеттік лицензия алған. Кейіннен Мемлекеттік рәміздерді жасап шығаратын жоғары технологиялық еуропалық заманауи құрал-жабдықтар сатып алған. Содан бері олар дайындаған Мемлекеттік тулар мен Мемлекеттік елтаңбалар, Мемлекеттік әнұран мәтіндері Тәуелсіз де егемен еліміздің облыстары, қалалары мен аудандарының Орталық алаңдарын, сонымен қатар түрлі деңгейдегі әкімдік ғимараттары мен мекеме, ұйым, кәсіпорындарын көркейтуге өзіндік сүбелі үлесін қосып келеді. «Спектр» компаниясының өнімдерін балабақшалардан бастап, мектептер, арнаулы орта және жоғары оқу орындары, мемлекеттік мекемелер, спорттық және қоғамдық ұйымдар, құрылыс компаниялары, шағын және орта бизнес субьектілері, ірі мегаполистер, облыстар мен қалалардың әкімдіктері мен мәслихаттар молынан пайдалануда.

«Спектр» жарнамалық-өндірістік компаниясы «Қазақстанның «Жол картасы» жобасына белсене қатысуда. Олар Қазақстан Мемлекеттік телерадио компаниясы мен облыстардағы медициналық орталықтарға арналған электроника жеткізіп, орнатып берген. Аталмыш фирма сан алуан көрмелік іс-шараларда бірқатар марапаттарға ие болған. Бұдан бөлек олар облыстық және қалалық деңгейдегі көптеген мерекелік шараларды ұйымдастыру мен өткізу іс-шараларына да белсене атсалысуда. 2011 жылы «Спектр» компаниясының қаржысына редакцияланып, өңделіп, баспадан шыққан «Знакомтесь, Южный Казахстан» атты фотоальманах жарық көрген болатын.

Бұл фирма Шымкенттің Тәуелсіздік саябағындағы Мемлекеттік рәміздер орналасқан орындағы ең биік туды жасаған. Оның көлемі – 8:16 метр. Нұрсәт шағынауданындағы қала әкімдігінің жаңа ғимаратындағы ту да солардың қолынан шыққан. Оның көлемі – 3:6. Олардың бұдан бөлек те төлтумалары баршылық.

Сіздердің осы компаниядан өзге лайықты әріптес таба алмайтындарыңыз анық!

«Спектр» жарнамалық-өндірістік компаниясы қызметінің бағыттары:

Мемлекеттік рәміздер (Мемлекеттік ту мен Мемлекеттік елтаңбасын әзірлеу)

Тулар шығару

Дизайн

Полиграфия

Гравировка

Фрезеровка

Стендтер әзірлеу

Сублимация

Шелкография

Живопись

Тампомөр

Сыртқы және ішкі жарнама

Кеңформатты басылым

Оперативтік баспахана

Айнамен өңдеу

Текстильге басу

Металмен өңдеу

Мөр, мөртабан әзірлеу

Картонажды мұқабалау жұмыстары

Кәде-сый өндірісі

Пластмасса бұйымдарын жасап шығару

Жарнамаға арналған материалдар жеткізу

Тігін-тоқыма өндірісі

Серверлік қызмет

Үзіліссіз тамақтандыру жүйесі

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қалдаяқов көшесі, 38 «б» үй

«Біз жұмыс істеуге деген жаңаша көзқарасқа, жоғары көркемдік деңгейге және сапалы өнімге кепілдік береміз!» ұранымен жұмыс істейтін «Спектрдің» өнімдері өтімді.

www.rkspektr.kz

E_mail:bsvdmn@mail.ru

E_mail:sale@rkspektr.kz

skype: spektr070

Телефондары: 8 (7252) 56-99-22,

8 (7252) 56-41-11, +7 705 450 38 74,

+7 775 215 83 38, +8 701657 57 776,

+7 705 546 69 40, + 7 701 657 57 77.

Факс: 8 (7252) 56-74-54.

Әбдісаттар ӘЛІП.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *