«СТАТИСТИКА ЖҮЙЕСІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ ӨЗГЕРУДЕ»

Сұхбат Экономика
830 Views

Статистика Үкімет үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызды. Себебі кез келген аймақтық, ұлттық жəне əлемдік деңгейдегі статистика саяси жəне бизнес шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын белгілеуде де аталған саланың рөлі зор. Əсіресе мемлекеттікбасқару органдарының, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық жəне ғылыми ұйымдардың,халықты еңбекпен қамту жəне жұмыссыздық, кедейшілік, баға, халықтың əл-ауқаты,инвестиция, төлем балансы, сыртқы экономика жəне тағы басқалар жөнінде сапалы жəнежедел статистикалық ақпараттардың мемлекеттік статистика жүйесінде өзіндік орныбар. Мемлекет статистикалық мəліметтер бойынша түрлі салалар менведомстволардың жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік алады. Сол арқылы бюджетбөлінісін де реттейді. Статистика қажетті мəліметтермен қамтамасыз етеді.Дегенмен ол белгілі бір көрсеткіштердің айнасы болып қана қоймай, шешім шығаруүшін де маңызды рөл атқарады. Сондықтан статистика ғылымы əлеуметтік-экономикалыққұбылыстарды талдауды өзіндік əдіс-тəсілдер, ережелер жиынтығы арқылы жасайды.Тіпті оны басқа да ғылымдар өз зерттеулерінде, тəжірибесінде қолданатынынескерсек, статистиканың біздің өмірімізде алар орны зор екенін байқаймыз.Еліміздің өркендеуі жолындағы ұлттық статистика бағындырған жетістіктергеүлесін қосып, көпшіліктің құрметіне бөленіп жүрген Түркістан қалалық статистикабасқармасының басшысы Бекайдар Еділбекұлымен арнайы сұхбат өрбіткен едік.

– Жаңа 2020 жылда Статистика саласы қандай тың жаңалықтармен толықты? Жалпы статистика басқармасының жұмысы қалай өрбуде? 2019 жыл Сіз үшін несімен есте қалды?

– Статистиканың бастауы 1920 жылғы 8 қарашадан басталады. Қазақ АКСР үкіметі Қазақстандағы бірыңғай орталықтанған статистика жүйесінің басы болған «ҚазАКСР-дегі мемлекеттік статистика туралы ережені» қабылдағандықтан, осы күн еліміздің статистика саласы үшін тарихи дата ретінде белгіленіп, кәсіби мерекелердің қатарына енген. Яғни өздеріңіз топшылап отырғандай, биыл 100 жыл толатын болады. Жүз жылдай уақыт ішінде Қазақстанның статистика жүйесі халықаралық талаптарға сай өзгерді. Бүгінгі таңда еліміздің бұл саласында заң жүйесі, нарықтық экономика елдеріне сай статистика салалары, статистикалық əдістемелері бар. Сонымен қатар статистика жасау үшін қажетті заманауи технологияларды енгізу жұмыстары да сəтті жүзеге асырылып жатыр. 2020 жыл статистика саласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмаларымен жасалынған жоспарлар жүзеге асуда. Статистика саласындағы ең үлкен жоспардың бірі – халықтың саны. 2020 жылға халық санағын қойып, ауқымды жоспарлар құрылып, көптеген іс-шаралар атқарылуда. Осыған сәйкес, комитеттерге көптеген тапсырмалар келуде. Түркістан облысы статистика департаментінің басшысы Айдар Ахметбекұлының бекіткен жоспарлары да бар. Сол бағытта да бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Статистика саласы – барлық саланы қамтитын мекеме деп айтар едім. Өйткені, бұл салаға жеке кәсіпкерден бастап, заңды тұлғалармен қоса мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне дейін өз есептерін тапсырып отырады. Әр мекеменің өзінің жоспары бар. Сол бойынша қазіргі таңда біз алты айлық, жылдық, кварталдық есептерді қабылдап жатырмыз. Өздеріңізге белгілі Елбасы тапсырмасымен Түркістан қаласы облыс орталығы болып, 12 ауыл округі Кентау қаласына өтіп кетті. Көптеген ғимараттар бой көтеріп, маңызды мекемелер іске қосылуда. Облысымызда жылдық жоспар жасалады. Сол жоспар негізінде іс-шаралар өткізіліп отырады. 2019 жылы облысымыз үшін өте жұмыс қарқыны жоғары, қуанышты жыл есебінде есте қалды.

– Бүгінде еңбекқорлығыңыз бен ізденімпаздығыңыз көпке үлгі ел құрметтеген азаматсыз. Осы тұрғыда айтып өтсеңіз?

– Ауған соғысының ардагерімін, 1986-1988 жылдары Ауғанстанда қызмет етіп келдім. Бақытжан Ертайұлы басқаратын Қазақстан Республикасы Ардагерлер қоғамдық ұйымы бар. 2019 жылы сол ұйым мені Президенттің «Құрмет» орденіне ұсыныс жасаған екен. 2019 жылы Желтоқсан айында өткен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Астанаға арнайы барып Парламент мәжілісінің Төрағасының орынбасары В.К.Башконың қолынан кеудеме төсбелгі тағып қайттым. Ауғаннан келген соң Соғыс ардагерлерінің төрағасы болып қызмет істедім, қалалық әкімдікте де жұмыс атқардым. «Құрмет» орденін иелену – еткен еңбектің жеңісті жемісі деп білемін. Статистика саласымен ғана шектеліп қалмай, жалпы қаладағы қоғамдық жұмыстарға да белсене араласудамыз.

– Бүгінгі қазақ жастарына айтар ақыл-кеңесіңізде неге баса назар аудару қажет деп ойлайсыз? Жастарға айтар аманатыңыз қандай?

– Кез келген жұрттың болашағы – оның жас өркендерінде. Мағжан «Мен жастарға сенемін» десе, оның артында ұлтжанды, білімді, туған жұртының жоқшысы бола алатын жастарды айтып отыр ғой. Ал, бүгінгі жастардың басын біріктіріп, халқының мүддесіне қызмет етер қадірлі қасиетті санасына сіңіре алып отырмыз ба? Мәселе осында ғой. Ұрпақ тәрбиесінен асқан ұлы мұрат болмасқа керек. Ол үшін қаржыны да, білімді де, ең озық құндылықтарды ұштастыра жұмсаған жөн. Ал, өз басым кез келген жас өзінің қазақ екендігін сезінсе, сонысын мақтан етсе, сол жолда аянбай адал қызмет етсе деймін.

Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы болып жүрген уақытта да жастарға патриоттық тәрбие жұмыстарын жүргізіп, мектеп оқушылары, студент жастармен кездесулер өткізіп, 18 жасымызда қару алып, Азаматтық борышымызды басқа елде атқарып келгеніміз жайлы, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бізге айтқан ақыл-насихаттарының арқасында елімізді, жерімізді ұятқа қалдырмай өз борышымызды адал атқарғанымыз туралы сыр шертіп, жастарды ел ертеңі болуға шақырып жүреміз. Әрқашан да қазақ ұлтының, қазақ жігіттерінің ерлігі, ұлтымыздың көрсеткен қайтпас қайсарлығымен қоса жеткен жетістігін мақтана насихаттау қажет. Биыл Жеңістің 75 жылдығын тойлау ниетіндеміз. Өкінішке орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері өте аз қалды. Ардагерлеріміз қазіргі таңда 90-нан асып, жүзге жақындап қалды. Алла ұзақ ғұмыр берсін! Ол кісілерден үйренер, тағылым алар дүниелер өте көп. Соғыстан кейінгі жылдарда ел тұрмысының қиындығына қарамастан Отан, отбасы үшін ауыр еңбектен де қашпай өз елінің жауынгеріне айналған азаматтар екенін ұмыт қалдырмағанымыз абзал. Осындай азаматтарымыздай ерік, жігер қазіргі жастарымызда болса қазақ жері қарыштап дамитыны хақ. Қазіргі жастар білімді, сауатты. Елімізді өркениетті озық елдер қатарына кіргізеріне сенім мол. Түркістан қалалық статистика басқармасы қызметкерлерінің 60 пайызы жастар. Қазіргі таңда жастарға көп басымдық берілуде. Цифрланған қоғамда жастар компьютер тілін жетік меңгерген. Бұл әрине, көңіл қуантарлық жайт. Қазақ жастары алып асулардан асып, биік белестерді бағындырары шүбәсіз.

– Ақжарма көңілді ашық сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Әділ ҚЫРАН.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *