«ТЕКТІ ТҰРАН ТҰРСЫНАЙЫ»

Өмір-өзен
1 006 Views

«Қазақтың ардағы, Саханың саңлағы» атанған айтулы ақын, әнші, сазгер, Александр Фадеев атын-дағы Халықаралық әдеби сыйлықтың және Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Саха (Якутия) Респуб-ликасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» ор-денінің иегері Тұрсынай Оразбаева көзі тірі болғанда бүгінде мерейлі жетпіс жасқа толар еді. «Жақсының аты өлмейді, Ақынның хаты өлмейді» дейтіндей, өз туындыларына Сайрам, Шымкент, Алматы, Мәскеу мен Саха елін арқау етіп, соңына мол мұра қалдырып кеткен суреткерді ел-жұрты ешқашанда ұмытпайды. Осыдан бес жыл бұрын өмірден озған аяулы жанның есімі халық жадында. Жыл сайын 19 ақпанда оның туған, ал 21 мамырды дүниеден өткен күндерінің бірде-бірін елеусіз қалдырған емес. Бұған Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалы мен бірқатар білім ордалары мен кітапхана ұжымдары, тіпті мәскеулік достары мұрындық болып жүр.

Шымкенттегі Александр Сергеевич Пушкин атындағы Түркістан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Текті Тұран Тұрсынайы» атты еске алу поэзия кеші өтті. Оны аталмыш құтханадағы өнер бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды. Кешке келушілер алдымен тақырып аясына орай арнайы жасақталған кітап көрмесімен, сондай-ақ слайд, бей-нероликпен етене танысты.

Басқосуды танымал әнші, сазгер, Қазақстан Рес-публикасының мәдениет қайраткері Абылайхан Оспанов пен кітапханашы Айдынай Тәліп жүргізді. Ақын, Константин Симонов атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты Нармахан Бегалыұлы, ақынның құрбы-құрдастары – Хализа Сағымбекова, Гүлзина Шерімбетова, Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәжит Ілиясқаров, тағы басқалар өздерінің толғанысқа толы естеліктерімен бөлісті. Ақын Сабырбек Тұрлыбек пен Silk Way университетінің студенті Гүлсая Қалды-бекқызы Ұласбек арнау өлең оқыды. Шәмші Қал-даяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының көркемсөз оқу шебері Гүлбала Әбуова ақынның Батыр бабамыз – Бауыржан Момышұлына бағыштаған өлеңін мәнерлеп оқып берді. Ақынның «Гүлсезім», «Гүл еркем» әндерін тиісінше, Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының әншісі Жазира Аралбаева, Тимур мен Арай нәшіне келтіре шырқады. «Шашу» әжелер тобы да ән-күйден шашу шашты.

Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназиясының оқушылары, академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы және Silk Way университеттерінің студенттері көрер-мендер назарына «Өртолғау», «Мәскеу дәптерінен», «Сағындырған Саха елі» тақырыптарында дайындалған әдеби-сазды монтаж ұсынды. Аталмыш кітапхананың директоры Шәрбану Дінәсілова қорытынды сөз сөйлеп, кешті ұйымдастырушылардың бәріне өзінің шынайы ризашылық сезімін жет-кізді. Белгілі биші Гули Мухамедова апамыз Абы-лайхан баласымен бірге «Әндіжан полкасын» дөң-гелете билеп, көпшілікті тәнті етті. Тәлім-тәрбиеге толы, қызықты да тартымды өткен кештен жұрт көңілді тарасты.

Әбдісаттар ӘЛІП.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *