ТЕРЕҢӨЗЕККЕ ГАЗ КЕЛЕТІН БОЛДЫ

Қоғам
770 Views

Облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов жұмыс сапарымен Сырдария ауданына барды. Бірнеше ауылдарды аралап, ардагерлермен, кәсіпорын қызметкерлерімен,ауыл тұрғындарымен кездесті. Ауданның әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарынаралап, экономикалық даму барысымен қанықты.

Өңір басшысының ауданға жасаған жұмыс сапары барысында Тереңөзек кентін газдандыру жұмыстарының барысымен де танысып өтті. Кентті табиғи газға қосу 2019-2020 жылдарға жоспарланып, мердігердің техникаларымен материалдары жеткізілген. Ұзындығы 11,5 шақырым болатын жоғарғы қысымдағы газ құбыры мен орта қысымдағы №2, №3, №6 газ тарату пунктерінің құрылысы үстіміздегі жылы жүргізілетін болады. 2020 жылы №1, №4, №5 газ тарату пунктерінің құрылысы жүргізіледі. Қазіргі таңда жоғары қысымдағы 3 шақырым газ құбыры үшін траншея қазылып, құбырлары орнатылуда. Сонымен қатар кентте газ құбырын жүргізу жұмыстарына бақылау жасау мақсатында аудан әкімінің өкімімен арнайы жұмысшы топ құрылып, тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Сонымен қатар облыс әкімі Ақжарма ауылдық округіндегі «Ақжарма и К» қожалығының күріш ақтау зауытының жұмысымен танысып, ауыл ардагерлері-мен кездесті. Әрі қарай, өңір басшысы Сырдария ауданына қарасты бірнеше ауылдық округтар жұмысымен танысты. Атап айтқанда, Шаған ауылдық округіндегі «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының және «Шаған-жер» ЖШС-нің 3 мың бас малға арналған бордақылау алаңын барып көрді.

Нұрбибі ЖҰМАН.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *