«ТІЛ – ТІРЕГІМ, СОҒЫП ТҰРҒАН ЖҮРЕГІМ»

Білім
1 246 Views

Тіл — қоғамның жемісі. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Кез келген ұлттың мақтанышы — тілінің сақталуы. Біздің еліміз анатілін бәрінен жоғары қойғандықтан, бұрыннан құрметтеп, қастерлеп келе жатыр, біз де келер ұрпаққа ана тілінің маңыздылығын насихаттауымыз керек. Осы себептен де қыркүйек айының жиырма төртінші жұлдызы оқу ордамызда Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі атап өтілді.

Мен білім алып жатқан оқу ордасында “Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім” атты іс-шара өткізілді. Бұл үлкен іс-шараға барлық сынып оқушылары, мұғалімдер және ата-аналар да ерекше атсалысты. Осы мерекеде сегіз түрлі ұлт өкілдерінің, атапайтсақ: қазақ, түрік, өзбек, орыс, татар, қырғыз, кәріс, неміс халықтарыныңдәстүрлі әні мен биі көрермендерге көрсетілді, ұлттық тағамдары қазылар алқасынаұсынылды. Өткізілген іс-шарада әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетімен толығырақтаныстық. “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” демекші, оқушыларөздеріне берілген ұлттардың мәдениетін шеберлікпен сомдады, киген киімдері деөздеріне сай болды. Біз өз тілімізді құрметтей отырып, қазақ халқыныңмәдениетіне де тереңірек бойладық. Мың бұралған бишілер ұлттық би билеп,жүрегіміздің төрінен орын алатын әндер шырқалды. Ұлттық тағамдардан сүт, айран,май, ірімшік, құрт, қазы-қарта, жал-жая мерекелік дастарханның сәнін келтірді.

Лицей директоры Ж.А.Мусабаева басқарған әділ-қазылар алқасы өнерлерін ортаға салған 7 «а» сыныбын «Тіл жанашыры», 7 «в» сыныбын «Өрісі кең өнерлі», 8 «а» сыныбын «Күміс көмей әншілер»,

8 «в» сыныбын «Жезтаңдай әншілер», 9 «а» сыныбын «Ұлттық құндылықты сақтаушы», 9 «в» сыныбын «Сахна шеберлері», «Мың бұралған бишілер», 10 «а» сыныбын «Он саусағынан бал тамған», 10 «В» сыныбын «Тілдің туын көтерген» номинацияларымен марапаттады.

Мереке лицей оқушыларына керемет сезім сыйлады. Өнерлі қыздарға қарасаңыз, өзіңіз де солардың орнында болғыңыз келеді. Оқушылар көрермен көңілінен шығу үшін барынша тырысты, басқаларға ерекше көңіл күй тарту етті. Лицей оқушыларына айтарымыз: талаптарыңызға нұр жаусын, бағындырар белестеріңіз арта берсін, өнерлеріңіз өрге жүзсін. Есте қаларлықтай кеш сыйлағандарыңыз үшін №2 “Білім-инновация” қыз балаларға арналған лицей-интернатының дарынды оқушыларына және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Солтанбеков Серік ағай мен Изенова Запура апайымызға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Балжан ЕРМЕКБАЕВА,

Султоной АШРАФОВА,

№2 “Білім-инновация” қыз балаларға арналған лицей-интернатының

10 «а» сынып оқушылары

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *