ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН

Қоғам
812 Views

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысы Ордабасы ауданында жыл басынан бері жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлермен шағын несие ұйымдары арқылы 2241 адамға 1 млрд. 314,9 млн. теңге несиеүлестірілді. Нәтижесінде ауданда мал, егін шаруашылығы, сауда, қызмет тауарайналымын ұлғайту, жылыжаймен айналысатын азаматтардың қатары артты.

Жеңілдетілген несие арқылы бастауыш және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарына қолдау білдіріп отырған несие ұйымдарының қатарында «Ырыс» МҚҰ ЖШС, «КазМикроФинанс», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ЖШС, «Төрткүл несие» ШНҰ, «АгроНесиеОрдабасы» ЖШС және «Арнур кередит» несие ұйымы бар.

Айта кетейік, аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков кәсіп ашуға ниетті азаматтарды қолдау үшін несиеге қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берген-ді. Осы тапсырмаға сәйкес, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда.

ТҰҚЫМБАҚТАҒЫ КӨШЕТ САНЫ 10 МИЛЛИОНҒА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

2021 жылыТүркістандағы тұқымбақтағы жалпы көшет саны 10 миллионға жеткізіледі. Осылайшақаланың жасыл белдеуін қалыптастыру жұмыстары жалғасып, отырғызылатын ағашкөшеттерімен толық қамтамасыз етіледі. Бүгінде мұнда күзгі көшет егуге арналған3000 га жерде жер жырту жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысының табиғиресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл аймақ»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағы бүгінде 8650 гектарға жетті.

Аталған жұмыстар жергілікті климатты өзгерту үшін қолдан орман жасау жобасын жүзеге асырған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, жүзеге асып отыр. Қазірде қалада 2-млн-ға жуық жапырақты, көпжылдық ағаш көшеттері жайқалып өсіп тұр. Қала жан-жақтан жасыл желекке оранып, 120 000 шаршы метр жерге қоршау орнатылды. Ұңғыма қазу, су жүйелері жүргізілген. Қаланың іші мен айналасын көгалдандыру жаңарған шаһардың құрылысындағы маңызды мәселелердің бірі.

Биыл да өңірде шаған, терек, қайың, қарағаш, арша, үйеңкі ағаштары отырғызылады. Жаңа аэропорт жолындағы 100 га астам жерге қарағаш, терек, үйеңкі, шаған, боз арша, талшын ағаштары егілген. Сондай-ақ, көше бойына жапондық сафора, сирия розасы мен аморфа сынды экзотикалық өсімдіктер отырғызылды.

ЖҮЗ АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

Жыл басындаТүркістан Облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы үй іргелік жерлерге тамшылатып суаруәдісін енгізуді тапсырған болатын. Осыған сәйкес, Сайрам Ауданында ауқымдыжұмыстар қолға алынды.

Өңір басшысының тапсырмасын жандандыру мақсатында аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ-бағыты аясында, өз кәсіпкерлігін үй іргелік тамшылатып суару әдісіне бағыттаған азаматтарға қаржылай қолдау көрсетуге пәрмен берді.

Жоспар – 200 азаматты нәтижелі жұмыспен қамту. Бүгінде ауданның 11 ауыл округінен 100 азаматқа қаржы бөлініп отыр. Енді мемлекеттік грант алған аудан тұрғындары өз үйлерінің маңына тамшылатып суару жүйесін құрып, егін егу жұмыстарын қолға алауда.

Израиль әдісін қолдану арқылы олар әуелі өздерін жұмыспен қамтыса, екінші бір ұтымды жағы егіншіліктен алған өнімді табыс табу көзіне айналдыруға мүмкіндігі бар.

Бастапқы кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген әрбір азаматқа 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік грант қаражаты ұсынылды. Оның жүзеге асырылуы жауапты сала басшыларының назарында.

Енді тағы 109 азаматтың құжаты комиссия қарауында. Ал бұл іске бірінші болып кіріскен аудан тұрғындары аз күнде алғашқы өнімін алуға дайын.

ШІРКЕЙЛЕРГЕ ҚАРСЫ ДЕЗИНСЕКЦИЯ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы Сырдария өзені бойындағы елдімекен аумақтарына шіркейлерге қарсыдезинсекциялық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде зиянкестер айтырлықтай азайып,жергілікті тұрғындар шіркейден келетін қауіптен арылды. Бұл туралы Өңірліккоммуникациялар қызметінде өткен брифингте Облыстық энергетика және тұрғын-үйкоммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Бахтыбек Убайдин мәлімдеді.

«Сырдария өзені бойы мен Көксарай су реттегіш қоймасы маңындағы елді мекендерде соңғы 3-4 жылда шіркейлердің көбеюі жағдайы орын алған еді. Салдарынан өзенге жақын орналасқан ауыл тұрғындары зардап шеккен. Осыған байланысты облыс әкімдігінің қауылысымен Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ережесі бекітіліп, тиісті шаралар атқарылып келеді. Нәтижесінде мәселе оң шешімін тауып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалды», – деді Б.Тоқбергенұлы.

Бөлім басшысы шіркейлердің көбеюі Көксарай су қоймасы салынған тұстан басталғанын айтты. Су реттегіш жұмысы салдарынан, яғни құлама судың бұрқағы суды оттегіге байытып, шіркейлердің өніп-өсіп, көбеюіне қолайлы жағдай туындаған. Содан 2017 жылы шіркейлердің ошақтарын анықтап, түрлеріне талдау жасап, олардың санын қысқартуға қолдану әдістерін анықтау үшін, облыстық бюджеттен 4,8 млн. теңге қарастырылған.

Өз кезегінде «Special Vehicles (Спец технические средства)» ЖШС-нің өкілі Майра Қалыкова шіркейлерге қарсы күрес жұмыстары ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бұйрығымен бекітілген талаптарға сай атқарылып жатқанын жеткізді.

«Бұл шараларды қолға алу үшін кең көлемде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде шіркейлерді залалсыздандырудың екі әдісі тиімді екені белгілі болды. Бірінші Көксарай су реттегіш бас торапынан және канал басынан, шіркейлердің дернәсілдерін жоюға құрамында Bacillus thuringiensis бактериялары бар биологиялық препараттарды суға жіберу әдісі. Екінші қанаттанған шіркейлерді жоюға инсектицитты аэрозолдарымен жер бетін бүркіп суармалау жұмыстарын жүргізу. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінің тиімділігі 80-95% құрады. Бұл жұмыстар жалғасын табады», – деді М.Жұмаханқызы.

Жалпы шіркейлердің дернәсілдерін жоюға 8 рет барлығы 96 тонна «Бактицид» биологиялық препарат пайдаланылған. Іс шараға дезинсекция жүргізуші жеке әріптес «Дезинсекция Сардар» ЖШС-нің 25 жұмысшысы, 6 көлікпен 2 моторлық қайықтар жұмылдырылды. Сондай-ақ, Сырдария өзенінің екі бет жағалауына барлығы 460 шақырым ені 100 метр аумақта жер бетін құрамында 25% химиялық препаратымен өндеу жүргізілген.

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ КҮТІП-БАПТАУ ҮШІН КӘСІБИ МАМАНДАРДЫ ТАРТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Жасыл желектіңтамыр жайып, жерсінуі үшін бау баптаған бағбанның «қолы» қажет. Әйтпесе, төккентер еш кетеді. Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын кезекті рет аралағаноблыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осылай деді.

«Түркістанның тынысына айналған жасыл алқапты арнайы мамандардың «қолына» тапсыру керек. Орман қорын баптайтын бағбандардан топ құрылсын. Көзбояушылық үшін ағаш егудің қажеті жоқ. Егілген екен, соны өсіргенше барыңды сал, еңбек ет. Қолыңнан келмей ме, маманына тапсыр. Отырғызылған көшеттерге күтіп жасап, қуратпай, өсіріп алу керек. Әйтпесе, төккен тер еш кетеді», – деді облыс әкімі.

Түркістан қаласында көгалдандыру мен орман қорларын толықтыруға ерекше көңіл бөлініп, жасыл желекті аумақтар кеңейген. Биыл көктемде отырғызылған орман дақылдары жайқалып өсті. Жаңа аэропорт жолындағы 100 га астам жерге қарағаш, терек, үйеңкі, шаған, боз арша, талшын ағаштары егілген. Сондай-ақ, көше бойына жапондық сафора, сирия розасы мен аморфа отырғызылды.

Қаладағы әкімшілік-іскерлік орталығы 100 мыңға жуық көшетпен қоршалды. Рекреациялық аймақтың жасыл белдеуі 27,2 га алқапқа, Бірлік ауылынан Қарашық өзеніне дейін 44 га алқапта көшеттер отырғызылған. Сонымен қатар Түркістан-Қызылорда тас жолы Баян ауыл жасыл белдеу 6 га алқапта тоғыз мың терек егілді. Және Түркістан – Кентау тас жолының бойындағы 80 га жерде «Жасыл белдеу» құрылған.

Экологтардың мәлімдеуінше, жаңа отырғызылған көшеттердің жерсінбеуі жиі кездеседі. Бұл әр аймақтың ауа-райына, топырағы мен суы, экологиясына тікелей байланысты жағдай. 2019 жылы күзде және биыл көктемде отырғызылған ағаш көшеттерінің қурағандарының орнына күзгі түгендеуден кейін қайта көшет отырғызылады.

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫ ТАЛАП ЕТТІ

Қыркүйек-қарашаайлары аралығында Түркістан қаласында 15 нысанды пайдалануға тапсыру көзделген.Олардың 11-і әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан. Түркістан облысыныңәкімі қала нысандарын аралау кезінде жауапты басшыларға жоспарланған жұмыстардыширатуды тапсырып, нәтижелі жұмысты талап етті. Әрі жұмыстарды мерзімге сәйкесжүргізуге байланысты тапсырмалар жүктеді.

Аймақ басшысы аралап көрген Басқармалар ғимараты, Департаменттер ғимараты, Конгресс орталығы, Нұр-Сұлтан алаңы, Оқушылар сарайы, стадион, Цифрлық кеңсе нысандарында құрылыс аяқталуға таяған. Жиһаздары қойылып, сыртқы абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Рухани-мәдени орталығындағы 4 нысанның құрылыс жұмыстары да аяқталуға жақын.

Драма театрда сыртқы және ішкі әрлеу, инженерлік желілерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда, нысан құрылысында 150 жұмысшы бар. Мәдени ошақтың жиһаздары жасақталып, заманауи театрлық құралдары орна-тылады. Сонымен қатар Тұңғыш Президент саябағы, Н.Назарбаев аллеясы, Х.А.Яссауи мен Рәбия Сұлтан Бегім кесенелерін қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Мәдени-рухани орталығының инженерлік инфрақұрылымының құры-лысында абаттандыру, скверлер салып, көшелер төселген. Әзірет Сұлтан қорық мұражайының аумағын абаттандыру, Күлтөбе көне қонысының тарихи орындарын қалпына келтіру, қолөнер шеберлер орталығы, бульвар, желілік саябақ және дендросаябақ нысандары бойынша қарқынды құрылыс жұмыстар жүргізілуде.

«RixosTurkestan» және Хэмптон қонақ үй кешендерінің қасбеті қаланып, айналасын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Екі ауысымды жұмыс ұйымдастырылған.

ҮШ АЙДА 10 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Мамыр айынанбастап Түркістан облысында 460 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Жұмыспенқамту орталығы екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарға көмектесуге дайын.«Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде қолға алынған жоба аясында 11 мыңнанастам жаңа жұмыс орны ашылған. Нәтижесінде 10 313 адам еңбекпен қамтылды. Еңтөменгі жалақы – 85 мың теңге. Ең көп жұмыс орындары – құрылыс саласында.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жұмыспен қамту орталықтары арқылы бос жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру қарастырылған. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, халықтың табысын арттыру.

Жыл соңына дейін Түркістан қаласының өзінде 48 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асады. Олардың басым бөлігі қалаға ауыз су, газ, электр жүйелерін тартуға бағытталған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудан, қалаларда орналасқан 100-ге жуық мектепте санитарлық тораптар ретке келтіріледі. 100 шақырымдай жол жөнделіп, мемлекеттік және әлеуметтік мекемелердің ғимараттарында пандустар орнатылады.

Карантин кезінде жұмыс берушілер тарапынан қажетті санитарлық–эпидемиологиялық талаптар сақталып, қызметкерлер жеке қауіпсіздік құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында 24 925 уақытша жұмыс орындары мен 2000-нан астам тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарланған.

КЕНТАУҒА ТАБИҒИ ГАЗ ТОЛЫҚ ЖЕТЕДІ

Түркістан облысы, Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс бірнеше кезеңмен жүзеге асуда. Кеншілер қаласын газдандыру жұмыстарына облыс әкімі ерекше назар аударып келеді. Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен арнайы жұмыс жоспары бекітіліп, қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгінде шаһардағы 10 көпқабатты тұрғын үй мен 800 жеке тұрғын үйлерге газ құбырын тартылуда. Жоғарғы қысымды газ құбыры қала мен Ескі Иқан ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша казіргі таңда мердігер тарапынан құжаттар өткізіліп жатыр. Былтыр мұнда бірнеше мердігер мекеме құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізген.

Кентау қаласына қарасты Шаға, 30 жылдық Қазақстан, Бершінтөбе, Шоқтас, Ибата, Ойық елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы арқылы жүргізілуде. Сонымен қатар құрылысы жүргізіліп жатқан 10 көпқабатты тұрғын үйге газ жүйесі тартылып жатыр. Алдағы уақытта қосымша 40 көпқабатты тұрғын үйді жылу қазандығы орнатылады.

Түркістан облысында биыл 154 мың тұрғын табиғи газбен қамтылады. Былтыр өңірдің 1,1 млн. халқы немесе 57%-ы табиғи газбен қамтылса, ағымдағы жылы 1,2 млн тұрғын немесе облыстың 64%-ы табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. 3 жылдық іс-шара жоспары бойынша, қосымша 92 елді мекен немесе 49 мың халықты табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланған.

Бетті дайындаған Зерек МҰРАТБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *