ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ТОСЫНСЫЙ ЖАСАДЫ

Спорт Қоғам
945 Views

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті қасиетті қалам мен мәртебелі микрофон ұстағанжандарға тосынсый жасады. Олар 28 маусымда атап өтілетін – Байланыс жәнебұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арнапжурналистер арасында өрт сөндіру-құтқару шаралары бойынша Квест жарысын ұйымдастырды.Бәсекеге «Әділет. Рухани жаңғыру», «Рабат» газеттері, NAR tv, «Оңтүстік»,«Отырар», «Хабар-24» телеарналары қатысты. Журналистер өртсөндіру-құтқарушылардың киімін кию, тұрғын үйдің екінші қабатына сатыменөрмелеп шығу, су шашатын шлангаларды жылдам жалғау бойынша өзара сынға түсті.

Ашылу салтанатында аталмыш департаменттің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Бекболатұлы Дербісов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәт сапар тіледі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, командалар бәсекені бастап та кетті.

Әр ұжымның құрамында үш адамнан (екі ұл, бір қыз) болды. Алғашқы сынға 1 минут 41,95 секунд уақыт жұмсаған «Рабат» газеті жеңімпаз атанды. 1 минут 52,62 секунд уақыт көрсеткен «Хабар-24» телеарнасы екінші орынды еншіледі. 2 минут 04,32 секунд уақытпен «Отырар» телеарнасы үздік үштікке ілікті.

Екінші сында да «рабаттықтар» (10,84 секунд) алдарына жан салмады. NAR tv телеарнасы (14,23) екінші орынды еншіледі. «Оңтүстік» телеарнасы (14,49) үшінші орынды иеленді.

Үшінші сында NAR tv телеарнасы (22,75) асқан жылдамдық танытты. «Хабар-24» телеарнасы (24,05) екінші, «Оңтүстік» телеарнасы (33,66) үшінші орындарға табан тіреді.

Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алған NAR tv телеарнасына Диплом, Кубок, түрлі-түсті теледидар тарту етілді. Екінші орынды еншілеген «Хабар-24» телеарнасына қысқа толқынды пеш, үшінші орынға іліккен «Рабат» газетіне жеміс шырынын сыққыш сыйлыққа берілді. Ынталандыру сыйлығын иеленген – «Оңтүстік» телеарнасына планшет, «Отырар» телеарнасына кофеұнтақтағыш, «Әділет. Рухани жаңғыру» газетіне қабырға сағаты тарту етілді.

«Әділет — ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *