ШЫМКЕНТТЕ МОБИЛЬДІ БРИГАДАЛАР САНЫ 200-ГЕ ЖУЫҚТАДЫ

Денсаулық Қоғам
479 Views

Елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде әкімшілік тапсырмасымен емханалары жанынантәулік бойы жұмыс істейтін 58 мобильді топ құрылған болатын. Азаматтардыңқауіпсіздігін ескере отырып, мобильді бригадалар санын әлі де арттыру қажет.Сол себепті, олардың саны бүгінде 197-ге жетті. Бұл туралы Шымкент қаласыныңденсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзиловақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

«Шымкент қаласындағы емханалар жанында бұған дейін 58 мобильді топ жұмыс істеп келгенболса, бүгінде оның саны 197 жетті. Олармен 16-мыңға жуық науқасқа үйгеарналған станционарлық қызмет көрсетілген. Сонымен бірге 45 мың пациенткемобильді бригада қызметі арқылы үйлеріне дәрі-дәрмек жеткізілді. Атқарылғанжұмыстар қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына өз әсерін тигізді.Нақтырақ айтқанда, жедел жәрдем көмегін шақыртушылар саны күніне 38 пайызғаазайды», – деді Т. Варзилов.

Сондай-ақ брифингте салаға жауаптылар стационарларда ем алушы науқастардың саны күрт төмендегенін мәлімдеді. Соңғы он күннің ішінде науқастар саны 2882-ден 1240-қа дейін азайған. Нәтижесінде станционарлардағы төсек орынның жүктемесі 78,7 пайыздан 33 пайызға дейін кеміп отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *