ШЫМКЕНТ – АҚЫЛДЫ ҚАЛА

Экономика Қоғам
917 Views

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Айдос Бақытжанұлы Оспановтың 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында цифрландыру бойынша атқарған жұмыстарымен танысып, Шымкент қаласы бойынша цифрландырудың пайыздықкөрсеткіші, алдағы жоспарлармен саланың түйткілді мәселелері жайында біліп қайттық.

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының атқарған жұмыстар туралы айтқан басқарма басшысы ең алдымен «Ақылды күнбағыс» жобасына тоқталды. “Ақылды күнбағыс” – панельдер арқылы күн көзінен аккумуляторға қуат жинайды. Жиналған қуат ұялы телефондарды, планшеттерді қуаттауға, жарықтандыру шамдарын жағуға, танымдық кешен құрылғысын іске қосуға жұмсалады. Сонымен қатар келушілер үшін тегін WI-FI таратады. «Ақылды күнбағыс» кешені Шымкентте 20 жерге орнатылды: Тәуелсіздік саябағы – 6, Орталық саябақ – 3, Металлург саябағы – 3, Жеңіс саябағы – 3, Дендросаябағы – 3, Қошқар ата – 2.

КЕЛЕСІ «109» ЖЕДЕЛ ДЕН ҚОЮ ҚЫЗМЕТІ» ЖОБАСЫ

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасымен ағымдағы жылы азаматтардың өмір сүру және қызмет көрсету сапасының деңгейін арттыру, жүйелі мәселелерін шешу және жайлы тұруды қамтамасыз ету үшін «109» бірыңғай байланыс орталығы ашылады. Бұл байланыс орталығы ТКШ, денсаулық сақтау қоғамдық көлік, көшелерді тазалау, жол қозғалысы және қала әкімдіктерінің жұмыстары мәселелеріне жауап беретін болады. Контентті бағдарламалық қамтамасыз ету орталық қала әкімінің және оның тұрғындар өтініштерінің орындалуына онлайн бақылау жүргізуге, басшылардың рейтингісін, жүйелі проблемалардың рейтингін, оқыс оқиғалар бойынша статус-есепті құруға мүмкіндік береді.

ҚАЛАМЫЗДА МОБИЛДІ ҚОСЫМШАЛАР АРҚЫЛЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫН БАҚЫЛАУ (2 ГИС) ЖОБАСЫ БАР ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?

«Қоғамдық көліктерде электрондық билет беру жүйесін енгізу» жобасы бойынша Шымкент қаласының цифрландыру басқармасымен 2019 жылы «ЯндексТранспорт» және «2GIS» мобильді қосымшалары арқылы тұрғындарға жолаушылар көлігінің қозғалысын бақылау мүмкіндігі енгізілген.

Пандемия уақытында да цифрландыру жұмыстары ауқымды болып тұр. Атап айтсақ, блокпосттарды байланыс арнасымен қамтамасыз ету оң шешім болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығымен Республиканың барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыз бен 2020 жылғы 15 сәуір аралығында кезеңінде төтенше жағдай енгізілді.

Төтенше жағдайдың қолданысы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №306 Жарлығымен 2020 жылғы 1 мамырға дейін, ал 2020 жылғы 29 сәуірдегі №310 Жарлығымен 2020 жылғы 11 мамырға дейін ұзартылды.

Осыған байланысты, Шымкент қаласы аумағына кіріп-шығатын 18 блокпост бекітілді. Оның 15-де онлайн мониторинг жүргізу үшін «Сергек» камералары орнатылды. Камералардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жергілікті провайдерлерімен байланыс арнасы жүргізілді.

Енді жүзеге асу сатысындағы жобаларға тоқталсақ, оның ең алғашқысы Денсаулық сақтау саласының ахуалдық картасы («COVID-19» және басқа індеттер).

Елдегі төтенше жағдайға байланысты қала аумағында «Медициналық ахуалдық картасы» ақпараттық жүйенің енгізудің мақсаты аурулардың таралуын тиімді жоспарлауды, бақылауды қамтамасыз ету, басшылыққа сенімді деректерді ұсыну жылдамдығын арттыру және басқару шешімдерін қабылдау құралдарымен қамтамасыз ету үшін әртүрлі көздерден келіп түсетін деректерді мониторингілеу және талдау болып табылады.

Күтілетін нәтижелер төмендегідей:

— Ішкі және сыртқы ақпараттық жүйелерден деректер жинау және бірыңғай деректер базасын құру;

— субъектілер/объектілер бойынша деректер базасын жүргізу және оларды қала картасына салу;

— аналитикалық және статистикалық есептерді генерациялау;

— деректерді визуализациялау;

— ақпаратты ұсыну жеделдігін арттыру.

БЕЙНЕКОНФЕРЕНЦИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС (TRUE CONF)

Төтенше жағдайдың қолданысы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №306 Жарлығымен 2020 жылғы 1 мамырға дейін, ал 2020 жылғы 29 сәуірдегі №310 Жарлығымен 2020 жылғы 11 мамырға дейін ұзартылды.

Әкімдіктің аппараттық мәжілістерін өткізу кезінде санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қала әкімінің тапсырмасымен мәжілістер бейнеконференц байланысы режиміне ауыстырылды.

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасымен бейнеконференц байланысына қажетті серверлік және басқа да құрал-жабдықтар алынып, қала әкімі, аудан әкімдері аппараттары және басқармалардағы компьютерлер мен планшеттерге бағдарламалық қамтылым орнатылды.

Қол жеткізілетін нәтижелер:

— Қала әкімдігінің аппараттық мәжілістерін 100% бейнеконференц байланыс режиміне ауыстыру;

— Қала әкімі, аудан әкімдері аппараттары, басқармалардағы бірінші басшылардың планшеттеріне бағдарламаны 100% орнату;

— Бейнеконференц байланыс режиміндегі мәжіліске бір мезгілде 40 пайдаланушының қатысуын қамтамасыз ету.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасындағы жергілікті атқарушы органдарға жүктелген басты нысаналы индикатор – цифрлық сауаттылықты арттыру. 2020 жылдың нысаналы индикаторы – 80% (13,0 мың адам). Қойылған міндет 100% орындалатын болады.

Мемлекеттік бағдарламадағы «Цифрлық мемлекетке көшу» төртінші бағытымен 2020 жылы «Ақылды» қалалардың жаһандық рейтингісіне Қазақстанның 3 қаласының енуі көзделген, оның бірі – Шымкент қаласы.

Ал, «Ақылды» қалаларды құруға әдістемелік ұсынымдарда (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі №152/НҚ бұйрығымен бекітілген) өмір сүрудің келесі 11 саласын цифрландыру міндеті қойылған.

НЕГІЗГІ САЛАЛАР

— денсаулық сақтау

— білім беру

— коммуналдық шаруашылық

— көлік

— қауіпсіздік

— әлеуметтік қамту

ҚОСЫМША САЛАЛАР

— экология

— бизнес және туризм

— қаланы басқару

— құрылыс

— АКТ саласы

Көрсетілген бағыттар бойынша жобалар салалық басқармалармен іске асырылуда. Атап айтқанда:

Денсаулық сақтау саласында 2 жоба: («103 – Жедел медициналық қызметін жаңғырту», «Кешенді медициналық ақпараттық жүйені енгізу») МЖӘ аясында іске асырылуда.

Білім саласында 1 жоба («Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметін автоматтандыру») іске асырылды. Атап айтқанда, college.snation.kz порталы іске қосылды және 8 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.

Көлік саласында қазіргі таңда жобаны іске асыратын оператор анықталып, қызмет көрсетуші 25 тасымалдаушының барлығымен келісімшарт жасалынды.

Сонымен қатар қазіргі таңда «Әлеуметтік ID карта» жобасы іске асуда. Жоба бойынша картаның қолданысқа енуі үшін тиісті санаттағы азаматтар ақпараттық жүйеге енгізілуі қажет. Бүгінгі күнге 220 мың мектеп оқушыларының, 23 мың студенттердің деректері жинақталды. Ал, 82 мың студенттер (ілгерідегі жастар басқармасы) мен 14,5 мың әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың (Жұмыспен қамту басқармасы) суреттерін жинақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында «Ақылды көшені жарықтандыру» жобасы бойынша мемлекеттік жекешелік әріптестік шеңберінде жұмыстар пысықталу сатысында.

Шымкент қаласының әкімдігімен ұсынылатын қызметтер саны – 160. Оның ішінде Тізілім бойынша электрондық үкіметтің порталы арқылы автоматтандырылғандары – 133, электронды өтінім беру бөлімі арқылы (egov-электронное обращение) автоматтандырылғандары – 6, қағаз түрінде ұсынылатын қызметтердің ішінен Шымкент қаласының әкімдігімен автоматтандырылғаны – 2 қызмет, барлығы 141 қызмет түрі (88,1%) автоматтандырылған

2020 жылы Шымкент қаласының әкімдігімен ұсынылатын қызметтердің 90% автоматтандырылатын болады.

Оның ішінде, білім басқармасымен ұсынылатын 10 қызмет (2-уі жетім балалар мәселесі) түрі (нәтижесінде басқармамен ұсынылатын 34 қызметтің барлығы), спорт басқармасымен ұсынылатын спорт мектептеріне құжаттар қабылдауға қатысты 2 қызмет түрі, жер қатынастары басқармасымен ұсынылатын 9 қызмет түрі автоматтандырылатын болады.

«Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетеміз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Цифрландыру дегеніміз – Қазақстанның озық ел атану жо­лындағы мақсаты емес, құралы. Бәсекеге қабілетті болу, өсім­ді өнім өндіруді арттыру, міне, осы – мақсат» деген бо­ла­тын Елбасы өзінің Жолдауында. Осылайша еліміздің шаһарлары технологиялық өркендеуге бірден көшкен болатын. Осы процессте Шымкенттің ақылды қала атанып, цифрлану бойынша жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізу сөзсіз маңызды. Миллион тұрғыны бар Шымкент мол халыққа қолжетімді, оңтайланған орта құру міндетін орындайды. Осылайша барлық салада «Цифрлы Қазақстан» жобасы негізінде даму мен жаңашылдыққа ұмтылу оң қадам, маңызды шара болып қала бермек.

Гүлнұр БАЙДУЛЛАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *