ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ ОРТАЛЫҒЫ 2019 ЖЫЛДА 6362 АЗАМАТТЫ ҚАБЫЛДАҒАН

Қоғам Құқық
990 Views

2018 жылғы тамыз айының тоғызынан бастап Шымкент қаласы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында құқықтық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау жүзеге асырылуда.

Осы мерзім ішінде, орталыққа 6362 азамат келіп, оның үш мыңнан астамын прокурорлар жеке қабылдаған.

Қорғаушылардың ақысыз қызметтерін 1200-ден астам адам пайдаланса, медиаторлар 900-ден жоғары азаматқа кеңес беріп, 25 медиативтік келісім жасалған. Әкімдік қызметкерлерімен 700, ал әділет департаменті қызметкерлерімен 562 адам қабылдаған.

Орталық қызметінің тиімділігін – қала тұрғандарының прокуратура басшылығына арналған алғыс хаттары мен пікірлері дәлелдейді.

Мысалы, Ә.Атабаевтардың төрт баласына қорғаншылық рәсімделіп, оларды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан үйіне қайтаруға, өндірістік жарақат алған М.Айткуловқа үшінші, Б.Қожамқұловқа екінші топтағы мүгедектік тағайындалып, әлеуметтік жәрдемақы алуға, екі жыл бойына өзіне тиісті емдік-сауықтыру алмаған екінші топтағы мүгедек А.Тоқбергеновке «Сарыағаш» шипажайына жолдама алуға ықпал жасалды. Сонымен бірге, Орталықта Әділет Департаменті мен жеке сот орындаушылардың қатысуымен алимент өндіру мәселелеріне қатысты «Ашық есіктер күні» акциясы тоқсан сайын өткізіліп, өткен мерзім ішінде 218 адам қатысқан.

Мағыналас шара кәсіпкерлерді толғандырып жүрген мәселелер бойынша Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп түрлі акциялар, «Медиация – дауды шешудің тиімді жолы» атты қоғамдық қабылдаулар да ұйымдастырылуда.

Орталықта әр аптаның сейсенбі күндері бекітілген кесте бойынша аудан прокурорлары, аудан әкімінің және аудандық ІІБ басшыларының қатысуымен жеке қабылдаулар өткізілді.

Қала тұрғындары үшін тағы бір жағымды жаңалық – 2020 жылдан бастап әр айдың соңғы аптасының бейсенбі күні қала прокурорының және қалалық ІІД-нің, Әділет, Мемлекеттік кірістер Департаменті басшыларының жеке қабылдаулары өтетін болады.

Орталықтың негізгі қызметі – түйіні тарқамаған күрделі мәселелерді анықтау мақсатында азаматтарды кедергісіз қабылдап, оларға ашық, жариялы түрде көмек көрсетіп, адам құқығының жедел түрде қорғалуын қамтамасыз ету.

Шымкент қаласының прокуратурасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *