ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СОТТАР ӘКІМШІСІНІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қоғам
1 179 Views

Жоғарғы Сот Аппараты басшысының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов Шымкент қаласы соттарының ұжымынаСоттар әкімшісінің жаңа басшысы Берік Мейірхановты таныстырды.

Н.Байтілесов пен қалалық соттың төрағасы Е.Рахымбеков Б.Мейірхановтың сот жүйесіндегі кәсібилігін, жеке қасиеттерін, білімі мен жұмыстәжірибесіне тоқталып, оның кадрлық және материалдық-техникалық жабдықтаужұмыстарының сапасын жақсарту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді.

Департамент басшысының орынбасары Нұрсұлтан Төленұлы Шымкент қаласының мамандандырылған экономикалық, әкімшілік және қылмыстық соттарына барып, сот ұжымымен кездесіп, Жоғарғы Соттың тарапынан сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, сот ісін жүргізуде цифрлық технологияларды кеңінен қолдану және азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы жан-жақты айтып берді.

Сондай-ақ, осы күні Н.Байтілесов Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновпен кездесіп, жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс шеңберінде ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жұмысқа кірісетін арнайы мамандандырылған сотқа ғимарат беру мәселесі жөнінде өзара келісімге келді. Сонымен қатар, сот қызметкерлерін тұрғын үймен және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды.

Мейірханов Берік Талғарбекұлы 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2008 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын және 2017 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тағы Бостон университетін бітірген. Оның сот жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жылдан асады. Бұған дейін ол, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің азаматтық істер жөніндегі сот алқасының хатшылығы судьялардың консультанттары тобының бас консультанты қызметін атқарған.

Қабыл ДҮЙСЕНБИ,

Шымкент қалалық сотының баспасөз хатшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *