ЭКОЛОГИЯДА ЖАҢА БАСШЫ

Билік
1 125 Views

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Түркістан облысы бойынша Экология департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Бұған дейін аталған департаментті И.Түймебаев басқарған болатын. Ол 2020 жылдың соңында өз еркімен қызметінен босатылған.

Бұл лауазымға ҚР Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия келісімімен Уәлихан Анарбайұлы Қайназаров келді.

Уәлихан Анарбайұлы – Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметтерді абыроймен атқарған азамат. 2016-2021 жылдары ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты болды. «Құрмет» орденінің иегері болып табылады.

Республикалық «Әділет.Рухани жаңғыру» қоғамдық-саяси газеті Уәлихан Анарбайұлы Қайназаровты жаңа қызметімен құттықтап, алдағы атқарылатын жұмыстарына сәттілік тілейді. Еңселі еңбегі жемісті болғай!

«Әділет-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *