«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ, ҚАЙЫРЫМЫН ӨЗІҢ КӨРЕСІҢ»

Құқық
1 111 Views

Осындай игі шаралардың өтуіне Шымкент қалалық №1 пробациялық қызмет көрсету бөлімінің инспекторлары Кәрібек Айтөреев, Дәуренбек Орынбеков және Сүйіндік Қазыбектер де белсене атсалысуда. Қаратау ауданына қарасты демеушілер әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды азық-түлікпен, киімдермен қамтамасыз етіп қол ұштарын созуда. Нақтылай кетсек, №3пробация бөлімінің инспекторы, аға лейтенант Кәрібек Бағдәулетұлының есебінде тұратын 1978 жылы туылған Қайрат Қуантаевтың балаларын киіммен қамтамасыз етсе, әділет аға лейтенанты Дәуренбек Шерниязұлы өз есебінде тұратын 40 сотты болған азаматтардың ішінен тұрмыс жағдайы төмен Жандос Сауырбаевтың отбасына азық-түлік жағынан көмек берген. Сонымен қатар білім алып, белгілі бір маман иесі болғым келеді деп ұсыныс берген Үмбетәлі Ауғанбаевты жұмыспен қамту орталығына тіркеуге қойған.

Өз тарапынан әлеуметтік жағдайы бойынша төмен отбасылар есебінде тұратын Тұрмахан Айбектің үйіне де азық-түлік жеткізіп, сауапты іс жасап отырған №1 пробациялық қызметінің тағы бір қызметкері – Сүйіндік Қазыбек.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген нақылды нық ұстанған осындай азаматтарымыздың жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық тілейміз.

Өз тілшімізден.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *