ҚАМҚОРЛЫҚТЫ СЕЗІНУ – БІР ҒАНИБЕТ

Білім
595 Views

Қазіргідей карантин кезінде жоғары оқу орындарының профессор-оқытушыларына студенттерге терең білім беру оңайға түсіп жатқан жоқ.Соған қарамастан оқытудың озық технологияларын қолдануға талпыныс жасапжатырмыз. Бұл орайда университет басшылығына, әсіресе, оқу ордамыздың басшысы,ректор, Қазақстан ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор ЕрланБәтташұлы Сыдықовтың шынайы қамқорлығы мен жанашырлығын, ерекше ұйымдастырушылықталантын сезінудеміз.

Бүгінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі профессор-оқытушылардың жаңашылдықпен жұмыс істеуіне мол мүмкіндіктер жасалуда. Әсіресе біліктілігімізді арттыру мақсатында әртүрлі онлайн-курстар оқу ордамыздың есебінен жүргізіліп жатқанына ерекше ризамыз. Сонымен қатар біздің педагог-оқытушылардың республикалық конкурстарына қатысуымызға шынайы қолдау білдіріп, ынталандырып отырады. Мысалы мен өткен жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсына қатысып, үздіктер қатарынан көрінуіме мүмкіндік жасап, қолдау көрсеткен университет басшылығына, факультетіміздің деканына ризашылығымды білдіргім келеді.

Сондай-ақ, оқу ісі жөніндегі проректор Еркін Әнуарұлы Оңғарбаевтың басшылық іскерлігі де бізді тәнті етуде. Ол кісі әрқашан алдағыны болжап, жаңашылдық танытуда.

Университет ақылы Scopus, Web of Science базаларына тегін кіруге мүмкіндік жасап отыр. Хайтек жобасын жүзеге асыруға қыруар институционалды қолдау көрсетіп, жоғары оқу орнын жаңа технологиялар арқылы модернизациялауға арналған заманауи жобаларды жүзеге асыруда. Әсіресе оқытушылардың инновациялық технологиялар арқылы оқу курстарынан өтуіне орайластырып инновациялық технологиялар орталығы құрылған. Сондай-ақ, оқытудың үш белсенді сыныптары ұйымдастырылған. Цифрлық буындарды тәрбиелеп шығару үшін арнайы концепция жасалып, цифрлық бейімделу ісі жолға қойылды. Ол Қазақстанның жоғары оқу орындарына таратылған.

Төл университетіміздің осыншама қамқорлығына бөлене отырып, әрбір профессор-оқытушы студенттерге, магистранттар мен докторанттарға сапалы білім беруге зор ынтамен кірісуде. Оқу ордамыз алдағы уақытта бұдан да биік белестерге көтерілетініне сенімдіміз.

Гүлмира АБИЛДИНОВА,

ЕҰУ-нің доценті міндетін атқарушы, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *