ҚАРАТАУ АУДАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Сұхбат
680 Views

Қаратау Шымкент қаласындағы төртінші алып аудан болып құрылған еді. Облыстың құрметті азаматы, белгілі қаламгер Мархабат Байғұт «Қаратау» атауынбылайша түсіндіреді: «Қаратау деген – ол барлық атаулардан биік, барлықатаулардан көне, барлық атаулардан тарихи атау. Қаратау дейтін атау – олқазақтың тағдыры, ұлттың тағдыры. Қаратау – ол біздің тарихымыз. Қаратау – қарашаңырағымыз біздің. Қаратау деген атау, шынын айтқанда, біздің үлкен облысымыз Оңтүстік Қазақстанда жоқ екен».

Ауданның қазіргі әкімі Абзал Шымкент-байұлы Әліқұлов 1972 жылы 19 маусымда қазіргі Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін және Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетін экономист-менеджер және заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы ОҚО Шардара ауданында статист болып бастаған; 1997-2007 жылдары ОҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментте жауапты және басшы лауазымдарында әскери қызметте, офицерлік құрамда қызмет еткен; 2007-2008 жылдары Шымкент қалалық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бөлім меңгерушісінің орынбасары, ОҚО Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған; 2008-2012 жылдары Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болған; 2012-2019 жылдары Арыс қаласы әкімінің орынбасары, ОҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Облыс әкімінің бас инспекторы, Түркістан облысының Энергетика және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы болып қызмет істеген. Осылайша іскер азамат бүгінгі күні миллионер қаланың дамуы мен көркеюіне өзіндік үлес қосып келе жатқан Қаратау ауданының әкімі ретінде де бірталай тындырымды тірліктермен көзге түсуде.

– «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында ағымдағы жылы Қаратау ауданында қандай іс-шаралар атқарылды?

– Еліміздің қарқынды дамуы мен өркендеуі жолында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларын аудан аумағында кеңінен насихаттау бойынша біздің елімізде ғана емес, әлемде орын алып жатқан «COVID-19» пандемиясына қарамастан біршама жұмыстар атқарылды. Аудан аумағындағы жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру және де шалғай елді мекендерді абаттандыру мақсатында «Samruk-Kazyna Taust» КҚ мекемесінің демеушілігімен «Қайнарбұлақ» тұрғын алабы мен «Мирас» шағынауданына әмбебап балалар ойын алаңы, спорттық жаттығу тренажерлары мен ашық спорт алаңы орнатылды.

Сонымен қатар аудан әкімдігінің қолдауымен ауданымыздағы демеушілер тарапынан әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету жұмыстары да тұрақты түрде атқарылуда.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларын аудан аумағында кеңінен насихаттау бойынша ауданымызда жұмысшы топ бекітіліп, жұмыс жоспары нақтыланған. Жұмыс кестесіне сәйкес, бірқатар кездесулер ұйымдастырылып, барлық атқарылған іс-шаралар аудан әкімдігінің ресми парақшараларында тұрақты түрде жариялануда.

– Қаратау ауданында цифрландыру жағдайы қалай қолға алынған?

– Цифрландыру жұмыстары кезеңімен жүйелі қалыптасып келеді. Жалпы жұмыс барысын жүйелеу мақсатында кеңінен қолдану көзделіп отыр. Бүгінде әкімдік қызметкерлерінің құжаттарын «Е-қызмет» жүйесінде тіркеу, аппарат қызметкерлерінің жұмыс барысында электронды планшеттер қолдануы, күнделікті хат алмасудың электронды жүйеде өткізілуі, әкімдік ғимаратына қызметкерлердің кіріп-шығуы арнайы скуд-картасы арқылы жүргізілуі және т.б. атап өтуге болады.

Сонымен бірге «Ашық әкімдік» жобасы аясында арнайы өз-өзіне қызмет көрсету алаңдары да халықтың цифрландыру саласында сауатының кеңеюіне өз үлесін қосып отыр. Сондай-ақ, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қазіргі таңда аудан тұрғындарын қабылдау жұмыстары да онлайн жүйесінде өткізілуде.

– Қаратау ауданының 2020 жылдың 6 айында атқарған істерінің қорытындысы жайлы тоқталып өтсеңіз?

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында ағымдағы жылы жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды. Оның ішінде ауданның инфрақұрылым, коммуналдық-шаруашылық саласында ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Жалпы аудан аумағында 24 елді мекен орналасқан. Бүгінде ауданда 247 мыңнан астам халық тұруда.

Осы орайда, ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталсақ.

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Аудан бойынша 47 202 жеке тұрғын үй болса, оның 37 511 яғни, 79,5% тұрғын үй тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтылса, 5 211 тұрғын үй, 11,2% – кесте бойынша, ал тасымал сумен қамтылғаны 4 431 үй, бұл – 9,3% құрайды.

Қазіргі уақытта, «Достық», «Тұран» шағынаудандары мен «Сайрам», «Тассай» тұрғын алаптарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары атқарылуда. Нысандарды тапсыру мерзімі 2020 жылдың соңы.

Сонымен қатар, «Асар-2», «Азат» шағынаудандарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары басталды.

«Достық» тұрғын алабын ауыз сумен қамту мақсатында ЖСҚ құжаты әзірленді.

ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТУ

Аудан аумағында жалпы – 47 202 тұрғын үй қоныстанған болса, оның 38 142 үй, яғни (80,8%) – қалалық энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы мен «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің балансындағы, ал, 9 060 үй (19,2%) жекеменшіктегі электр трансформаторлары арқылы электр жарығын пайдалануда.

«Таскен» тұрғын алабының ескі электр жүйелері «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасы аясында жаңартылуда.

Сонымен қатар «Асар-2», «Достық» шағынаудандары мен «Тассай» тұрғын алабын сапалы электр жарығымен қамту құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Қазіргі уақытта «Азат» шағынауданының «Жаңақұрылыс» аумағы мен «Қайтпас» шағынауданының жекеменшіктен электр жарығын пайдаланып отырған аумақтарын сапалы электр жарығымен қамту құрылыс жұмыстары басталды.

Шапырашты және Өтеміс тұрғын алаптарын сапалы электр жарығымен қамту құрылыс жұмыстары, ағымдағы жылдың шілде айында аяқталады.

Ал, Қайнарбұлақ тұрғын алабын сапалы электр жарығымен қамту мақсатында «Береке» мекемесі тарапынан әзірленген жобаға сараптама қорытындысы алынып, құрылыс жұмыстарын мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы атқару мақсатында құжаттары әзірленуде. Құжаттары дайын болуына орай құрылыс жұмыстары басталады.

ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ

Ауданымыздағы жалпы – 47 202 тұрғын үйдің 35 083 яғни 74,3% табиғи газбен қамтылған болса, ал қамтылмағаны – 12 119 үй, бұл 25,6% құрайды.

«Асар-2», «Достық», «Тұран» шағынаудандарын табиғи газ жүйелерімен қамту мақсатында мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары басталды.

АУМАҚТАРДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ

Санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аудан территориясы 10 аумаққа бөлініп, оған аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген.

Қазіргі таңда «Ақсемсер стройсервис» ЖШС тарапынан аудан аумағындағы 4 160 куб күл-қоқыс шығарылып, 1 890 шақырым ирригациялық жүйелерді тазалау, 15 120 ағаш түбін әктеу, 1 695 ағашты санитарлық қырқу және 520 га аумақтың қураған шөбін ору жұмыстары атқарылды.

ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ШЫҒАРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Ауданда бей-берекет қоқыс жиналуына жол бермеу мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын мекемелермен келісім-шарт түзу қажеттігі жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, аудан бойынша 2020 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындардың келісім-шарт түзу көрсеткіші – 98%. Аталған көрсеткішті 100 % жеткізу мақсатында жұмыстар атқарылуда.

ЖОЛДАР ҚҰРЫЛЫСЫ

Аудан аумағында жалпы ұзындығы – 1 110 шақырымды құрайтын – 1 272 көше бар. Оның 481 шақырымы, яғни, 375 көше – асфальт, 518 шақырымы, 751 көше – шағал тас, ал, 110 шақырымы топырақ көшелер, бұл – 146 көше.

Ағымдағы жылы аудан аумағындағы «Азат», «Ақжайық», «Асар-2», «Бозарық» шағынаудандары, «Бозарық» саяжайы мен «Орманшы», «Мәртөбе», «Қайнарбұлақ», «Достық» тұрғын алаптарындағы 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Тұран» шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерге баратын №1, №2 және №7 көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ал, «Сайрам» т/а облыстық маңызы бар 4 көшеде 2018 жылы басталған күрделі жөндеу жұмыстары 2020 жылдың соңында пайдалануға берілетін болады.

Қазіргі уақытта, ауданындағы жалпы ұзындығы 39 шақырымды құрайтын 108 топырақ көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Көп қабатты тұрғын үйлерге 6 сервистік мекеме қызмет көрсетуде. Осы мекемелер тарапынан кіреберістер мен баспалдақтарды тазалау, жертөледегі жиналған суды шығару, үй ауласын тазалау, жертөледегі инженерлік жүйелерді күтіп-ұстау жұмыстары атқарылуда.

ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Ауданда жалпы 421 көп пәтерлі тұрғын үй болса, оның 360 көп қабатты үйлер орталық жылу жүйесінен, ал 61 үй автономды жылу жүйесін тұтынады. Қысқы жылу маусымына көп қабатты үйлерді дайындау жұмыстарын «ОҚО үйлерді басқару» ЖШС, «Қызметкер СК» ЖШС, «Алиаскар Б.А.М. Group» ЖШС, «Исабаева» ЖК, «Коммунал сервис КО» ЖШС және «Шымкент Сити» басқарушы мекемелері жүргізетін болады.

АУМАҚТЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Қаратау ауданы аумағында жалпы 352 көп қабатты тұрғын үй 152 аулаға біріктірілген. Қазіргі таңда аудан аумағындағы 57 аулаға біріктірілген 139 көп қабатты тұрғын үй аулаларына заманауи үлгідегі сапалы балалар ойын алаңдары мен спорттық жаттығу тренажерлары және 20 ашық спорт алаңшаларын орнату мен күтіп ұстау жұмыстарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Бай-Болашақ» ЖШС жүргізуде.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы тозығы жеткен 8 ауланы толық абаттандыруға, 10 ашық спорт алаңша салу және тозығы жеткен 13 ашық спорт алаңшаны ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен тиісті қаражат қаралды. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен мердігер мемелер анықталып, келісім-шартқа тұру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын 57 қоқыс алаңшалары орналасқан жер телімдеріне мемлекеттік актілері әзірленуде. Қазіргі жер комиссиясынан оң қорытынды алынып, жерге орналастыру жобасы әзірленді. Қаулы шығуына орай мемлекеттік актілері алынады.

РЕТСІЗ САУДА ОРЫНДАРЫ МЕН ЖАРНАМАЛАРДЫ РЕТТЕУ

Аудан аумағында ретсіз сауда орындарын болдырмау және алдын алу мақсатында Қаратау ауданы ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесе тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылда белгіленбеген жерлерде сауда жасаушы тұлғаларға Қаратау ауданы ЖПҚ қызметкерлерімен ҚР ӘҚБК-нің 204-бабына сәйкес 176 хаттама толтырылды, ал 505-бабы бойынша 148 хаттама толтырылды.

Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы қызметкерлерімен бірлесе аудан аумағындағы заңсыз жарнама иелеріне тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылдың қала келбетіне сай келмейтін 386 заңсыз жарнама анықталып ретке келтірілді.

Аудан аумағындағы белгіленбеген орындарда орналасқан дүңгіршектер мен киіз үй иелеріне құзырлы мекемелердің қызметкерлерімен бірлесе түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы өз бетінше орналасқан 9 дүңгіршек және 1 киіз үй иелері өз еріктерімен алып тастады.

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАРДЫҢ ТҰТЫНУ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ

Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, аудан аумағындағы 16 ірі сауда үйлерінде мониторинг жүргізіліп және әр аптаның жексенбі күндері Нұрсәт ш/а «Рахима-плаза» сауда үйінің жанында 175 кәсіпкердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін 11 рет ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» №285 Жарлығына сәйкес, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Дүниежүзілік сақтау ұйымының жаңа «COVID-19» коронавирусын пандемия деп жариялануына байланысты азық-түлік жәрмеңкесі уақытша тоқтатылды.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ

Аудан аумағында әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларына, жетім балалар үйіне және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қайырымдылық іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Жалпы 2020 жылдың Қаратау ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен, демеушілердің көмегімен 1178 отбасыға азық түлік, көмір және құрылыс заттарымен көмек көрсетілді және №4 балалар үйіне 2 рет мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

НЫСАНДАРДЫҢ ҚАСБЕТІН РЕТКЕ КЕЛТІРУ

«2020-Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы» атаулы мерекесіне орай, аудан аумағындағы негізгі көшелерде орналасқан нысандардың қоршауларының және кәсіпкерлік нысандардың қас беттерін ретке келтіру бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде, ағымдағы жылдың 4 айында 134 нысан ретке келтірілді.

Аудан аумағындағы көшелер бойындағы коммерциялық ғимараттардың қасбеттеріне, қабырғаларына «Шымкент 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы» және «Шымкент – қайырымды қала» атты тақырыбымен 23 кәсіпкерлік нысан безендірілді.

Сонымен қатар ауданы аумағында жалпы 205 аялдама орналасқан, оның ішінде 2 аялдамада дүкендер орналасқан. Аталған дүкендердің иелеріне қас беттерін ретке келтіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ретке келтіріледі.

Кәсіпкерлік нысандарының кіреберісінде қоқыс құтыларын қою қажеттілігі түсіндіріліп, 48 құты қойылды.

ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ

Қаратау ауданы аумағында 422 көп қабатты тұрғын үй мен 1039 ішкі орамдық көшелер бар. Осы көп қабатты тұрғын үй аулалары мен кіреберістерін, ішкі орам көшелерді күнделікті дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмыс кестесі түзіліп, кестеге сәйкес 20 арнайы дезинфекциялық құралмен және 4 арнайы дезинфекциялық техникалармен дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Көп қабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсетуші мекемелер тарапынан барлық көп қабатты тұрғын үйлердің кіреберістері, баспалдақтары, есіктері аптасына 2 рет хлор қоспасымен дезинфекцияланып жуылуда.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы көп қабатты үйлер жанына орнатылған 67 қоқыс алаңшаларының айналасы «Экоспецтранс» ЖШС және «Шымкентспецкомплекс» ЖШС тарапынан жуылып, дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

Қаратау ауданы бойынша «Конго-Қырым геморрагиялық қанды қызбасына қарсы» ҚР ДСМ ТКҚСБК ҰСО ШЖҚ РМК «Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» тарапынан «Қайтпас», «Бозарық», «Өтеміс» және «Қайнарбұлақ» тұрғын алаптарында 3,321,250 ш.м. залалсыздандыру жұмыстары жүргілді

БІЛІМ САЛАСЫ

2019 жылы «Білім күні» қарсаңында Таскен т/а №115 негізгі орта мектеп орнына 300 орындық мектеп, Нұрсат т/а, 1200 орындық мектеп пайдалануға берілсе, Шымкент сити т/а қалашығында мемлекеттік бағдарламамен берілген үйлер жанында 1200 орындық мектеп 2020 жылы пайдалануға берілу жоспарлануда. Нәтижесінде, ауданымызда 3 ауысымдық оқыту мәселесі біртіндеп өз шешімін табатын болады.

Сонымен қатар, Тұран және Асар 2 ш/а 1200 орындық, Сайрам т/а 300 орындық мектеп құрылысы 2019 жылы басталып, 2020 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Ал, 2020 жылы Ақжайық ш/а Төлеметов көшесі 1200 орындық, №109 мектеп жанынан қосымша 150 орындық мектеп құрылысын бастау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Нұртас ш/а, Таскен тұрғын алабынан 1200 орындық мектеп салу үшін жер телімдері бойынша құжаттары рәсімделіп жатыр.

Күрделі жөндеуден жүргізу үшін Сайрам т/а орналасқан №107,108,109 мектептердің ЖСҚ дайындалуда. ЖСҚ дайын болуымен бюджеттік өтінім берілетін болады.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

Нұртас ш/а құрылысы 2017 жылы басталған 500 адамға арналған қалалық емхананы 2020 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, ӘКК (СПК) арқылы Сайрам т/а №12 емханаға жаңа ғимарат, Достық т/а, Қызыл су т/а, Тассай т/а, Асар-2 ш/а, Қайнарбұлақ т/а, Таскен тұрғын алаптарында отбасылық дәрігерлік амбулатория құрылысын 2020 жылы бастау жоспарлануда.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2020 жылдан бастап Жаңа форматтағы «Атаулы әлеуметтік көмек» жүзеге асырылуда.

Осы көмекті алуға құжат тапсырған 7283 отбасының 6562-не оң қорытынды берілді.

ДІН САЛАСЫ

Аудан аумағында жалпы 41 діни бірлестіктер тіркелген.Оның 38-і исламдық (20 жұма оқылатын мешіттер, 18-і жұма оқылмайтын мешіттер), 3-і исламдық емес діни бірлестіктер. 2020 жылы Қаратау ауданы бойынша «сәләфилік» ағымын жақтаушылардың жалпы саны– 79, лидерлері– 3 азамат. Ал, аудан бойынша «Жусан» операциясы бойынша елге оралған 5 отбасы және 1 жартылай жетім бала бар. 2020 жылдың 16 наурызына дейін діни экстремизм мен, терроризмнің алдын алу, кереғар діни ағымдар мен секталарға тосқауыл қою және аудан бойынша тұрақтылықты сақтау мақсатында жоғарғы және орта оқу орындары студенттері мен оқушылар және тұрғындар арасында 8 ден астам дөңгелек үстелдер мен семинар кездесулер ұйымдастырылды. 2020 жылдың 16 наурызынан бастап елдегі төтенше жағдай енгізілуіне байланысты аталған азаматтарға «Біз біргеміз» акциясы аясында аппарат қызметкерлері тарапынан аталған азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіліп әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ

Жыл басынан «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат» тұжырымдамасына сәйкес, аудандық әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссиясымен аудан көлемінде 6 іс-шара ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, 2020 жылы аудандағы көп балалы аналарымызға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 8 – «Алтын алқа», 65 – «Күміс алқа» табыс етілді.

ОНОМАСТИКА ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен көшелерге кісі есімін беру тоқтатылған (мораторий). Алайда, жер-су, таулардың, табиғи көріністердің атауларын беру жұмыстары жүргізілуде. 2019-2020 ж.ж аудан аумағындағы атауы жоқ және атауы моральдық тұрғыда ескірген көшелердің атауын өзгерту бойынша 79 көшеге тұрғындармен бірлесіп хаттамалар толтырылып, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына жолданды.

Сонымен бірге, ауданымыздағы жеке және көп қабатты тұрғын үйлерге «QR-code» үлгісіндегі тақтайша орнату бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Сатып алу конкурсы аяқталуына орай, ауданымыздағы 32 мыңға жуық тұрғын үйге тақтайшалар орнатылатын болады.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бүгінгі күн талабы және ол әрбір азаматтың міндеті. Осы мақсатта «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі» іс-шара жопарына сәйкес, құзырлы мекемелермен бірлесіп 2 дөңгелек үстел, 1 семинарлар 68 құқықтық сабақ өткізілді. Іс-шаралар барысында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

Бұл Қаратау ауданы аумағындағы ағымдағы жылы жоспарға сәйкес атқарылған негізгі жұмыстар ғана. Жалпы ауданда атқарылатын ауқымды істер аз емес. Алдағы уақытта да шешімін табуды қажет ететін мәселелерге жүйелі түрде тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Сұхбаттасқан

Г. БАЙДУЛЛАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *