ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Білім
1 113 Views

Төтенше жағдай жарияланып, елімізде қашықтықтан оқыту жүйесіне көшу төртінші тоқсаннан басталды. Осы кезеңдерде Шымкент қаласының білім басқармасының әдістемелік орталығы қаладағы білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен балабақша педагогтарына әдістемелік қолдау білдірсе, оқушылар мен тәрбиеленушілерге, ата-аналарға психологиялық қолдаулар мен ұсынымдар көрсетіп келеді.

Қашықтықтан оқыту дегеніміз – мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты:

1. Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы педагогтар мен оқушылардың білім деңгейін көтеру.

2. Өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.

22.04.2020ж. сағ 17.00-де еліміздегі қазіргі таңда орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығы директорының орынбасары Сражиева Гаухар Мухиддиновна және әдіскері Бағила Ермекқызы ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқыту шеңберінде (ҚО) білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және оқу тапсырмаларын орындау» туралы бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік презентация әзірлеп, бейнеконференция өттім. Конференция барысында 29 мектептен 34 мұғаліммен сұхбаттасып, туындаған сұрақтар бойынша пікір алмасу жүргізілді. Сонымен қатар Бағила Ермекқызы бастауыш сыныптар бойынша қашықтықтан оқыту және электронды журналдардың жүргізілуі туралы, кері байланыс және тоқсандық жиынтық бағалау мәселесі де қозғалып, әдістемелік көмек көрсетіліп толық мағлұмат беріп өтті. Қазіргі таңда №125 жалпы орта білім беретін мектепте бастауыш сыныптарды қашықтықтан оқыту толыққанды жүргізілуде.

Оқу тапсырмаларының көлемі және олардың орындалу уақыты

ҚО жағдайында оқу тапсырмаларының нақты көлемін анықтау үшін оқу пәндерінің екі тобын анықтау ұсынылады:

1-топ – өз бетінше оқуға арналған ауызша тапсырмалармен қатар оқу тапсырмасы жазбаша түрде беріледі және оны орындау үшін әрбір оқу пәні бойынша 10-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсалады.

Бірінші топқа жатқызылатын оқу пәндері:

Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Орыс тілі, Орыс әдебиеті әдебиеті, Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, Шетел тілі, Математика, Алгебра, Геометрия, Физика, Биология, Химия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, География, Жаратылыстану.

2-топ – өз бетінше оқуға арналған тапсырмалар, білім алушылардан міндетті кері байланыс талап етілмейді.

Екінші топқа жатқызылатын оқу пәндері: Информатика, Көркем еңбек, Музыка, Өзін-өзі тану, Құқық негіздері, Бастапқы әскери және технологиялық дайындық, Дене шынықтыру, Кәсіпкерлік және бизнес негіздері, Графика және жобалау.

ҚО жағдайында оқу пәндерін топтарға бөлуді ескере отырып, оқу пәндері бойынша оқу тапсырмаларын орындауға ұсынылатын уақыт мөлшері:

1-4-сыныптардағы білім алушылар үшін ұсынылатын оқу тапсырмаларының көлемі:

Қазақ/Орыс тілдері:

1-сынып – 5-10 сөзден тұратын жаттығулар;

2-сынып – 10-15 сөзден тұратын, бір грамматикалық тапсырмадан артық емес жаттығу;

3-сынып – 20-25 сөзден тұратын, бір грамматикалық тапсырмадан артық емес жаттығу;

4-сынып – 30-35 сөзден тұратын, бір грамматикалық тапсырмадан артық емес жаттығу ұсынылады.

Әдебиеттік оқу:

1-сынып – оқу үшін 1 парақтан артық емес тапсырма;

2-сынып – оқу үшін 2 парақтан артық емес тапсырма;

3-сынып – оқу үшін 2 парақтан артық емес және мәтін бойынша 2 сұрақтан аспайтын тапсырма;

4-сынып – оқу үшін 3 парақтан артық емес және мәтін бойынша 2 сұрақтан аспайтын тапсырма.

Математика:

1-сынып-1 оқу тапсырмасы;

2-сынып – 1 оқу тапсырмасы, соның ішінде бір мәтіндік тапсырма;

3-сынып – 2 оқу тапсырмасы, соның ішінде бір мәтіндік тапсырма;

4-сынып – 2 оқу тапсырмасы, соның ішінде бір мәтіндік тапсырма.

Дүниетану, Жаратылыстану:

1-сынып – оқу үшін 1 парақтан артық емес тапсырма;

2-4-сыныптар – 1 тарауға бір жоба.

қарап орындау.

Шетел тілі:

1-сынып – 1 жаттығу;

2-сынып – 2 жаттығу;

3-сынып – 2 жаттығу;

4-сынып – 3 жаттығу.

АКТ:

3-сынып – 1 оқу тапсырмасы;

4-сынып – 1 оқу тапсырмасы немесе жоба.

Көркем еңбек

1-сынып – 1 оқу тапсырмасы немесе қолдан туынды жасау;

2-сынып – 1 оқу тапсырмасы немесе қолдан туынды жасау;

3-сынып – 2 оқу тапсырмасы, соның ішінде қолдан туынды жасау;

4-сынып – 2 оқу тапсырмасы, соның ішінде жоба.

Музыка:

1-сынып – 1музыкалық туындыны тыңдау, музыкалық бейнересурсты қарау;

2-сынып – 1 музыкалық туындыны тыңдау, 1 композитордың шығармашылығын меңгеру немесе бейнересурсты қарау;

3-сынып – 2 музыкалық туындыны тыңдау, 2 композитордың шығармашылығын меңгеру немесе бейнересурсты қарау;

4-сынып – 3 музыкалық туындыны тыңдау, 2 композитордың шығармашылығын меңгеру немесе бейнересурсты қарау.

Өзін-өзі тану:

1-сынып-1 оқу тапсырмасы;

2-сынып – 1 оқу тапсырмасы;

3-сынып – 2 оқу тапсырмасы;

4-сынып – 2 оқу тапсырмасы.

Дене шынықтыру:

1-4 сынып – жас ерекшеліктеріне сәйкес ұсынылған бейнересурстар бойынша жаттығуларды қарап орындау

Ақпаратты технологиялардың интенсивті дамуына әсіресе интернет-технологиялардың дамуына байланысты дистанционды оқытуды дамыту проблемасы ерекше маңыздылықты алады.

Дистанционды сабақты өткізу процессінде білім өсімін алу өте маңызды, мысалы білімнің өсуі мен оқушының білуі немесе оқу құжатын жасау түрінде, оқушы дистанционды мұғалім жетекшілігімен ғаламторда өзінің web-парағын жасауы және орналастыра алуын айта кетсек болады.

Салиха МАЙЛЫБАЕВА,

125 жалпы орта білім беретін мектеп директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *