«ҚОЛДАНУ МЕН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ БҰЗЫЛМАҒАН»

Құқық
934 Views

Әділ ИЗУМХАНОВ, Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасының әкімшілік құқық бөлімінің бас маманы-заңгері

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес Мемлекеттік рәміздерді әрқайсысының өзіндік құқықтық орны бар. Ту мен Елтаңба төрде, таза орында тұруы керек. Оларды табалдырыққа, лас жерге қоюға болмайды.

Осыған байланысты Нархоз университеті Жеке және жария құқық кафедрасының доценті Роза Өміртай:

– «Қазір неге туды балконға ілуге рұқсат етпейді деп сұрап жатады. Балкон біздің ел үшін төр болып саналмайды. Ондай жерге кір жаяды, темекі тартады, темір-терсек жинайды, сондықтан балконға ту ілу заңға сәйкес емес», – деп пікір білдірген болатын.

Мәдениеттанушы Бердалы Оспанның Алматы қаласында өткен Мемлекеттік рәміздерді қолдану мәселесіне арналған семинарда:

– «Қазақ тарихында таңбалардың орны аса зор. «Қазақ тарихы таңбалардан құралады. Ұлан-байтақ жерімізде мыңдаған таңбалы ескерткіштер бар. Кезінде әр рудың, әр тайпаның да таңбасы болған. Бабаларымыз «Енсіз ел болмайды» деп бекер айтпаған. Әлемде мыңдаған халық бар, соның 200-ден астамының ғана Мемлекеттік рәміздері бар. Сол себепті мұның қадір-қасиетін ұғына білейік», – Мемлекеттік рәміздердің ұлт үшін маңыздылығын һәм ауқымдылығын атап көрсеткен болатын.

Шымкент қаласында да ұлттық нышандарға лайықты түрде сый көрсетіліп, ол тараптан құқықбұзушылық болмауын қадағалайтын мекеме бар. Ол – Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасының әкімшілік-құқық бөлімі. Осы орайда аталмыш мекеменің бас маман-заңгері Әділ ИЗМУХАНОВ мырзадан қаладағы мекемелерде Мемлекеттік рәміздерге қатысты ережелердің жүзеге асуы жайлы біліп қайттық. Заңгер өз сөзінде әр аудан бойынша атқарылған іс шараларға жеке-жеке тоқталып өтті.

2019 жылы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңына сәйкес Абай ауданы аумағындағы мемлекеттік мекемелердегі Ту мен Елтаңбаның техникалық талаптарға сай болуын және оларды күтіп ұстауға байланысты мониторинг жұмыстары жүргізілді. Іс-шара аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен бастау алып, жалпы саны 12 рейдтік іс-шара атқарылды. Атап айтсақ, 33 жалпы білім беру мекемесі, алты жалпы орта білім беру мекемесі және 10 мемлекеттік мекемеде орналасқан Мемлекеттік рәміздерге мониторинг жұмыстары жүргізілді. Ал 2020 жылдың бірінші тоқсанында Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бірлесе ұйымдастыруымен аудан аумағындағы 10 мемлекеттік мекеменің ғимаратына орналасқан Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай орналасуына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

2019 жылы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен де 12 рейдтік іс-шара жүргізілген. 33 жалпы білім беру мекемесі, 10 жалпы орта білім беру мекемесі және 12 мемлекеттік мекемеде орналасқан мемлекеттік рәміздерге мониторинг жұмыстары жүргізілген. 2020 жылдың бірінші тоқсанында Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бірлесе ұйымдастыруымен аудан аумағындағы 12 мемлекеттік мекеменің ғимаратына орналасқан Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай орналасуына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

2019 жылы Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 15 рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, 15 жалпы білім беру мекемесі, 10 жалпы орта білім беру мекемесі және 15 мемлекеттік мекемеде орналасқан мемлекеттік рәміздерге мониторинг жұмыстары жүргізілді. 2020 жылдың бірінші тоқсанында Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бірлесе ұйымдастыруымен аудан аумағындағы 15 мемлекеттік мекемелердің ғимаратына орналасқан мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай орналасуына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

2019 жылы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 10 рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, 12 жалпы білім беру мекемелері, 12 жалпы орта білім беру мекемелері және 10 мемлекеттік мекемелерде орналасқан мемлекеттік рәміздерге мониторинг жұмыстары жүргізілді. 2020 жылдың біріншісі тоқсанында Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бірлесе ұйымдастыруымен аудан аумағындағы 10 мемлекеттік мекемелердің ғимаратына орналасқан мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай орналасуына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданған. Осы заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым – Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Заңда «Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұраны мемлекеттік рәміздер болып табылады», – деп көрсетілген.

Аталмыш заң 16 бап, 6 тараудан тұрады. Олар:

1-тарау – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері;

2-тарау – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы;

3-тарау – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы;

4-тарау – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны;

5-тарау – Мемлекеттік органдардың құзыреті;

6-тарау – Қорытынды ережелер деп аталады;

Осы орайда 11 бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері саласындағы уәкілетті органдардың құзыреті бөлімінде төмендегідей қағидалар көрсетілген:

1. Техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының ұлттық стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын әзірлейді;

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Мемлекеттік елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиаттың лицензияда көрсетілген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын ауыстыру және жою ережелерін әзірлейді;

2) Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құрады, сондай-ақ ол туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жоғарыда аталып өткен рейдтік шаралар осы заңнама негізінде жұмыс жасаған. Заңгер Әділ Изумхановтың айтуы бойынша Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бірлесе ұйымдастыруымен рейдтік іс-шарада қала аумағында мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану және пайдалану стандартына және қолданыстағы заңнамаларға сай екені анықталып, кемшіліктер табылмаған.

Қаламызда осындай мемлекеттік тіректерге байланысты заңбұзушылықтың анықталмауы – көңіл көншітерлік жағдай. Демек, қазіргі таңда жауапты мекемелер өз жұмыстарын тиянақты атқарып, Ұлттық нышандардың өз дәрежесінде дәріптелуі бойынша жүйелі жұмыс атқарылуда деген сөз.

Гүлнұр БАЙДУЛЛАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *