ҚОС ЕЛ, ДОС ЕЛ

Билік
1 126 Views

2018 –

Өзбекстанның

Қазақстандағы жылы.

2019 –

Қазақстанның

Өзбекстандағы жылы.

Екі ел ежелден дос,

Бітпеген сыры.

Өзбек – дихан. Қазақ – шаруа.

Түркінің ұлдарына

Сыйластықта бар ма дауа!

Қазақ Өзбекті

Бас қойып қымызбенен сыйласа,

Өзбек Қазақты

Мейіз қосқан

палауымен сыйлайды.

Қарағайдың қос бұтағы,

Бірін-бірі қимайды.

Базары да ортақ.

Мазары да ортақ.

Құдандалы жұртпыз.

Ала тақиялар арқалап

Қауын-қарбыз матасымен келсе,

Қара тақиялылар

Ат мінгізіп, шапан жабады.

Сыйластықтың жолын табады.

Діл,

Дін,

Тіліміз де ұқсас.

Қазақ Нұртас

– Келіңдер!

– Келіңдер! – десе,

Өзбек Умар әкә – Келиләр!

– Келиләр! дейді.

Олар чой олиңләр десе

Біз нан алыңдар дейміз.

– Ұқсас па?

– Ұқсас!

Әніміз, сәніміз де ұқсас.

Қазақ домбырасымен қарсы алса,

Өзбек дутарымен қарсы алады.

Шекарамыз да ортақ.

Жаратқан қолдап

Екі елді туыс етіп жаратса,

Қалайша дос болмаймыз?

Мұны аз десеңіз

Ортамызда көк теңіз,

Буырқанған Арал бар.

Екі елдің қамын ойлаған

Қос Президент,

Назарбаев, Мирзиёевтей адам бар.

Өзбек басы шекара ашып

Пойыз жүгірсе,

Елбасы құшағын ашып,

Мирзиёевтің омырауына орден тақты.

Осыны білген екі Президент

Өзбекстанның Қазақстандағы,

Қазақстанның Өзбекстандағы жылы деп,

Достасудың жолын тапты.

Ұзағынан болғай!

Ералхан ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *