«ҚУЫРДАҚТЫҢ КӨКЕСІН ТҮЙЕ СОЙҒАНДА КӨРЕСІҢ» НЕМЕСЕ ПОЧИВАЛОВТА ПАЙЫМ БАР МА?

Мәселе
1 002 Views

Газетіміздің өткен санында «Алдау бар жерде ақиқат жоқ» тақырыбымен Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының міндетін атқарушы О. В. Почиваловтың іс-әрекеттеріне байланысты сыни журналистік зерттеуімізді жариялаған болатынбыз. Өкінішке қарай, сыннан дұрыс қорытынды шығармай, ҚР Еңбек кодексін аяғымен таптағандай болып, Шымкент қаласының №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөпірімдер спорт мектебінің директоры А. А. Сугралиевті қудалауды әрмен қарай жалғастырып, еңбекке жарамсыздық парақшасымен емделіп жүргеніне қарамай «сөгіс» және «қатаң сөгіс» жариялаған м.а. бастықтың бұйрығы шығыпты (көшірмесі ұсынылады).

Почиваловтың өзі мына әрекетімен тек басқарманың ғана емес, оны уақытша тағайындаған қала басшысы Мұрат Әйтеновтің де абырой-беделіне нұқсан келтіретінін білді ма екен? Әлде біліп тұрып әдейі істеді ма?! Сырт көзге Почиваловтың бұл әрекеті «қолыңнан не келеді» дегенді байқатқандай. Бұл дауды тоқтатуға қала әкімі және оның спорт саласына жауапты орынбасары М. Исаховтың күші жетпесе, халық болып біз көмектесейік. Талай чемпиондарды жарыққа шығарған отаншыл азаматымызды тажалдан біз арашалайық ел болып. Бұл немқұрайлылық қашанғы жалғаса бермек?! Назарларыңызға заңсыз қудаланып жатқан спорт мектебінің арызының көшірмесін беруді жөн көрдік. Анықтық үшін.

Шымкент қаласының еңбек инспекциясы

және көші-қон басқармасының басшысы

Б.А.Қалжановқа,

көшірмесі «Әділет. Рухани жаңғыру» газетіне

Шымкент қаласының №3 олимпиада

резервінің мамандандырылған

балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің

директоры А.А.Сугралиевтен

АРЫЗ

Менің арыздану себебім: «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқарма басшысының міндетін атқарушы О.Почиваловтың Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің талаптарына сәйкес мені негізсіз еңбек демалысына жібермеуіне байланысты.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-ші бабының, 4-ші тармағында әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі делінген.

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 1-бабының 13-ші тармақшасында демалыс – жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыскердің жыл сайынғы демалуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату деп айқын көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 4-ші бабының 7-ші және 8-ші тармақшаларында тынығу құқығын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі.

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 22-бабының 7-ші тармақшасында жұмыскердің тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқығы бар көрсетілген.

Осы Кодекстің 23-ші бабының, 2-ші тармағы, 16-шы тармақшасында жұмыс беруші жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге міндетті екені айқындалған.

«Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт Басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқарма басшысының міндетін атқарушы О.Почивалов Ата Заңымызда және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінде қамтылған құқықтарымды ескерместен менің кезекті еңбек демалысына жіберу туралы жазған 2 — өтінішімді де қарамастан, кезекті еңбек демалысыма жіберместен, керісінше менің 2020 жылдың 10 қыркүйегінен бастап еңбекке уақытша жарамсыз екенімнен хабардар бола тұра, Еңбек кодексінің 65-ші бабының 4-ші тармағының, 1-ші тармақшасында жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болған кезде тәртіптік жаза қолдану туралы актісі шығарылмайтыны көрсетіле тұрса да, маған 18.09.2020 жылы №109-ж/қ-а бұйрығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 03.09.2020 жылғы №2-1-4/4142 хаты бойынша жіберген кемшіліктерге түсініктеме беруден бас тартқаны үшін, ҚР Еңбек Кодексінің 64-бабының, 1-тармағының, 3-тармақшасына және 65-баптың 2-тармағына сәйкес «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. Басқарманың 14.09.2020 жылғы №18/1125 хаты негізінде «MEGA-БЕН Строй» ЖШС-мен түзілген шарт бойынша түсініктеме бермегені үшін 22.09.2020 жылы №112-ж/қ-а бұйрығымен ҚР Еңбек Кодексінің 64-бабының, 1-тармағының, 3-тармақшасына және 65-баптың 2-тармағына сәйкес «Қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Алдын, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.А.Сугралиевке 20.07.2020 жылғы қызметтік комиссиясының мониторинг қорытындысы негізінде басқарма басшысының м.а. О.Почиваловтың 27.07.2020 жылғы №87-ж/қ-а санды бұйрығымен қызметтік этиканы сақтамай дөрекілік көрсеткені үшін және өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқармай жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 64-бабының 1-тармағына сәйкес «Қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза көрілген. Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 17 тамыздағы «Бұзушылықты жою туралы» №20-Э санды ұйғарымына сәйкес, басқарманың 04.09.2020 жылғы №58-ж/қ бұйрығымен 27.07.2020 жылғы №87-ж/қ-а санды «Тәртіптік жаза қолдану» туралы бұйрықтың күші жойылған.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқарма басшысының міндетін атқарушы О.Почиваловтың іс-әрекетіне баға беріп менің құқықтарыммен міндеттерімнің заңдылығын тексеруіңізді сізден сұранамын.

Алайда, 18.09.2020 жылы №109-ж/қ-а бұйрығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 03.09.2020 жылғы №2-1-4/4142 хаты бойынша жіберген кемшіліктерге түсініктеме беруден бас тартты дегені негізсіз, себебі «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқарма басшысының міндетін атқарушы О.Почиваловтың 08.09.2020 жылы №18/1093 санды хатына 09.09.2020 жылы №255 санды хатта Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің маманымен 10.08.2020 жылы тексеру жүргізіліп, қорытындысында негізсіз жаратылып кеткен деген 20 миллион теңгенің жаратылмастан, есеп-шотта тұрғаны көрсетілген. Сонымен бірге бухгалтерлік есеп-қисап бойынша дебиторлық, кредиторлық қарыздарды дұрыс көрсетпеген кемшіліктері үшін мекеменің бас бухгалтері Л.В.Усоваға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 238-бабының 1-тармағы 2-тармақшасымен 2020 жылдың 24 тамыз айында әкімшілік іс қозғалып, 26.08.2020 жылғы №20082685764455 санды және 01.09.2020 жылғы №2009016583743 санды түбіртектерде 69 450 мың теңге айыппұл төленді. 10.09.2020 жылы №260 санды хатымызда қосымша тағыда мәліметтер жолданған.

Сонымен қатар 14.09.2020 жылғы №18/1125 хаты негізінде «MEGA-БЕН Строй» ЖШС-мен түзілген шарт бойынша түсініктеме бермегені үшін деген уәжі негізсіз себебі: 22.09.2020 жылы №112-ж/қ-а бұйрыққа қатысты 08.09.2020 жылы №250 санды хатта «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары жайлы хаттама және 01.06.2020 жылғы №25 санды жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде және Заңның 45-бабының 2-тармағының 3-ші тармақшасына сәйкес, жылдық жоспар сомаларының шегінде бірлігі үшін бағасы өзгермегендегі көлемнің ұлғаюымен байланысты шартқа 03.09.2020 жылы №25/1 санды қосымша келісім түзілді. Қосымша келісім шарттың сомасы ҚҚС-ын қоса есептегенде 22 289 000 теңгені құрайды. Қосымша келісім шарт түзуге негіз болған мәселелер:

1.«Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен 12.05.2020 жылғы №4243838-ОК санды ағымдағы жөндеу жұмыстарының конкурсының қорытындылары туралы хаттамасына сәйкес, мемлекеттік сатып алу конкурсында үнемделген сома 22 289 000 теңгені құраған.

2.«Шымкент қаласының №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, 262 квартал, 406 учаскесінде орналасқан моторлы қайықтарды сақтайтын эллингтің шатырынан жаңбырдың, қардың суы өтіп, қымбат тұратын, шетелде дайындалған қайықтардың төбесінен су ағып, моторларына, корпусына зиянын келтіріп жатқанын, жаңбыр жауғанда эллингтің ішіне полға дейін жаңбырдың суы кіріп кететінін жазып, осы базада жаттығу жұмыстарын жүргізетін жаттықтырушылар атынан ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұранған өтініштері тіркеліп, қаралып, үнемделген қаржы есебінен сметасын есептетіп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде шешім қабылданды.

3.Қосымша келісім шарт электронды мемлекеттік сатып алу порталында заңды түрде тіркеліп, келісім шарттың сомасы ұлғайтылды, келісім шарт 03.09.2020 жылы Шымкент қаласы бойынша Қазынашылық басқармасында тіркеуден өтіп, заңды құқығына ие болған соң, шарттың талаптарына сай 30% аванс 6 686 700 теңге мердігердің есеп-шотына аударылғаны туралы хабарланған.

Сонымен қатар 15.09.2020 жылы №262 санды хатымызда Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі, басқарманың 14.09.2020 жылғы №18/1125 санды хатына төмендегі мәліметтерді жолдаған.

«Шымкент қаласының №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, 262 квартал, 406 учаскесінде орналасқан су және ескек есу спорт түрлеріне арналған әмбебап оқу-жаттығу базасының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмысына қатысты 01.06.2020 жылы түзілген №25 санды мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт «MEGA-БЕН Строй» ЖШС-мен түзілген.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының міндетін атқарушы Ш.Әбдіқалықовқа 19.05.2020 жылы №165 санды хат жолданып конкурстан үнемделген қаржыдан мекемеге қажет жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде рұқсат сұрағанбыз, алайда ол хатқа жауап ретінде жаратуға болмайды деген жауап берілмеді.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары жайлы хаттама және 01.06.2020 жылғы №25 санды жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде және Заңның 45-бабының 2-тармағының 3-ші тармақшасына сәйкес, жылдық жоспар сомаларының шегінде бірлігі үшін бағасы өзгермегендегі көлемнің ұлғаюымен байланысты шартқа 03.09.2020 жылы №25/1 санды қосымша келісім түзілгені туралы және қосымшалар сметалық құжат, №250 хат, №165 хат, жаттықтырушылардың өтініші, келісімшарт, ақау актісі жіберілген болатын.

Еңбек кодексінің 65-ші бабының 3-ші тармағында әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін деп көрсетілген. Еңбек кодексінің 14-ші бабында Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болатыны жазылған.

Сізден Еңбек қатынастары бойынша уәкілетті орган ретінде, маған қатысты шығарылған заңсыз 18.09.2020 жылы №109-ж/қ-а және 22.09.2020 жылы №112-ж/қ-а бұйрықтардың күшін жоюды және жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысыма шығуыма жұмыс берушіні Еңбек кодексінің 23-бабы, 2-тармағы, 16-тармақшасының талаптарына сай міндеттеуді сұраймын.

Тіркеледі: құжаттар 24 парақта.

28.09.2020 жыл

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *