ҚҰРМАНБЕКОВА КОМАНДАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРБАНЫ МА?!

Билік
709 Views

Шымкент қаласының әкімі Е. АЙТАХАНОВТЫҢ назарына!

Гүлжан Мамытқызы Құрманбекованың мемлекеттік қызметте жүргеніне аз уақыт болған жоқ. Соның ішінде қала деңгейінде жоғары лауазымдық қызметті абыроймен атқарып отырған санаулы нәзікжандылардың қатарында. Шымкент қаласы әкімінің әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары ретінде өз қаласының жұмысын ұршықша иіріп жүргеніне жұрттың бәрі куә. Білгір экономист ретінде бұрынғы облыс орталығының, қазіргі тәуелсіз де егемен еліміздің үшінші ірі мегаполисінің өсіп-өркендеп, қарыштап даму жолында аянбай еңбек етіп жүрген аяулы ана. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың гендерлік саясатты өрістетіп, әйел азаматшаларға жоғары лауазымдық билік қызметін беру жөніндегі талап-тілектері де осыған саяды.

Соңғы кезде ұзынқұлақтан естуімізше, Шымкент қаласының жаңа әкімі өзінің орынбасарларының бірін, нақты айтқанда, әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Гүлжан Мамытқызы Құрманбекованы жоғары лауазымдық қызметінен босату мәселесін қарастырып жатқан көрінеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әкімдерге қарата айтқан «Командалық жүйемен жұмыс істеуді тоқтатыңдар!» деген нұсқауы ескерусіз қалмақ па? Сонда оның ел үшін еткен қалтқысыз еңбегі еш кеткені ме?! Басқаны айтпағанның өзінде, Республика көлемінде қаржыны игеру бойынша алдыңғы шепте, кешегі көпбалалы аналарға қатысты 21 мың теңгенің «жырында» құрбы-құрдас, жасы кіші қыз-келіншектерге басу айтып, елді тыныштандыру мен береке-бірлікке шақыруының өзі не тұрады?!

Кейбір блогерсымақтар оны «іздеуге де салып қойды». Бұл кімнің «тапсырысы» екені әзірге белгісіз. Біз ешкімді де ақтап, не қаралап отырғанымыз жоқ. Бірақ қашанда әділеттің ақ туын жоғары көтере бермекпіз.

Газетіміздің келесі санында Гүлжан Мамытқызына қатысты осы және өзге де мәселелерді қозғаған мақала жариялауға кіріскелі отырмыз.

«Әділет — ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *