ҰРПАҚ ӨНЕГЕСІНЕ АЙНАЛҒАН АРДАГЕР

Өмір-өзен
664 Views

Халқымыздың сан ғасырлық тарихын парақтасақ ұлтымыздың тұтастығы, Тәуелсіздігі жолында аянбай күресіп, керек жерінде қасық қанын, шыбын жанынпида еткен батыр бабаларымыздың аз болмағаны еріксіз қуаныш сыйлайды. Ғасырларкөкжиегінде торлаған тұманнан жол таппай тұрған халқын өрге сүйреген күштіңбабалар бойынан көрініс тауып отырғаны өтірік емес. Шындап сезінесің де, тереңтүйсінесің. Бойыңда тылсым құбылыс пайда болып, жігерленесің. Бұл құбылысқарабайыр дүние емес, бабалар өнегесінің құдіреті. Өнеге жайынан сыр шертіпкөрейік. Кешегі Ұлы Отан соғысының өзі ғаламат ерлік пен өнегенің ізін қалдырды.Уақыт мырза тарихқа айналдырған сол соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасымүгедек атанды. Қаншама аналар жесір, балалар жетім қалды. Бүгін сол бірқасіретті замана мәңгі елеске айналды. Бізге жеткені ерлікке толы бір парасығана. Ұлы өнегеге айналған рух жырлары.

Алыстан сөз бастап пайым еткелі отырғанымыз – ерлігі жадымызда сақталар жан туралы болмақ. Отан үшін от кешіп, қанды қасап қырғыннан аман өтіп, ұрпақтарына асыл үлгі қалдырған азамат жайында. Бүгінде көзі тірі болмаса да, өшпес ерлігімен, өлмес мұра қалдырған соғыс ардагерінің бірі. Кейіпкеріміз Темірәлі Тілесұлы 1921 жылы Өзбекстанда өмір есігін ашқан. Балалық өмірдің бал дәуренінде сол өңірдің ауасымен демалып, тұнық суын қанып ішкен. Білім нәрін алу бақыты бұйырып, ауыл мектебінде жеті сыныпты бітірген. Осылайша өмір жолы жалғаса берген.

Соғыс басталғанда ел қатарлы майдан шебінде Отан қорғауға аттаныпты. Қолына қару ұстап, өлім мен өмір таласқа түскен ажал майданында дұшпандарына қарсы шауыпты. Осы жылдары Оңтүстік-батыс, VI-Украина майдандарында соғысқа қатысқан. Армияда зеңбірекші, телефон байланысының операторы секілді қызмет түрлерін де сеніммен атқарыпты. Төккен тердің, еткен еңбектің жемісті шағы болатыны бар-ды. Ұрыста көрсеткен ерліктерінің нәтижесінде «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медалдармен марапатталған.

Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі дегендей, соғыста жарақат алғанымен аман қалыпты. Өмір иірімі жалғасын тауып, еліне еңбек етудің жаңа жолына көшеді. Соғыс аяқталғаннан кейін ауылда хатшы, аудандық комитеттің нұсқаушысы, ауыл шаруашылығы инспекторы секілді қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Денсаулығының сыр беруіне байланысты 1972 жылдың қазан айында мүгедектік бойынша зейнетке шығады.

Тұтас ғұмырын елінің болашағына арнап, бір кісілік еселі үлесін қосқан асыл азамат 51 жасында өмірден өтеді. Артында төрт ұл мен үш қызы қалады. Балаларының ендігі болашағы мен барлық ауыртпашылық асыл жары Қалдықыз Жоланқызына жүктеледі. Аналары әке аманатын мүлтіксіз орындап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Бүгінде қанаттары қатайып, өсіп-өнген шаңыраққа айналған. Бар өкініштері – әкелерінің өмірден ерте озғаны, бүгінгі мамыражай ғасырда орталарында отырып, Тәуелсіздіктің ақ таңын көре алмай кеткені.

«Тағдыр заңы әркімге әр түрлі бұйыратыны бар ғой. Бұл да жазмыш шығар. Әкеміз ерте дүние салса да ол кісінің өнегелі өмірі бізге мәңгілік қуат беріп келеді. Ал біздің осы күнге жеткеніміз анамыздың арқасы деп сеніммен айта аламыз. Өкінішке қарай, анамыз 58 жасында дүние салды. Асқар тау әкеміз бен анамыздың соңында қалған сәулесіміз. Ол кісілер біз қараңғыда қалғанда жолымызды жарықтандырып, тура жолға түсіріп келеді. Қалған өмірімізде біз де, ардақты ата-аналарымыздың есімдеріне сызат түсірмей, керісінше, жаңғырту үшін өмір сүріп келеміз», – деп бүкпесіз ойын жеткізді ардагердің ұрпағы – Мырзахмет Тілесов.

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында шынайы ерліктің, тектіліктің үлгісі болған ерлеріміздің өмір сүрлеуіне, күрескерлік жолына, кейінгі қоғамдық қызметіне тоқталу аясында біз сөз еткен тұлға келбетін баяндадық. Ақиқаты өлмес өмірдің жолы мен арқалаған жүктің жеңісі жатыр. Жастардың отаншылдық рухта тәрбиеленіп, тарихқа және ардагерлердің ерліктеріне терең сыйластық көзқарасы қалыптасқан бүгінгі таңда ұрпағымен мың жасайтын ұлттық болмыс үшін Темірәлі Тілесұлының аты өлмек емес.

Сәуірбай ЖЫЛҚЫБАЕВ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *