ҰСТАЗ – БІЛІМНІҢ ШЫРАҒЫ, ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ КҮШІ

Білім
1 702 Views

— Қымбатты ұстаздар, Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Биылғы мұғалімдердің тамыз кеңесі жылдағы кеңестен езгеше өткелі отыр. Қазір барлық облыстар мен қалаларда осындай кеңестердің өтіп жатқаны белгілі. Биылғы Шымкентте өткізіліп отыр- ған тамыз кеңесіне ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Жұмашев келіп отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы На- зарбаевтың 2018 жылғы 19 маусымдағы арнайы шешімімен Шымкент қаласына республикалық дербес қала мәртебесінің берілуімен құттықгаймын! Бұл біздің қала үшін, қала тұрғындары үшін, білім саласы үшін тарихи шешім деп айта аламын. Мұндай шешімнің арқасында біздің қаламыздың стандарттары, яғни білім, денсаулық сақгау, сәулет-құрылыс, мәдениет салалары биік деңгейге көтерілетін болады. Алдымызда үлкен жоспарлар түзілген. Сол жоспарларды орындау үшін қала тұрғындары барлығымыз бірігіп, жұмыла еңбек етуіміз керек. Сонда ғана біз Астана мен Алматымен иық тіресіп, тең дәрежеге жете аламыз деп айта аламын. Жұмыла еңбек етсек, біз алмайтын қамал жоқ.

Білім саласында болып жатқан оқиғалар мен өзгерістер туралы тоқгала келіп, пікірімді айтып, сіз- дермен ой бөліссем деп отырмын. Бірінші мәселе мектепке дейінгі білім беру саласында біраз жетіс- тіктерге жеттік. Бүгінгі таңда бала- ларды балабақшамен қамту ста- тистика бойынша 87,9 пайызға жет- кен. Мемлекеттік білім бағдарламасы бойынша біз мұны 2019 жылы 100 пайызға жеткізуіміз қажет. Осы мәселе бойынша қалалық білім басқармасына тапсырма бергенмін. 10500 орынға лайықгалған балабақша салу үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады. Бұған шамамен алғанда 2 млрд. 600 мың теңге қаржы бөлуі- міз қажет. Қаладағы балабақшалар саны — 459. Оның 351-і жекемен- шік. Келесі жылы балаларды балабақшамен қамту 100 пайызға жетуі керек. Бірақ, тек статистика деп қатып қалмауымыз керек, балабақшалардың сапасын да қатаң қадағалауға алуымыз қажет. Ата-аналар өздерінің кішкентай- ларын балабақшаға сеніп тапсыр- ғандары мақұл. Балапандарымыз да балабақшаға баруға асы-ғып тұратындай дәрежеге жеткені жөн және соған жеткіземіз деп сенім артамын. Бұл үшін біз балабақша- лардың материалдық-техникалық жағдайын жақсартуымыз керек.

Әсіресе, жекеменшік балабақ- шаларды. Сол балабақшада жұмыс жасайтын әдіскерлер мен тәрбие- шілер білікті маман болулары керек. Содан кейін балалардың жейтін тамағы ағзаға пайдалы, зиянсыз болғаны мақұл. Жатын орындары да жайлы болғаны жөн. Ойнайтын ойыншықгары да сапалы, жұмсақ болулары керек. Сонда ғана ата-аналар да перзенттері үшін балабақша ақысын төлеуден бас тарт-пайды. Көңілдері орнында болады. Себебі әрбір ата-ана өз перзентінің барлық жағынан жайлы балабақшада тәрбие алғанын қалайды.

Сол үшін «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының бірінші орынбасары Бахадыр На- рымбетов мырза, Сіздер өз тарап- тарыңыздан арнайы комиссия құрып, барлық балабақшаларға рейд жасап, тексеріп шыққандары- ңыз жөн. Бұл менің тарапымнан жасалған ұсыныс болсын. Арамызда қалалық мәслихаттың хатшысын, депутаттарды алып арнайы комиссия құрамына енгізіп, балабақшалардың асханасын, тіпті кір жуатын ұнтақгарына дейін тексеріп шығуларыңызды сұраймын. Бұл арнайы тапсырма. Нәтижелерін қарап, сол бала- бақшаның құрылтайшыларымен жолығамыз. Тіпті, жұмыс жүйесіз жүргізілетін болса, біз оларға мем- лекеттен берілетін тапсырысты тоқ- татамыз. Сол кезде ғана бізде тек сапалы балабақшалар жұмыс жа- сап, арнайы тәртіпке бағынатын бо- лады.

Екінші мәселе орта білім жүйесі жайында. Шымкентте демография- лық өсім өте қарқынды екенін бәріңіз жақсы білесіздер. Жыл сайын қалада 20 мыңдай сәби дүниеге келеді. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, мақтаныш.

Биыл 8 мың оқушы мектеп бітірді. Ал бірінші сыныпқа баратын оқушылардың саны шамамен 22 мыңдай болады деп күтілуде. Айырмашылықтың қандай екенін байқап отырған шығарсыздар. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып отыр. Сол үшін Астанадан келіп отырған қадірменді қонағымызға осы жағдайды министрлікке жеткізсеңіз екен деп өтініш айтамын. Мүмкін, Солтүстікте оқу- шылар саны жеткіліксіз болғандық- тан, мектептер жабылып жатқан шығар, ал бізде керісінше

мектептер саны жеткіліксіз болып отыр. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы — біз жыл сайын 5-6 жаңа мектеп салуымыз керек. Биыл ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы тапсыр- масына сәйкес мектептердің жанынан қосымша оқу корпустары ретінде ғимараттар са-луымызға болады. Сонымен қатар, салалық министрлікте жекеменшік мектептер салу мәселесі қозғалып отыр. Мұндай мектептерге баратын әр оқушыға Үкімет тарапынан 350 мың теңгедей қаражат төленеді.

Бұл жүйе мақұлданатын болса, мұғалімдеріміздің де жалақы- ларының көтерілуіне зор мүмкіншіліктер туады.

Білім сапасын ішкі бағалау 66 пайыз құрапты. Бірақ министрлік тарапынан сырттай қадағалау 37 пайызды құрап отыр. Неге?! Мұны білім сапасының төмендігі мен кей- бір мұғалімдердің әділ бағаламауы- ның нәтижесі деп түсінемін.

Мұғалімдеріміз тек отандық білім-мен ғана шектеліп қалмай, шетелде білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасып тұруы керек. Былтыр біз Финляндияға оқуға жібереміз дегенде 400 үміткер өз кандидатурасын ұсынған. Бірақ, нәтижесінде ағылшын тіліне жетік 10 мұғалім ғана барған. Бұл — тым төмен көрсеткіш. Мұны жеделдетіп қолға алған мақұл. Қазір әрбір адам өз білімін жетілдіріп, толықтырып отыруға атсалысқаны жөн. Күн- делікгі оқу керек. Мен өзім күнде жұмысқа дейін, жұмыстан кейін арнайы бір-екі сағат уақытымды онлайн түрде білім алуға жұмсаймын. Мұндай мүмкіншілікгер

Сіз-дерде де бар деп ойлаймын. Сол үшін үнемі оқудан жалықпауларыңыз қажет.

Енді автоматтандыру және ақ- параттандыру жүйесіне тоқгалар болсам, есептеп қарасақ, қаладағы әрбір 13 оқушыға жалғыз ғана компьютерден тиесілі екен. Бұл тым төмен көрсеткіш. Қалалық білім басқармасы автоматтандыру, ақпа-раттандыру, цифрландыру жүйесін қысқа уақыт ішінде оңтайлы шешеді деген ойдамын. Сіздер қанша қаражат керек екенін есептеп, ұсыныс беріңіздер, біз соны қарастырып жедел түрде шешуге әрекет жасайтын боламыз.

Содан кейінгі мәселе, мектеп асханалары. Жасыратыны жоқ, қаламыздағы мектептердің асха- налары көңілге кірбің ұялататыны анық. Бұл мәселе жөнінде арнайы комиссия құрып, тексерген де болатынбыз. Сол кезде байқағаны- мыз, әр мектеп әртүрлі жағдайда тағам дайындайды. Мысалы, бір мектептің компоты тәтті болса, енді бірінде ол жартылай су. Бұлай істеуге болмайды. Сол үшін Бахадыр Нарымбетов мырза, бұл да Сізге берілген тапсырма деп ұғы-ныңыз. Арнайы комиссия

құрып, мектептерді қатаң қадаға- лауға алуыңыз қажет.

Содан кейін бәріңізге бепгілі, былтыр 30 мектепте электронды күнделік жүйесін енгізген болатынбыз. Сол электронды күнделік енгізілген мектептерде балалардың сабаққа қатысу деңгейі 15-20 па- йызға артқан. Ал мектепішілік бұзақылықгар, оқушылар арасында жасалатын қылмыстар көрсеткіші тым төмен болған. Көрдіңіздер ме, сол үшін бізге электронды күнделік жүйесі өте қажет. Мұны да жедел түрде қолға алуымыз керек. Суицид мәселесіне тоқгалсам, жыл басынан бері 12 суицид фактісі тіркелген. Өкінішке орай, соның жетеуі өліммен аяқталған. Бұл — тым үлкен көрсеткіш әрі жылы жауып қоя салатын мәселе емес. Мұндай жағдайды тіпті болдыр- мауымыз керек. Бұл үшін ата- аналардан бөлек ұстаздар қауымы әр баламен психологиялық жұмыс жасағандарыңыз жөн. Арнайы тесттер арқылы балалардың психологиясын анықтаңыздар. Сол тесттен-ақ бәрі байқалады. Сол үшін балалармен жүйелі жұмыс жасауды еш тоқтатпаңыздар.

Қаладағы 178 мың оқушыға 15 мыңдай ұстаз тәлім-тәрбие береді. 8 қосымша білім беру мекемесіне 19 мыңдай бала қамтылған. Бұл да тым төмен көрсеткіш. Фосфор- шылар сарайын бүгінде қаланың балансына өткізуге ұсыныс жасағанбыз. Арнайы жобасын да түзіп қойдық. Егер де оны біздің балансқа өткізсе, биылдан қалмай күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, сол шағынаудандағы тұрғындардың балалары үшін

Оқушылар сарайын жасауды көздеп отырмыз.

Енді колледждер туралы айтар болсам, бұрын колледжер облыстық білім басқармасына қарайтын. Қазір обпыс атауы Түркістан деп өзгер-тілгеннен кейін 12 колледждің 10-ы Шымкент қаласының білім басқармасына өтті. Бұған қосымша 24 жекеменшік колледж тағы бар. Осы арнаулы орта оқу орындарында 47 мыңдай студент тәлім-тәрбие алып жүр. Бүгін таңертең ҚР Премьер- министрінің қатысуымен үлкен се- лекторлық мәжіліс өтті. Сондағы мәселелердің басым бөлігі сол колледждердегі дуальді оқыту жү- йесі туралы айтылды. Колледждердегі жалпы оқыту жүйесін мүлде басқа деңгейге өткізу қажет деп ойлаймын. Онда оқыған әр студент бітіре сала, жұмыспен қамтылуы қажет. Себебі, жұмыс беруші оларды күтіп отыруы керек.

Мұғалімдердің жалақысын көтеру мен оларды үй-жаймен қамту — өткір де өзекті мәселе екені белгілі. Таяу жылдарда ұстаздардың бәрі баспаналы болады. Тағы да Сіздерді жаңа оқу жылының басталумен құттықгап, қиын да жауапты жұмыс-тарыңыға табыс тілеуге рұқсат етіңіздер! — деді.

ҚҚР Білім және ғылым минис- трлігі Білім және ғылым саласын- дағы бақылау комитеті басшы- сының міндетін атқарушы Ғалым- жан Сұлтанбекұлы Жұмашев:

— Қайырлы күн Ғабидолла Рах- метоллаұлы және тамыз кеңесіне қатысушы қадірменді ұстаздар! Сіздердің бәріңізді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықгаймын! Шымкент қаласының жаңа мәртебесімен, Елбасының арнайы Жарлығымен Ғабидолла Рахметоллаұлының Шымкент қаласының әкімі қызметіне қайта тағайындалуымен, сонымен қатар қалалық білім басмқармасының тізгінін қолына ұстаған Ақерке Абылайханқызын да өз тарапымнан құттықгап, қызметтеріне сәттілік тілеймін!

Құрметті Ғабидолла Рахметоллаұлы, жаңа өз баяндамаңызда атап көрсеткендей, білім басқармасындағы өзгерістер министрлік тарапынан өз қолдауын табады деп айта аламын. Ұсыныс, пікірлеріңізді елеп, ескеретін боламыз.

Кеше ғана Астана қаласында тамыз кеңесі өткізілді. Сол жерде барлық толғақты сауалдарыңызға жауап алдыңыздар деп ойлаймын. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таныстыңыздар деп ойлаймын. Жалпы кеңестің мақсаты — мұғалімдердің жағдайын жасау арқылы білім сапасын арттыру, жаңа оқу жүйелерін енгізу.

 

Біріншіден, мектепке дейінгі білімнің жағдайын сөз еткенде кішкентайларды балабақшамен қамту мәселесі алға шығады. Бұл мәселе 2020 жылға дейін толық жүзеге асуы қажет. Одан кейінгі мәселе балабақшаға кезекке тұру мен жолдама алу толығымен электронды форматқа ауыстырылады. Бұл жүйе ең алдымен Шымкент қаласында енгізілгені бәрімізді қуантып отыр.

Орта білім бойынша жаңа оқу жылынан бастап өздеріңіз білетіндей, 3,6,8 сыныптар жаңартылған бағытқа көшеді. Бұл жұмыс 2020 жылға дейін толық аяқталатын болады. Биыл «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 5,7 сыныптарға «Өлкетану» курсы енгізілді. «Информатика» пәні биыл 3- сыныптан бастап енгізілмек.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы келесі жылдан бастап 1,2 сыныптарға енгізілетін болады.

Келесі мәселе тікелей мұғалімдерге байланысты болмақ. Салалық министрлік педагогтардың толтыратын кұжаттарының тізбесін алғаш рет бекітті. Ол тек бес құжаттан тұрады. Нақтылай кетсем, оқу жоспары, сабақ жоспары, критерийлік бағалау, электрондық күнделік және электрондық журнал. Мұғалімдерден бұдан басқа ешқандай есептік қағаз сұралмауы тиіс. Мектеп директорлары осы талапты мұқият орындауы керек. Министрдің мәлімдеуі бойынша бұл мәселеге жергілікті білім деңгейін бақылау департаменті өздерінің тексерісінде көңіл бөлетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің құқығын қорғайтын және міндетін реттейтін мектеп пен ата-ана арасында арнайы келісімшарт түзіліп, нормативтік құжатқа алғаш рет өзгеріс енгізіліп отыр. Мектеп директорлары мен ата-аналар арасында арнайы келісімшарт болады. Бұл мектеп пен педагогтарымыздың мүддесін қорғау үшін жасалып отыр.

Мектеп директорларының кәсіби деңгейде көтеру мәселесі де өзекті болып тұр. Мектеп директорларын тағайындауға да өзгеріс енгізілді. Бұл жөнінде қалалық білім басқармасының басшысы толық айтып өтетін болады. Бұдан кейін айтатын жайт, жан басын қаржыландыру механизмін енгізу жайында нормативтік акт бекітілді. Бұл жұмыс Астана, Шымкент қалаларында алғаш рет басталды. Жан басын қаржыландыру басты мәселелердің бірі. Жергілікті атқару органдарына осыған баса назар аударуды сұранамыз. Себебі, республикалық бюджеттің қаржысына жыл сайын жүздеген мектеп салынады. Үш ауысымдық және апаттық мектептер мәселесі әлі күнге дейін сақталуда.

Қазіргі таңда республиканың 7 өңірінде 73 қанатқақты жоба қолға алынған. Ағымдағы оқу жылынан бастап, Шымкент қаласының үш мектебі жан басын қаржыландыру бағдарламасына енгізілетін болады. Апатты жағдайларды шешетін болады. Бір қуанарлығы, Шымкентте апаттағы жағдайдағы мектептер жоқ. 8 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Дегенмен, үш ауысымда оқитын мектептер баршылық. Бүгінде осы жағдайды жеделдетіп шешу мәселесі қолға алынып отыр. Содан кейінгі мәселе — орта арнаулы орта оқу орындары. Дуальді оқытуды қолға алып, үйлестіру кеңесін құру қажет. Шымкент қаласында жаңадан құрылған білім басқармасының жұмысы Астана, Алматымен теңеседі деп айта аламын. Бұл үшін қолжетімді интернет жүйесін енгізу, мектеп кітапханаларын оқулықтармен толықтыру, қосымша білім беру жүйесін қалыптастыру қажет.

Құрметті ұстаздар, Сіздерге тың идеялар мен шығармашылық табыстар тілеймін! Жаңа оқу жылы құтты болсын! — деді.

Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан:

— Қайырлы күн Ғабидолла Рахметоллаұлы, ұстаздар және тамыз кеңесіне қатысушылар! Дәстүрлі тамыз кеңесіне қош келдіңіздер! Байқап отырған шығарсыздар, биылғы тамыз кеңесі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» деп аталады. Мақсатымыз — жаһандану дәуірінде жаңа заман ағымынан қалыспау. Жалпы ұстаздар қауымы жылда тамыз кеңесінде не айтылар екен, биылғы оқу жылын қалай бастаймыз, тыңдайық, көрейік деп келесіздер. Таңертеңнен бастап секциялар ұйымдастырылды. Бұл секциялардың өтуіне білім сарапшылары, Назарбаев зияткерлік мектебі, «Алма» университеті, «Стэм» академиясы, ғылыми орталықтардың өкілдері қатысты. Білім басқармасының басшысы болып тағайындалғаныма небәрі бір апта ғана болды. Сонда да Шымкент қаласының білім саласында жасалатын жұмыстар туралы өз ойыммен бөліссем деймін. Биыл Шымкент қаласында жалпы 141 мектеп, 8 жекеменшік мектеп, 459 балабақша, 8 қосымша білім беру мекемелері өз жұмыстарын бастауға дайын.

Бірінші мәселе — балабақша болып отыр. Жалпы, қашанда нарыққа икемді кәсіпкерлердің арқасында кішкентайлар балабақшамен жақсы қамтылған. Бірақ, ондағы сапа қандай? Балабақшалардағы педагог мамандардың біліктілігі қай деңгейде? Олардың 11,5 пайызы ғана біліктілігін арттыру курсынан өткен.

«Монтессори» педагогикалық бағдарламасы бойынша 2-3 балабақша ғана арнайы курстан өткен. Бір балабақшада балаға қол көтеру фактісі тіркелген. Бұл нені білдіреді? Келе сала мен осы мәселеге терең үңіліп қарадым. Балабақшаларда жұмыс жасайтын педагогтарымыздың біліктілігінің төмендігі, баламен дұрыс жұмыс жасай алмайтыны байқалады.

Екінші мәселе — мектептер құрылысы. Жаңа айтылып өткендей, Шымкент қаласы — қаймағы бұзылмаған өлке. Демографиялық өсімге ие. Балаларымыздың білім алуына жақсы жағдай жасауымыз қажет. Әрине, үш ауысымдық мектептер, бір сыныпта 40-тан астам оқушылардың отыруы жағдайды қалайша жақсартады? Мұны шешу үшін салалық министрліктің ұсынып отырған жан басын қаржыландыру мәселесі бойынша түрлі бизнес өкілдерін осыған тарту керек. Бұл жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізуді алдағы жоспарымызға енгізіп отырмыз. Биыл екі мектеп пайдалануға беріледі. 8 мектепке күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Ал, 40 мектеп пен 38 балабақшаның жөндеу жұмысы қазан айында аяқталатын болады.

Үшінші — оқулықтар мәселесі.

Жалпы биыл Шымкенттегі мектептердің 3,6,8 сынып оқулықтары толық жеткізілді. 94.4 пайыз мектептер кестеге сай қабылдап отыр. Мектеп басшылары 28 тамызға дейін қалған сыныптарға жетпейтін оқулықтардың санын есептеп, ұсынуларыңыз қажет. Үш тілде білім беру — заман талабы. Рухани жаңғыру — сананы жаңғырту заманында барымызды бағалап, құндылықтарымызды қадірлей отырып халықаралық кеңістікке ену — бүгінгі күннің басты талабы. Үш тілде білім беру бойынша қаламызда 956 мұғалім өз білімін жетілдірді. Жаңа оқу жылынан бастап 43 мектепте физика, математика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту элементтерін енгізе отырып оқыту басталады. Алдымен ана тілімізді қадірлей білуіміз қажет. Бірақ, көп тіл білудің ешқандай артықшылықтары болмайды.

Бесінші — білім сапасы. Жалпы Шымкент қаласы бойынша 2018 жылы 7987 түлек оқуды аяқтаса, соның 68,2 пайызы ұлттық бірыңғай тест тапсырған. Қорытындысы бойынша жалпы орташа балл — 83,6-ны құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда 1,6 пайызға аз. Қала бойынша орташа балл есебінен үздіктер қатарында №65, 26, 90, 38, 80, 23 47,79,129,86 мектептер болса, ал ең төмен көрсеткіш көрсеткен №27, 34, 94, 102,106,108,109,111,116 мектептер. Жалпы салалық министрліктің талабы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуден қандайда бір саяси рейтинг жасауға болмайды. Бірақ, бұл — баланың болашағына бағдар беретін емтихан. Оқушыға жақсы бағыт-бағдар беру үшін оған жағдай жасап, дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізуіміз қажет. Пәндік олимпиадалар бойынша жалпы халықаралық дәрежеде Шымкенттен 181 бала жеңімпаз атанған. Енді өзім халықаралық білім саласында бірнеше жыл қызмет атқардым, жалпы халықаралық сарапшылар қазақ жастарының оқуға деген құштарлығын ерекше айтып өтеді. Сондықтан, шетелдерде Халықаралық дәрежеде біздің шәкірттеріміз жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Біліктілік, білімді беретін осы ұстаздар. Бүгінгі таңда педагог кадрларды аттестациялаудың жаңа механизмі енгізілді. Шымкент қаласы бойынша 1554 ұстаз жаңа аттестациялау бойынша құжат тапсырған. Әрине, қоғамда ой болды. Неліктен мұғалімдер қайта-қайта емтихан тапсыра береді деген. Бірақ, оқушы жақсы білім алу үшін мұғалім өзі де білімді болу керек. Ұстаздар қауымы тестті жақсы тапсырды. Осы тамыз айының соңында аттестациялау қорытындылары әрбір мектепке жеткізіледі және лауазымдылық санатына қарай жалақысы 30-50 пайызға көтеріледі. Сонымен қатар салалық министрліктен шығып жатқан әртүрлі заңнамалық құжаттар бар. Осы министрлікте ұзақ жылдар бедерінде қызмет істеген тәжірибемді пайдалана отырып, келешекте қандай құжаттар шығып отырғанын ұстаздар уақтылы біліп отыратын болады. Қандайда құжатпен келіспеген жағдайда немесе ұсыныстар болған жағдайда салалық министрлік оны қашанда қабылдайды. Мектеп басшыларын тағайындау бойынша салалық министрлік өзгерістер енгізіп отыр. Енді мектеп директорларының кандидатураларын әрбір мектептің қамқоршылық кеңесі ұсынатын болады. Сондықтан, мектептерде қамқоршылық кеңесі формальді түрде болмауы керек. Қоғамда белсенді, білімге деген құлшынысы жоғары, жаңа технологияларды батыл меңгере білетін азаматты таңдап, сол мектептің қамқоршылар кеңесі бірнеше кандидатураларды ұсынады. Сол кандидаттар тест тапсырады. Бұрын тест сұрақтары 90 болса, қазір 120-ға жетті. Келесі кезекте барлық кандидаттар салалық министрлікте жеке тестілеуден өтіп, комиссия шешімімен тағайындалатын болады.

Ақпараттық технологиялар дамыған заманда әр оқушы өздерінің дамыған елдердегі қатарластарынан қалмай сапалы білім алуы қажет. Бұл үшін барлық мектептердің интернет желісі қамтылғаны, мұғалімдердің журнал толтыруына желі күші жете ме, мектептегі 13 оқушыға бір компьютерден келуі — осының бәрі тым төмен көрсеткіш. Бұл жағында да атқарылатын жұмыстар өте көп.

Шәкірттердің бірыңғай ұлттық форма киюі міндетті болып отыр. Себебі кезінде бұл ұсыныс салалық министрлікке ата-аналар тарапынан түскен болатын. Себебі әр оқушы психологиялық тұрғыдан өзін барлық оқушылармен тең сезінуі керек. Барлығы бірдей формада болуы тиіс. Мектеп — ең алдымен шәкірттерге тәлім-тәрбие беретін орын. Жалпы қала бойынша біздің алған мәліметтерімізге сәйкес мектеп формасы 18 мыңның көлемінде болып отыр.

«Мектепке жол» акциясы аясында «Балаларға көмектес!» атты ұранмен бірнеше компаниялар, азаматтар, кәсіпкерлер есебінен көмек көрсетілуде. 15 мыңға жуық балаға әлеуметтік көмек көрсету көзделген. Мемлекеттік бюджеттен 9272 балаға көмек көрсету үшін қаражат бөлу қарастырылған. Жалпы осындай игі істердің басынан табылған азаматтардың ісі үлкен құрметке лайық. Мұндай өз еркімен көмек беріп жатқан азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Ал біздің Ата Заңымызға сәйкес орта білім алу тегін. Сондықтан, мектептерде оқушылардан қандайда бір ақша жинау деген жағдаяттар болмауы керек.

Мектепке даярлық жұмыстары қазірге дейін алған мәліметтер бойынша барлық мектептерде ойдағыдай. Ешқандай проблемалық мәселелер туындап отырған жоқ. Ғабидолла Рахметоллаұлы, Сіздің өткен жолғы тапсырмаңызға сәйкес денсаулық сақтау, құқық қорғау салаларының өкілдері мектептердің санитарлық талаптарға сәйкестігін, бала жүретін жолдардың дұрыстығын тексеріп мәліметтер беріп отыр. Бұл жұмысты одан әрі қарай жалғастырамыз. Сонымен қатар облыстағы он колледж бізге өтеді. Жалпы колледждік білім беру саласында әлемдік стандартар дәрежесінде жүргізіледі.Бұл жерде Германияның дуальді жүйесі бойынша жұмыстар жасайтын боламыз. Мақсатымыз — нарыққа қажетті мамандарды дайындау.

Жоғары білімнің жағдайы да ойлантады. Балабақшаға, мектептерге кім келеді? Университетке де сондай. Сол себепті біз университеттермен тығыз жұмыс жасауға дайынбыз. Жалпы қаладағы орыс тілді мұғалімдерге 116 вакансия бар, яғни мұғалімдерге қажеттілік туындап отыр. Бізде ішкі академиялық құрлық бар. Солтүстікте орналасқан университеттік құрлықты пайдалана отырып немесе сол университетті бітірген студенттермен байланыс жасай отырып, осы мәселелерді шешуді қарастырсақ деген ойдамын.

Сөзімді қорытындылай келе ұстаз деген — ұлы ұғым. Білім саласы жоғары дамыған Финляндия мемлекетінде ұстаздарды білімнің шырағы, қоғамның рухани күші деп таниды. Бүгінгі біз дайындаған ұрпақ — ел келешегі. Сондықтан, ұстаздардың мәртебесінің биік болғанын қалаймын. Ұстаз білім берумен айналысу керек. Ұстаздың мәртебесі биік болу керек. Асыл ұстазым деп әрбір оқушы құрметтеп жүргені ләзім. Сондықтан, сол бағытта жұмыс жасайық. Алдағы келе жатқан Білім күні мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздермен жүйелі жұмыс жасауға әрқашан да дайын екенімді мәлімдеймін, — деді.

Басқосу барысында Астанадағы Назарбаев университетінің профессоры, педагогика ғылымының докторы Гүлтас Сайынқызы Құрманбай «Білім мазмұнын ізгілендіру — Рухани жаңғырудың кілті», Халықаралық Конрад Аденауэр қорының Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хнельм «Германия мемлекеті білім беру жүйесінің ерекшелігі», республикалық физика- математика мектебінің директоры Шыңғыс Нұрланов «Республикалық физика-математика мектебінің озық Халықаралық тәжірибесін ендіру», «Болашақ» жекеменшік мектебінің директоры Юлия Сергеевна Корбан «Мемлекеттік — жекеменшік әріптестік Қазақстан Республикасындағы білім берудің қарқынды даму факторы»,

 

Ұстаздар әулетінің жарқын өкілі, халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі Ақерке Абылайханқызы Абылайхан Шымкент қалалық білім басқар- масына басшылық қызметке келді. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарындағы әріптес- теріміздің жазуынша, бұған дейін оның мектепте, Шымкентте жұмыс істемегені туралы жазады. «Ақын болу шарт емес, азамат болу міндетің» демекші, біз оны шырайлы шаһарымызға бақ болып келген басшы деп дәріптейміз. Осы орайда жас та болса бас болып отырған қала әкімі Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымовтың таңдауы өте дұрыс екенін ерекше қадап айтқымыз келеді. Күні кеше ғана өткен тамыз кеңесінде оның іскерлік, ұйымдастырушылық қарым-қабілетінің жоғары екені бірден байқалды. Төрткүл әлемге танымал тұлғалардың және республикаға белгілі азаматтар- дың келіп белсенді қатысуы осының бір айғағы іспеттес.

А. Абылайхан 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысының Арқат ауылында дүниеге келген. Семей педогогикалық институты- ның түлегі. Кейіннен әл-Фараби атындағы Қаз¥У-да, Германияда- ғы Хемниц техникалық универси- тетінде тәлім алған әрі ғылыми

Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Досмұхаммед Тәжібай «Тәуелсіз елдің болашағы — берік қаланған білімде» тақырыптарында баяндама жасады.Бұдан кейін мақтаулы мұғалімдерді марапаттау рәсімі өткізілді.Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Информатика» кафедрасының доценті, экономика ғылымының кандидаты Нағима Файзуллаевна Сәрсенбиева білім саласындағы ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.Шымкент қаласы білім басқармасының орынбасары Айгүл Қалыбайқызы Текебаева, Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп- лицейінің директоры Есім Әшімқызы Ұлжалғас Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минситрлігі-нің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен мараптталды.«Алтынбек» ЖШС балабақшасының құрылтайшысы Азиза Жанзахова, №90 жалпы орта мектеп директоры Арман Шымбайұлы Орынбеков Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минситрлігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгісімен марапатталды.

қызметтер атқарған.Философия ғылымдары бойынша Доктор Рһd-ғылым- дарының кандидаты (Рһ^.) және жаратылыстану ғылымдары бойынша Рһd-докторы (неміс жүйесінде) оқытушылық дәреже- леріне ие. Қазақ тілімен қатар орыс, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген.

Бірқатар мемлекеттік және халықаралық марапаттар алған. Ауғанстанның Жоғары білім министрлігінің Құрмет грамота- сымен, ТМД-ның Білім беру жобалары жөніндегі Атқарушы комитетінің, сондай-ақ ШЫ¥-ның медалімен марапатталған. Ол кезінде ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР ¥лттық комиссиясының Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитетінің мүшесі, Б¥¥-ның әйелдер ісі жөніндегі ғылыми кеңесшісі болған.

¥зақ жылдар бедерінде Қазақ- стан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде, «Нұр Отан» партиясы саяси басқару академиясында жауапты қызмет- тер атқарған. Міне, осындай білімді де білікті басшының Шымкенттегі педагогикалық қызметтің сапасын көтеріп, Астана мен Алматының деңгейіне жеткізетініне бек сенімдіміз.

№65 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Журсин Сасызбайұлы Дайырбеков, № 130 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Балжан Жұмабекқызы Беркенова, № 47 мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мафуза Үсенқызы Аділбекова, № 17 жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Мейрамкүл Оспанқызы Бейсенбаева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. № 39 жалпы орта мектеп директоры Марат Әбдіқадырұлы Бейсе, Шымкент қалалық білім басқармасының бухгалтері Гүлбаршын Таңатарқызы Узгелдиева, № 55 жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Роза Қуандыққызы Белгібаева, № 28 жалпы ота мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гулмира Нурғалиқызы Сембина, № 45 мектеп-гиманзиясының тарих пәнінің мұғалімі Абат Срымович Алманов, № 46 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Татьяна Александровна Гурьянова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Әділ ҚЫРАН,

Әбдісаттар ӘЛІП.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *