ӘКІМДІК БІЛІМДЕГІ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ МОЙЫНДАУДА…

Білім Мәселе
665 Views

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы ШӨКЕЕВ мырзаның назарына!

ӘКІМДІК БІЛІМДЕГІ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ МОЙЫНДАУДА…

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде болып жатқан келеңсіз жағдайларға байланыстыҮкіметке екі апта мерзім беріп, республика бойынша түйткілді мәселелерді жолғақоюды тапсырған болатын. Өкінішке қарай қазіргі жағдай мәз емес. Күні кешеҚазақстан Республикасының цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібіминистрі Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев қызметінен босатылды. Оның алдындаҮкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Білім және ғылымминистрлігінің жаңа оқу жылына дайындығына күмән келтіріп, Асхат Аймағамбетовкекөкейтесті сұрақтарды төтесінен қойды. Демек білім саласында әлі шикіліктеркөп.

«Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің өткен сандарында Түркістан облысындағы білім саласына қатысты мәселелердің бір шетін шығарған болатын. Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы (бұрынғы білім басқармасы) басшылығы тарапынан жіберілген қателіктер және заңсыздықтар күн сайын қордаланып бара жатыр. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласында Мұрат Әбенов Kun.kz порталында «Почему в стране слабая взаимосвязь системы ТиПО и рынка труда» тақырыбында тікелей эфир ұйымдастырған болатын. Оған спикер ретінде қатысқан «Dala-Fruit.Kz» ЖШС-нің Бас директоры Болат Нәжімиддинұлы Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасына (бұрынғы білім басқармасы) қатысты біраз заңсыздықтарды айта келіп, бұл басқарманың сыбайлас жемқорлыққа батқанын ашық айтты. Яғни техникалық және кәсіптік білім беру колледждеріне берілетін мемлекеттік тапсырыстарды өткізуде басқарманың басшысы Р.Жолаев және оның орынбасары Р.Асановаға қатысты сынды тікелей жария етті. Осы күнге дейін басқарма тарапы өз кемшіліктерін жоққа шығарып, жауап қайтару немесе Болат Нәжімиддинұлына ҚР ҚК-нің 129, 130 баптарын негізге алып, сотқа тарту әрекеттері байқалмады. Демек бұл мойындау деген сөз. Осыдан келіп шығатын түйін Түркістан облысының білім саласы сын көтермейтін деңгейге жеткенді байқатады. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев мырза өз қоластындағы білім саласындағы былықтардан хабарсыз ба екен әлде білім басқармасындағылар Шөкеевті негізсіз есептермен «тойдырып» жүр ме екен? Рас, бүгінде жаңадан құрылған облысты аяқтан тұрғызу, инфрақұрылысын дамыту мәселелер Өмірзақ Естайұлына оңай соқпай жүргені анық. Оған төтенше жағдайлар – жарылыс, су тасқыны, карантин жағдайларын қосыңыз. Ал, сеніп тапсырған білім саласын Жолаев жолда қалдырмасына кім кепіл бола алады? Өйткені өзінің жүгенсіз кеткен орынбасары мен бөлім басшысына тісі батпай қалғандай кейіп танытып жүргені тағы бар, әлде Жолаевтың өзі де іштей сыбайлас па екен? Мұны алдағы уақыттар көрсете жатар. Осы басқармада анық, нақты жолға қойылған жүйе жоқтың қасы. Тағы бір қордаланған мәселеге назар аударайық. Кәсіптік білім беру оқу орындарына цифрландыруды енгізу соның ішінде «Платонус» бағдарламасын орнату мүлдем жүзеге асырылмаған. Бұған 2019 жылы 50 млн теңге арнайы бөлінген. Яғни облыстағы 25 мемлекеттік колледжді цифрландыру, «Платонус» бағдарламаларын орнату, қашықтықтан оқытуды дайындайтын арнайы жүйелі бағдарламаны жүзеге асыру мәселесі шешілуі тиіс болатын. Алайда бұл бюджеттен бөлінген қаржы дер кезінде игерілмей, талан-таражға түскен. Өкінішке қарай басқарма басшысы Жолаев мырза және оның орынбасары Асанова ханым бұл мәселеге немқұрайды қарап, үнсіз отырғандарына не айтар екен?! Әлде цифрландыру басқармасы ақшаны бөліп, қайтарып алды ма екен? Бүгінде облыстағы оқу орындары өз бетінше түрлі платформаларда жұмыс жасап жүр. Бір типтік жүйе жүзеге асырылмаған. Сонда Түркістан облысының білім саласы қалай дамиды? Бұған жауапты басқармалардың әрекеттері қылмыс жасағанмен пара-пар емес пе? Бұл болашақ жастардың өміріне балта шапқандай әсерге бөлейді ғой адамды. Ал енді осы салаға жетекшілік жасайтын облыс әкімдігінде әкім орынбасары Сәкен Қалқаманов есімді шенеунікке айтар сөз жоқ. Салаға жауапты бұл азамат Шөкеев мырзаға қандай есеп беріп жүргені тек өзіне ғана аян шығар. Біз өкінішке орай бұл әзірге «замәкімнен» жақсылық нышанын көре алмадық. Ж.Жолаев басқаратын бұл басқармаға қатысты сыни пікірлер, заңсыздықтарды әшкерлеу жағдайлары күн сайын көбейіп келеді. Бірақ әкімдіктен «Жоқ бұл басқарманың тірлігі жөн деген» ақталу сөзі де айтылмады. Осыған қарағанда әкімдікте білімдегі жемқорлықты мойындайды екен-ау деген ойда қалдық. «Бетеге кетсе бел қалар, Бектер кетсе ел қалар, Берекең кетсе нең қалар?» демекші білімнен береке қашқан тұста елге жанашыр азамат елден ұялып, ертең артымнан жақсы сөз қалсын деп елге, отанға адал қызмет етсе білімдегі былықтар мұншалықты ушықпас па еді? Көтерілген мәселеден тиісті қорытынды шығарып, облыс әкімі осы салаға арнайы тексеріс жүргізіп, қауіптің алдын алуға мүмкіндігі бар әрине. Өйткені Өмірзақ Естайұлы кеңпейілдік танытып, сеніп жүрген қызметкерлерінің бетпердесін қатаң тексерістен кейін анық байқайтынына күмәнсіз сенеміз. Біз алдағы уақытта бұл мәселеге қайта оралатын боламыз.

Қ. БОТАБЕКОВ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *