ӘКІМ САҒАН АЙТАМ, ХАЛҚЫМ, СЕН ДЕ ТЫҢДА!

Көзқарас
765 Views

Республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап мына өмірде көргені мен көңілге түйгені көп ардагер аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің тәлім-тәрбиеге толы тағылымдық ой-пікірін оқырман қауымға жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Осы орайда «Бабаларсөзі – ақылдың көзі» атты жаңа айдар ашуды жөн көрдік. Беташар сөзді ҚР еңбексіңірген қайраткері, Түркістан облысының Құрметті азаматы Бекет ТҰРҒАРАЕВ ағамыздан бастадық.

– Шымкентқаласы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мәдени астанасы депбелгіленіп, бірқатар игілікті жұмыстар атқарылып жатыр. Ал енді осыншама елдішақырып, таныстыру үшін қаланың мәдени келбеті де жаңару керек. Бұл үшінкөптеген жұмыстар атқарылуға тиіс. Алдымен мынау Абай саябағындағы ақынның ескіескерткішін ауыстыру қажет. Биыл төрткүл әлемнің «Екінші ұстазы» атанған ғұламағалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына байланысты да іс-шараосында өтпекші. ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтілетін мерейтойға жан-жақтыәзірлікпен барғанымыз мақұл. Ендеше, Әл-Фарабидің ескерткіші мәдени ошақтардың алдына, мысалы, «Түркістан» сарайының алдына немесе қалалық әкімдіктің алдына орнатылса жөн болар еді. Сөйтіп, аса көрнекті ұлы тұлғаның осы топырақтажаралғанына көп адамның көзі жетіп, оның көркіне, сәулетіне қуанып тарқайтынеді. Осы мәселені біз әкімдікте де, тағы басқа жерде де айтып келе жатырмыз. Ал енді өзінің лайықты орнына қонбаса, ол ескерткіштің де құны төмендеп кетеді. Осындай немқұрайдылықтан туғандықтан оны кейін алып тастауға тура келеді. Сондықтан да әрнәрсені өзінің орнына орнықтырған дұрыс.

Егемен елімізді үшінші мегаполисі атанған шаһарымызда Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау депаталатын аудандар бар. Еңбекші, Кеңес, Қызыл ту деген атаулардың барлығы –бүгінде архаизм болып кеткен сөздер. Сондықтан да біз халқымыздың танымалтұлғасы, «Қазақ вальсінің падишасы» атанған ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың90 жылдық мерейтойына орай осы Еңбекші ауданын Шәмші Қалдаяқов ауданы депатасақ, өте орынды әрі заңды болар еді, Шәмшінің рухына халқының жасағанқайырымды тірлігі болар еді. Өйткені, Шәмшінің әндері Абайдың «Айттым сәлем ,Қаламқас» сияқты мәңгілікке шырқала беретін әндерге айналар еді. Оның өзгеешқандай еңбектерін ескермегеннің өзінде, егемен еліміз әнұранның авторыекенінің өзі бір ауданның атауын иеленуіне жеткілікті. Мысалы, Ақмолаоблысындағы Еңбекшілер ауданы Біржан Сал ауданы деп аталды. Біз де сол сияқтымынаны айтпасақ болмайды. Мәдениет астана дегенде ұлы композитордың атын бірауданға беріп жатсақ, біздің істеген ізгілікті де игілікті ісіміз болар еді.

Шымқалада соңғы жылдары қала басшылары жиі ауысатын болып жүр. Мұның өзі де елдің өркендеп өсуіне, қаланың дамуына кері әсерін тигізеді. Қызметке келген әрбір әкім өзінше белгілі бір идеямен келеді, істі бастағанымен, оны аяғына жеткізбей тастайды. Екінші келген адам оның жұмысын ары қарай жалғастырмайды. Соның нәтижесінде мемлекеттік қаржылар судай шашылып жатады. Сондықтан да осы қызметке келген әкімдер тұрақтап жұмыс істеуі үшін әрі олардың жұмысының көзге көрінуі үшін барынша ықпал жасауымыз керек. Келіп жатқандардың бәрі жастар, жастың болғаны дұрыс, бірақ жастың өмірлік тәжірибесі жетпей жатады, көргені мен білгені жетіспей жатады. Ал енді біздің қаламызда осы елді көгерткен, қаланы тұрғызған, осы қаланың мәдениеті мен әдебиетіне қаншама тер төккен ардагерлер бар. Олардың бәрін зейнеткер деп қарамай, сол үлкен тәжірибе жинақтаған адамдармен әкімдер жиірек кездесу өткізіп, ақыл-кеңес сұрап тұрса дейміз. Сонда олар өздерінің істеп отырған жұмыстарын баяндай отырып, жасы үлкен ардагерлердің сөзін, ойын тыңдап, қажетін алып, іс жүргізетін болса, тығыз байланыс жасаса, халықтың да көңілі орнында болады, тірліктері де алға басатын еді. Осыған көңіл бөлу керек.

Жуырда өткенқалалық ардагерлер кеңесінің пленумында осы ұсынысымды айттым. Қала әкімінемесе оның орынбасары әр тоқсан сайын ардагерлермен кездесіп, ой бөлісіптұрса, халық ардақ тұтатын ақсақал абыздары өз білгендерін жеткізген болар еді.Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, сабақтастық осындай болсакерек. Сонда іс алға басар еді. Біздің қалада шығатын бұқаралық ақпарат құралдарыныңсаны жетіп артылады. Олар «Бабалар сөзі – ақылдың көзі» деген айдар енгізіп,аузында сөзі бар, жұртқа уәжді әңгіме айта алатын ойы бар біздің ардагер,жазушы, журналист, қарапайым еңбектің адамы деп, ел басқарған адамдар деп топқұрып, айында, тоқсанында ізгілікті ойларын ортаға салса, бұл да жастардытәрбиелеудің бірден-бір жолы болмақ. Жаһандану заманында елімізге жақсы менжаманы араласып келіп жатыр, жастар солардың жаман жағын көбірек алып қоюда.Кітап оқылмай жатыр. Егер оларды оқыса адамдардың ой-өрісі артады, дүниетанымышарықтап өседі. Біздің жеріміз кең, бірақ халқымыз аз. Көбеюіміз керек. Осыларды еске ұстайық, ағайын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *