ӘПКЕТАЙ, ҚҰТТЫ БОЛСЫН ТУҒАН КҮНІҢ!

Құттықтаймыз
1 317 Views

Түркістан облысының Сайрам ауданындағы Қарасу ауылында тұратын Турған БУХАРОВА әпкеміз 65 жасқа толып отыр. Оны Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келетін осы айтулы мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр, толағай табыс тілейміз! Мына төмендегі жыр шумағы өзіңізге арналады:

Сеніміне ие болып Ағайдардың,

Сыйына бөлендіңіз талайлардың.

Алла берген денсаулықтың арқасында

Көргейсіз жүзін әлі талай айдың.

Ағайыннан хабар мен хат алдыңыз,

Үлкендерден қашанда бата алдыңыз.

Ұшырып ұлды ұяға, қызды қияға,

Аяулы ана, әзиз әже атандыңыз.

Ұл-қыздарың, немерелер ортасында,

Кеп қалыпсыз алпыстың ортасына.

Әпкетай, құтты болсын туған күнің,

Бақ-береке тілейміз отбасыңа!

Ізгілікке толы тұла бойыңыз да,

Жақсылық жасау ғана ойыңызда.

 Араласқан жердің бәрі аман болып,

Жолығайық жүзге келген тойыңызда!

Ақ ниетпен құттықтаушылар:

ұл-қыздары – Батпа-Зәуре, Нұрлан, Гүлжан, сіңлілері – Гүлзахира, Фатима, Тұрсынай, Мәдина. Бұл ізгі тілекке келіні Айжан мен күйеу балалары да қосылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *