ӨРЕНДЕРІМІЗ ӘЛ-ФАРАБИ ӨНЕГЕСІМЕН ӨССЕ…

Білім
1 393 Views

2019 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстантұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жолдады. Ондаеліміздің әлеуметтік, білім беру мен денсаулық сақтау, мәдениет салаларыменбірге осы жылы тойланатын маңызды мерейтойларға да айрықша көңіл бөлінгенінкөреміз.

Және де «Ендігі жылы бәріміз Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз. Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек… Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашады деп сенемін», – деген болатын ел Президенті Қ.Тоқаев.

Аталған мерейтойдың біздің аудан үшін ерекше орны бар. Себебі әлемге әйгілі ойшыл, философ, астроном, математик, физик, әрі музыка мен педагогика саласын зерттеп, «екінші Аристотель» атанған Әбу Насыр Әл-Фараби Отырар өңірінің тумасы.

Әл-Фараби өз заманында дарынды педагог-әдіскер болған. Ол тоғызыншы ғасырдың 40-жылдарында «Философтардың қойған сауалдарына жауаптар» деп аталатын еңбегінде оқыту, білім беру ісіне тоқталған. Әл-Фараби еңбектерінде педагогикамен қатар жүретін «Ұстаз», «Мұғалім», «Тәрбиеші» ұғымдарына ерекше орын берілген. Әл-Фарабидің айтуы бойынша нағыз ұстаз ғана айтқанын екі еткізбейтін, ешкім шағым жасауға батылы бармайтын, білімі телегей-теңіздей, ақыл-ой парасатына да, ерік-жігеріне де ешкім тең келе алмайтын адам. Осындай қасиеттері бар ұстаз ғана шәкіртке үлгі-өнеге көрсетеді, ол халықты соңына ертіп, оның мұң-мұқтажын, талап-тілегін орындай алады деген. Ғалымның түсінігінде ұстаз да қала басшысы сияқты ел жетекшісі, халық қадірлісі. Медресе балаларды оқытып, тәрбиелесе, қала бастығы олардың ата-анасына өнеге көрсетеді, халықты ізгі қасиеттерге баулиды деген еді ұлы ұстаз. Ол Ежелгі грек ойшылдарына сілтеме жасай отырып, балаларды белсенді түрде оқытуды 7-8 жасынан бастауды нұсқайды. Әл-Фарабидің осындай еңбектерінде ұстазды, мұғалімді ерекше бағалағанын көруге болады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы педагогтардың Тамыз конференциясында айтқан тапсырмаларын орындау мақсатында 2019 жылы 30 желтоқсан күні «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Бұл – мұғалімнің мерейін өсіріп, мәр­те­бесін көтеруге бағытталған тари­­­хи шешім.

Әл-Фараби оқыту, білім беру мәселелеріне басқа трактаттарында да үнемі тоқталып, осы заманғы педагогика тұрғысынан қарағанда өте дұрыс көптеген түбегейлі де терең пікірлер айтқан болатын. Фараби ғылымдардан үйренудің қажеттілігін дәріптеп қана қоймай, бұл мақсатқа жеткізуге тиісті проблемаларды шешуге көп күш жұмсаған.

Дидактиканың оқытуы мен білім беру мазмұнын, оқыту әдістері мен принциптерін, жеке пәндерді оқыту ерекшеліктерін зерттейтінін түсінгендігі байқалады, себебі Фараби дидактиканың «жүйелілік» пен «көрнекілік» принциптерін геометрия, математика, музыка және т.б. пәндерді оқытуда қолдануды ұсынған. Оқудың бұл принциптерін біртұтас педогогикалық процесте қалай іске асыру керектігін айқындайтын әдістемелік нұсқаулар, көмекші оқу құралдары мен оқулықтар жазған.

Фараби ең әуелі ұстаз, ағартушы, оның бүкіл философиялық ізденістері мен пайымдаулары адамды барынша кемелдендіру, дамыту мақсатына арналған. Ол – адамдарды шынайы бақытқа жеткізу жолдарын табуды мұрат тұтады.

Ұстаздың айтуы бойынша адам ғылым, философия, тәрбие арқылы кемелдікке жетеді. Ол шартты түрде адамды нағыз бақытқа, мұратқа бастайтын негізгі кредосы – адамдар бақыт жолында өзара көмек, достық, бейбітшілік қатынаста өмір сүруі ләзім дейді.

Әл-Фарабидің ІХ ғасырдың 40-жыл-дарында ұсынған оқыту әдістері, принциптері ХХІ ғасырдағы ғылыми педагогиканың жүйесінде көрініс тауып отыр. Біз үшін «Өркениет шырақшысы» болып табылатын Фараби еңбектері әлі де болса терең зерттеліп, халық игілігіне кеңінен жаратылып жатыр деп ойламаймын. Мұны біз ғалымдардың еншісіне қалдырсақ деймін.

Ал өзімізді отырарлықпыз деп мақтанатын біздер үшін осы өңірдің кішкентай баласынан бастап, еңкейген қариясына дейін кеудемізді мақтаныш сезімі кернеп, оның әрбір сөзінен нәр алып, қуаттанатын жағдайға жетсек деп армандаймын. Ол үшін, әрине, оның өмірімен, еңбектерімен мектеп жасынан бастап таныссақ, оны осы топырақтың перзенті ретінде ұлықтауды жастайымыздан үйренсек деймін.

Бір сөзбен айтқанда, жас өрендеріміз әл-Фарабидің өнегесімен өссе деймін. Бұл біздің мерейтой қарсаңында атқарар іс-шараның әрқайсысынан көрініс тапса екен.

Мен өзім колледж мұғалімі ретінде өз шәкірттеріме осы бағытта тапсырма беріп, ұлы ойшылдың өмірбаянынан өнеге алуы үшін қолымнан келгенін жасағанды жөн көріп отырмын. Және барлық жерлестерім менің ойымды құптайды деген сенімдемін. Біз әл-Фарабидың есімін осылайша мақтан тұтсақ…

Гүлсезім ҒАБИДЕНҚЫЗЫ,

Д. Құрманбек атындағы №20 колледжінің оқу өндіріс шебері,

Түркістан облысы,

 Отырар ауданы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *