ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

Қоғам Құқық
673 Views

Түркістан облысында кеңейітілген алқа мәжілісі өтіп, онда өткен жылдың жұмыс қорытындысы және биыл орындалуға кезек күттірмейтін мәселелер талқыланды. Өткен жылы облыстық прокуратура органдары Елбасының тапсырмаларын, бағдарламалық құжаттар және заңдылықты қамтамасыз ететін, азаматтардың бостандығы мен құқығын, мемлекет пен қоғам мүддесін сақтау жөніндегі Конституция талаптарын сапалы орындауға бағыталған еді.

Прокурорлардың принципиалды ұстанымдары негізінде заңды бұзған қылмыстық қудалау органдарының 300-ге жуық лауазымды тұлғалары түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2000-ға жуық қылмыстық істі жеделдетілген тәртіпте аяқтау және сотқа жолдау мүмкіндігі – қылмыстық қудалау органы мен соттардың жұмыс айналымын төмендетуіне қол жеткізді. Жыл көлемінде 1,1 мың ауқымды қылмыстық іске процесс прокурорлары қатыстырылды. Үйлестіру жұмысы шеңберінде уәкілетті органдар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, ұйымдасқан қылмыстар мен есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу жұмыстарын жандандыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына бағытталды. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асырумен қатар, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтағылардың құқықтары қорғалды, шағын және орта бизнеске әсер ететін әкімшілік кедергілер жойылды. Әлеуметтік-экономикалық сала бойынша прокурорлармен 2000-ға жуық заң бұзушылық анықталып, оларды жоюға шаралар қабылданды. 224 заңсыз актілердің күші жойылды не өзгертілді. 1,5 мыңға жуық кінәлі тұлғалар түрлі жауапкершіліктерге тартылды.

Елбасының тапсырмасы негізінде кадастрлық құны 1,3 млрд. теңгені құрайтын аумағы 33 мың гектар 500-ден астам пайдаланбай жатқан жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Мемлекет мүддесін қорғау бағытында мемлекет пайдасына 879 млн. теңге қаржы өндіріліп, 1,1 млрд. теңгені құрайтын мүлік қайтарылды. Прокурорлар 12 мыңнан аса қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерге қатысып, енгізген наразылықтарымен 135 сот актілерін бұзуға не өзгертуге ұшыратқан. Прокурорлардың араласуынан соң мемлекет пайдасына 309 млн. теңгені өндіру бойынша сот актілері орындалды. Еңбек жалақы бойынша қарыздар 38 млн. теңгеден 8 млн. теңгеге кемітілді.

Халықтың прокуратура органдарына деген сенімін арттыру мақсатында заңдылықты қамтамасыз ету мәселесі бойынша Қоғамдық консультативтік кеңесі құрылды. Қадағалау жүргізу тәжірибесіне негізделген прокурорлардың бастамаларында кеңес мүшелері пәрменді көмек көрсетуде. Сонымен, арыз-шағымдардың сапалы қаралуы үнемі бақылауда тұрады.

Өткен жылы прокуратураға 12 мыңнан астам азамат пен заңды тұлға өкілдері өтініш білдірген. Оларды қарау нәтижесі бойынша мыңнан астам арыз қанағаттандырылды. 1,5 мыңнан астам азамат жеке қабылдауда болды. Жалпы өтініштерді қарау барысында прокурорлармен 980 қадағалау актісі енгізіліп, әртүрлі сала бойынша жауапкершілікке 67 қызметкер тартылды.

Алқа мәжілісінің нәтижесімен облыстық прокуратура қызметкерлерінің алдына прокурорлық қадағалаудың тиімділігін одан әрі арттыру, Мемлекет Басшысы мен Қазақстан Республикасы Бас прокурорының тапсырмасын жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

Түркістан облысының прокуратурасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *