150-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Билік
846 Views

Түркістан қаласында аз қамтылған 150-ден астам отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді. Қасиетті Рамазан айындағы игі іске «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұжымы мен «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы бірлесіп ұйытқы болды.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, жақсылыққа жаны құмар жандардың бұл әрекеті — көпке үлгі. Тағылымы мол іс-шара республикалық «Biz birgemiz» акциясы аясында өз жалғасын табуда.

«Өңірдегі тұрмысы төмен жанұяларға азық-түлік себеттерін табыстауды дәстүрге айналдырдық. Әрине, қайырымдылық шарасын елдің алғысын алу үшін ұйымдастырып отырмыз. Бұдан бөлек, қаладағы саябақтарға көшет отырғызып, облыс орталығын жасыл қалаға айналдыруға атсалысып келеміз. Мақсатымыз — қаланың гүлденуіне үлесімізді қосып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыруға көмек беру», —деді «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Дәурен Тәңірбергенов.

Тұрмысқа қажетті ас-суды таратуға «Jas Otan» жастар қанатының белсенді жастары мен еріктілер де жәрдем берді. Қайырымдылық шараның шарапатын көрген жандар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

КЕНТАУ КӨШЕЛЕРІ ЖӨНДЕЛУДЕ

Кентау қаласындағы биыл 50 шақырымды құрайтын 50-ден астам көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жөндеу жұмыстары биылғы жылдың қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде. Кентау қаласының ішкі жолдары жыл соңына дейін 26 шақырымнан астам жол жөнделіп, жалпы жолдардың жақсы және қанағатты жағдайы – 75,6%-ға жетеді. 2022 жылы қалған 43 шақырым жолды жөндеуден өткізу жоспарланған. Нәтижесінде Кентау қаласындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 100 %-ға жететін болады.

Қазіргі таңда шаһардағы 11 көшесінің қиылыстарына заманауи бағдаршамдар орнату жұмыстары басталды. Айта кетейік, Кентау қаласында 2020-2025 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 101,7 шақырым болатын 142 көшеге ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қаладағы барлығы 258 көшенің жалпы ұзындығы 173,5 шақырымды құрайды. Өткен жылы 13,2 шақырымды құрайтын 35 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

ДИҚАНДАР АЛҒАШҚЫ ӨНІМДЕРІН АЛА БАСТАДЫ

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес ауданда бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы қолға алынған болатын. Әсіресе, 2-3 гектар жері бар агроқұрылымдар үшін бұл бағытты ендірудің маңызы зор.

Осы орайда Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округінде бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы бойынша 2021 жылы 93 шаруа қожалық 180,83 гектар жерге бірінші өнім қырыққабат отырғызған. Бүгінгі таңда егілген жерден алғашқы өнімдерін алып, Ресей Федерациясына, Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да облыстарға жөнелтілуде. Алынған өнім 2988,9 тн құрады.

Диқандар тынымсыз еңбектерінің арқасында жұмыстарының табысты нәтижесін көруде. Осылайша, ауданымыздың шаруалары жылына бірнеше рет өнім алу жобасын тиімді қолдауда.

6 АЙДА 600 ТОННА ӨНІМ АЛҒАН

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бектаев Әли Әбдікәрімұлы Сайрам ауданына жұмыс сапарымен келіп аудандағы бірқатар нысандарды аралады.

Қайнарбұлақ ауылдық округі, Құрлық елді мекеніндегі алғаш өнімін жақында ғана экспортқа шығарған «МАЛИКЕ» шаруа қожалығы егіншілікті кәсіп еткен Мадина Орманәліқызы агрономия саласындағы тәжірибесін бұған дейін отбасымен бірге арттырған.

3 гектар жерге 2020 жылдың соңында түркиялық агрономдармен бірігіп, бірінші рет қияр еккен. Бүгінде алғашқы өнімін берген жылыжайдан жылына екі өнім алуды көздеген Мадина Орманәліқызы қиярдың 600 тоннаны құрайтын өнімін жинап үлгерген шаруа қожалығына Ә. Бектаев барып, жұмыс барысымен танысты.

Ақсукент ауылдық округі, сүт өнімдерін өндіретін «Айкан» жауапкершілігі шектеулі серіктестікті аралап көзімен көріп бағасын беріп жұмыстарына сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *