«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

Қоғам Құқық
870 Views

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен №59 жалпы орта мектебінде Елбасының «7-20-25» бағдарламасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы қызметкерлері, екінші деңгейлі банк өкілдері, Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері, №59 жалпы орта мектебінің мұғалімдері, «Қайтпас» шағын ауданының тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Гулнар Аширбаева қаладағы «7-20-25» бағдарламасының орындалу барысына біршама тоқталып кетті. «Басқарма тарапынан «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде алғашқы жарнаға көмек көрсету жолдары қарастырылып, жобасы ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне жіберілген. Осы мәселе барлық өңірлермен талқыланып, қазіргі таңда республикалық деңгейде бірыңғай ереже дайындалуда. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында білікті педагогтар, дәрігерлер, полиция, тағы басқа да сұранысқа ие мамандар үшін «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде жергілікті бюджет есебінен бастапқы жарнаны ішінара субсидиялау бойынша тапсырма берілген. Осы орайда өңірлер өз пікірлерін, яғни бұл мәселені шешу үшін көмек көрсетудің үлгілік қағидаларына және «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына толықтырулар енгізу қажеттілігін инвестициялар және даму министрлігіне ұсынған» – деп сөзін түйіндеді.

«Қазақстан халық банкі» АҚ ОҚОФ-ның менеджері Дәулет Қосан әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін қалай пайдалану қажеттігі бойынша түсіндіріп өтті.

– Қазіргі таңда Шымкент қаласында «7-20-25» Ақпараттандыру орталығы» ашылып, онда екінші деңгейлі банк өкілдері және құрылыс компанияларының, «Баспана» ИҰ» АҚ-ның өкілдері азаматтарға бағдарламаға қатысты сауалдар бойынша түсіндірме жұмыстарын күнделікті жүргізуде. Сонымен қатар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында бейнероликтер көрсетіліп, нұсқаулықтар таратылуда. Басқарма және банк қызметкерлері арасында пікір алмасу үшін арнайы «чат» ашылған.

Бүгінгі таңға Шымкент қаласы бойынша «7-20-25» бағдарламасы аясында 206 өтінім 2 096,3 млрд.теңгеге қабылданып, 97 өтінім 1 026,3 теңгеге қанағаттандырылған, – деді ол.

Басқосу барысында банк қызметкерлері және жиналған халық арасында сұрақ жауаптармен алмасу болды. Әрбір азамат өздеріне қатысты көптеген сұрақтар қойып, оған лайықты жауаптар алды.

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *