«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Саясат
579 Views

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Жерлестер!

БІЗДІҢ ОРТАҚ МАҚСАТ – ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ.

Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Сол үшін біз жүйелі партиялық қайта жүктеуді және партияішілік іріктеу – праймеризді өткіземіз.

Партия барлығына ашық! Біз Сіздің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.

Біз Сіздің сеніміңізді бағалаймыз және Сізбен бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды!

Біз біргеміз!

Ахуалды жақсарту бойынша шаралар

Елімізге таралған пандемияға байланысты көптеген салаларда шектеулер қойылып, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне алып келді. Мемлекет тарапынан елімізде экономикалық іскерлік белсенділікті қолдау және сыртқы әсерлердің теріс ықпалын азайту үшін ауқымды шаралар қабылданды.

Халықты әлеуметтік қолдау:

— Төтенше жағдай кезінде жұмысынан айырылу салдарынан табысы төмендеген 544,5 мың азаматқа 42 500 теңгеден жалпы сомасы 23,1 млрд. теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төленді;

— Шілде айында шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табыстарын жоғалтқан 327,1 мың азаматқа 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төленді;

— 38 907 астам аз қамтамасыз етілген отбасыға «Біз біргеміз» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден берілді;

— 127 мыңнан астам азаматтың коммуналдық төлемдері өтелді;

— Жағдайы төмен және көпбалалы 17 мың отбасыға азық-түлік себеті таратылды;

— 72 369 мүгедек жанға, 11 993 мүгедек балаға, мүгедек күтімімен айналысатын 11 881 ата-анаға, жұмыссыз мәртебесін жоғалтапаған жұмыспен қамту шараларына тартылған 15 806 азаматқа әлеуметтік көмек төленді;

— 35,9 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді;

— «Түркістан біргеміз» волонтерлық тобы құрылды. 43 540 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мен қарияға тұрмысқа қажетті азық-түлік себеті үлестірілді, 650 отбасыға қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілді, 200 мыңнан астам медициналық бетперде мен антисептик, 30 мың данадан астам ақпараттандыру парақшалары таратылды.

Жұмыспен қамту шаралары:

— 2020 жылы 14 028 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, 4 571 адамды жастар практикасына жолдау алды, 2 567 адамға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға гранттар беріледі;

Кәсіпкерлерді қолдау:

— «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 471 инвестициялық жобаны іске асыруға 100 млрд. теңге бөлінді;

— Мүлік және табыс салықтарынан 37,9 мың салық төлеуші босатылды;

— Құрылыс саласында 89 үйдің құрылысына құнды қағаз есебінен 24,7 млрд. теңге қарастырылды;

— 502 коммуналдық мекеменің жалға алу төлемдері 3 айға тоқтатылды;

— Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлердің 4 346 жобасына 2304,2 млн. теңге көлемінде мемлекеттік грант бөлінді.

Еліміздің рухани астанасын туризм орталығы ретінде дамыту

«NurOtan» партиясы рухани астананы дамытуда белсенді рөл атқарады.Туризм – бұл COVID-19 пандемиясының таралу салдарынан облыс экономикасының ең көп зардап шеккен саласы. Дегенмен пандемияға байланысты басқа елдермен шекаралардың жабылуы ішкі туризмнің дамуына мүмкіндік берді.

Облыста 1663 тарихи-мәдени ескерткіш орналасқан. Қожа Ахмет Иасауи, Арыстан баб, Домалақ Ана кесенелері, сондай-ақ ежелгі «Отырар», «Сауран» тарихи орындары және «Ақсу-Жабағылы», «Сайрам-су», «Угам», «Бүргілік», «Қырыққыз» табиғи туристік объектілері бар. Сондай-ақ аймақта ерекше табиғи нысандар (Бәйдібек ауданындағы Ақ мешіт үңгірі, Түлкібас ауданындағы жылап жатқан үңгір, Төлеби ауданындағы Бүргілік шатқалы және т.б.) және тарихи орындар (Қазығұрт ауданындағы Кеме Қалған ескерткіші, Бәйдібек ауданындағы Бәйдібек пен Домалақ ана кесенелері, Қарашаш ана және Ибрахим ата кесенелері т.б.) бар.

2025 жылға қарай кіру туризмі 34 пайыз артады деп күтілуде.

Ол үшін «NurOtan» партиясы:

-«Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтарында, «Сайрам-Өгем» МҰТП-деинфрақұрылымды құру, эко камптар орналастыру арқылы экологиялық туризмдідамытуға;

— Шардарасу қоймасы аумағында жағажай туризмін дамыту үшін жаңа кәсіпкерлік нысандар меніскерлік-қоғамдық ғимараттар құрылысын салуға;

-Сарыағаш ауданында емдеу-сауықтыру туризмін дамытуға, жаңа шипажайлар мен жаңажұмыс орындарын іске қосуға;

— Төлебиауданында тау шаңғысы туризмін дамыту үшін «Қасқасу» тау шаңғысы кешенініңинфрақұрылымының құрылысын салуға;

-Туристік брендті дамыту және аймақтың туристік өнімдерін жылжытуға;

-Түркістан қаласында әуежайдың ашылуы және оның дамуына, ұшу картасыныңкеңеюіне;

-«Базис-А», «BI Group» бизнес орталықтарын салуға;

-«RixosTurkistan» және «HamptonbyHilton» қонақ үй кешендерінің құрылысына;

-Әкімшілік ғимараттарының, сондай-ақ көп қабатты тұрғын үй кешендерініңқұрылысына ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай өңірімізге келушілер саны 1,5 есеге артып, 2 млн.-ға жетеді, орналастыру орындарының саны 15, қызмет көрсету көлемі 35 пайызға артады.

Лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын құрамыз

Лайықты жалақысы бар тұрақты жұмыс – халықтың әл-ауқатының негізі. Елге тараған COVID-19 короновирустық инфекциясы еңбек нарығына айтарлықтай өзгерістер енгізгенімен, жұмыссыздық деңгейі 5,1% көлемінде қалып отыр. 2019 жылы 29,3 мың жаңа жұмыс орны ашылды, сонымен қатар облыста 1,7 мыңға жуық бос жұмыс орны бар.

Осыған байланысты,«NurOtan» партиясы 2025 жылға дейін 124,9 мың жаңа жұмыс орнын (жылына орта есеппен 24,9 мың) ашу міндетін қояды, оның ішінде 67,5 мың тұрақты.Нәтижесінде облыс бойынша орташа жалақыны 149,4 мың теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.

Ол үшін «NurOtan» партиясы:

Қалыптасқан кризистік жағдайда жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау, жұмыспен қамтылу деңгейін сақтау мақсатында, жұмыскерлерді жұмыстан босатуды жоспарлаған кәсіпорындарға күнделікті мониторинг жүргізіп, түсіндіру шараларын қабылдайды;

— 2020жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде 39,8 мың жаңа жұмыс орнынашуға ықпал жасайды, оның 16 мыңы – тұрақты;

-Индустриялық аймақтардан шамамен 3,6 мың жаңа жұмыс орнын құратын 58 серпіндіинвестициялық жобаны іске асыруға ықпал етеді, оның ішіндегі ірі жобалар:

1. Травертин және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін кәсіпорын. Жоспарланған жұмыс орны – 30.Жобаның қуаты – жылына 36 мың тонна.

2. Темірбетон өнімдері, газобетон және асфальт шығаратын зауыт. Жоспарланған жұмыс орны – 70.Жобаның қуаты – жылына 36 мың м3 темірбетон, 20 мың м3газобетон, 350 мың тонна асфальтобетон.

3. Газобетоннан жасалған легоблоктар, құрғақ құрылыс қоспалар және су-дисперсиялық бояулар шығаратын зауыт. Жоспарланған жұмыс орны – 110. Жобаның қуаты – жылына 150 мың м3легоблок, 900 мың қорап қоспа және бояу.

4. Мырыш оксиді, қорғасын және мыс концентратының тотығын шығаратын кәсіпорын. Жоспарланған жұмыс орны – 104.Жобаның қуаты – жылына45 тонна.

5. Ас үй плиталарын құрастыру кәсіпорны. Жоспарланған жұмыс орны – 50. Жобаның қуаты – жылына 200 мың м2 дайын өнім.

6. Панельді, жұмсақ және кеңселік жиһаз шығару кәсіпорны. Жоспарланған жұмыс орны – 496. Жобаның қуаты – жылына 24 мың комплект.

7. Жемістерді және көкөністерді кептіру, жеміс-жидек мармеладын өндіру кәсіпорны. Жоспарланған жұмыс орны – 74.Жобаның қуаты – жылына10 мың тонна.

-Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту өңірлік бағдарламасыаясында,2,5 мың жаңа жұмыс орны бар 1,2 мың жобаның ашылуын қарастыруға;

— Жұмысберушілер мен Әкімдік арасында меморандумға қол қоя отырып23,8 мың жаңа жұмысорнын құруға;

-Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауды жылына 30 мыңға дейін,жоғары білімді кадрларды 2,8 мыңға дейін арттыруға қолдау көрсетеді.

Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін 5%-ға, оның ішінде жастар жұмыссыздығын 4,2%-ға дейін төмендетеді.

Облыс тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз

COVID-19 пандемиясына байланысты қабылданған карантиндік шараларға қарамастан ауыл шаруашылығының даму қарқыны тұрақтылығын сақтап отыр.

Облыс халқының 80%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Облыста 71,8 мың шаруа қожалығы тіркелген, республикадағы үлесі 33% құрайды. Онда 177,5 мың ауыл шаруашылығы жұмысшылары қызмет атқаруда. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 12,2 млрд.тгинвестициялар тартылып 7,1% артты. Тамақ өндірісіне 2,1 млрд.тг инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,8 есеге артты. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында, «2020 жылғы көктемгі егіс және егін жинау» пилоттық жобасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметтік резервінен 1,6 млрд. тг. бөлініп, қырыққабат егіп шығынға батқан шаруаларға 0,01 % мөлшерінде жеңілдетілген несие ұсынылып, екінші өнім алуына жағдай жасалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы карантиндік шараларға байланысты өңірдегі жылыжай кешендерінің қаржы ұйымдарынан алған несиелерін төлеу мерзімі 1 жылға шегерілді.Бұдан бөлек, «Егіс алаңынан – сауда қатарына дейін» пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұған Үкіметтік резервтен 1 млрд. тг. бөлінді. Бұл қаржы ірі сауда үйлеріне несие ретінде беріліп, тікелей 10 түрлі өнімдерді өндірушілерден сатып алып, тұтынушыға ұсынуды қамтамасыз етеді.Қазіргі таңда пилоттық жобасына қатысатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер саны 213, ал ауыл шаруашылығы өнімдері жалпы көлемі 98 мыңнан астам тн. құрап отыр.

Бүгінгі күні тұрақтандыру қорында 1,9 мынға тоннаға жуық тауар бар (ұн, пияз, қант, күріш, макарон). Қосымша жалпы сомасы 2,9 мың тонна тауар сатып алынбақ (картоп, сәбіз, қырыққабат, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, күнбағыс, макарон). Әлеуметтік дүкендерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ)19 түрі сатылымда. Қазіргі таңда бағаларды тұрақтандыру бойынша осы тауарлардың көлемін ұлғайту жөнінде нақты шаралар қабылданды.

«NurOtan» партиясы аймақтың ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту міндетін қояды. Бұл үшін біз:

— 2025жылға қарай ауылшаруашылық айналымға тартылған ауылшаруашылық жерлерінің үлесін3,9%-ға немесе 145,5 мың га. дейін арттыруға (оның ішінде 12,5 мың га. жалпыегістік, 133 мың га. жайылым жерлері);

-Ауыспалы егістің көлемін 2021-2025 жылдары173,3 мың га. 206,3 мың га. дейін,минералды тыңайтқыштардың көлемін 95 мың т. 120 мың т. арттыруға;

-Өндірілетін жоғары репродукциалы тұқым көлемін 8,5 мың т. 15,0 мың т.жеткізуге;

-Түркістан қаласының айналасында 11 мың га. жерде азық-түлік белдеуін құруға;

— 116 мыңга. жерге агроөнеркәсіптік кешенге жаңбырлатып суару технологиясын енгізуге;

-Арыс-Түркістанмагистральды каналын толтыру үшін Сырдария өзенінен машиналықканалын салуға;

— 2025жылға қарай қосымша 55 мың га. егіс алқабын енгізуге (жыл сайын шамамен 11 мыңга.);

— Малшаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын цифрландыруға(малдарды чиптеу, отыншығынын өлшеу датчиктерін енгізу, сараланған тұқымдар мен тыңайтқыштардықолдану және т.б.);

— Жылыжайалаңын 2 769 га. дейін кеңейтуге;

-Ауылшаруашылық тракторлары мен техника паркін 37% жаңарту, бұл ауылшаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2,5 есе арттырады және жалпы өнімнің көлемін76 млрд. тг. дейін өсуін қамтамасыз етуге;

— 10-15басқа арналған шағын бордақылау алаңдарын 900-ге дейін арттыруға;

— Облыста16 қайта өңдеу кәсіпорнын ашуға (Түркістан 3 – сүт өңдеу, 5 – жеміс жәнекөкөніс өңдеу; Ордабасы 1 – ет өңдеу, 1 – жеміс және көкөніс өңдеу; Сайрам 1 –жеміс және көкөніс өңдеу; Келес 1 – жеміс және көкөніс өңдеу; Сарыағаш 1 –жеміс және көкөніс өңдеу; Шардара 1 – ет өңдеу, 1 – май шығару; Толеби ауданы 1– ұн шығару кәсіпорны, 1 – сүт өнімін өндіру) қолдау көрсетеді.

Нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 160%-ға дейін арттырады.

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

«NurOtan» партиясы елдің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігін, еліміздің гүлденуі мен әр қазақстандықтың әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметін жалғастырады.

Түркістан облысының партиялықсайлауалды бағдарламасы және аумақты дамыту бағдарламасы 5 жылдық іске асыру кезеңіне әзірленді және аймақтың ерекшелігін ескере отырып, елді мекендердің нақты мәселелерін және шешімдерін көрсететін басым бағыттарды анықтайды.

Сайлау бағдарламасының негізі – аумақты дамыту бағдарламасы болып табылады.

Бағдарламада біздің облысымызды бәсекеге қабілетті, экономикалық құрылымы қарқынды дамуға бағытталған және азаматтар үшін жайлы тұруға мүмкіндік жасайтын нақты шаралар ұсынылған.

Біздің партия Түркістан облысы тұрғындарының үміттерін ақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, олардың мүдделерін қорғап және халық пен билік арасындағы байланыстырушы рөл атқарады.

Бүгін біз барлық азаматтармен, қоғамдық бірлестіктермен және халықтың басқа да секторларымен біздің облыстың одан әрі дамуы мен гүлденуі мақсатында пікір алмасуға, кең ынтымақтастыққа дайын екендігімізді мәлімдейміз.

Құрметті жерлестер! Біз Сіздерді дұрыс таңдау жасап, алдағы сайлауда «NurOtan» партиясын қолдауға шақырамыз.

Біз қазіргі кездегі жаңа міндеттер мен барлық сынақтарды бірге жеңе алатынымызға сенімдіміз.

Біздің басты мақсатымыз – сенімдеріңізді ақтау!

Бірлесіп біз әрбір азаматтың өз дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барлық мүмкіндіктері бар жақсы қоғам құрамыз.

Түркістан облысындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *