«SANA» БИОМЕТРИЯЛЫҚ КЕСТЕ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛУДЕ

Білім
937 Views

Шымкентте алғаш рет жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленуші балаларға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша автоматтандырылған «SANA» биометриялық кесте жүйесі енгізілуде. «Smart Techno Systems» ЖШС осы кестені әзірлеуші компанияның директоры Бекзат Егембердиев мырза бүгінде мемлекеттік тапсырыс аясында үш жекеменшік балабақшаға биометриялық кесте орнатты. Онда тәрбиеленуші балалардың саусақ іздері олардың ата-аналарының келісімімен терминалға енгізіліп және әрбір саусақ ізі үшін бірегей цифрлық код (жеке куәлік нөмірі) беріледі. Мұның тиімділігі – биометриялық терминал жүйеге саусақ ізін бекіту туралы бірегей цифрлық код (жеке куәлік нөмірі) түрінде ақпаратты жібереді, содан кейін жүйе осы мектепке дейінгі білім беру мекемесіне қатысатын тәрбиеленуші балалардың нақты санын есептеп, мемлекеттік бюджеттен төлемдерді автоматты түрде есептейді. Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан аталмыш балабақшаларда болып, жаңа жүйенің жұмысымен танысты.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда «SANA» жүйесі бойынша «Smart Techno Systems» ЖШС директоры Бекзат Егембердиевпен хабарласуға болатынын ескертеміз. Ұялы телефоны: 8 701 127 77 71.

Шымкент қаласының білім басқармасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *