ТҮРКІСТАН МЕН ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА ЖОБАЛАР БАСТАЙДЫ

Экономика Қоғам
170 Views

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған ресми және іскерлік делегациясының сапары аясында Қытайдың Сиань қаласында Бас консулдықтың қолдауымен бауырлас қалалардың кәсіпкерлерінің қатысуымен сауда-экономикалық форум өтті. Бизнес-форумда екі елдің 80-нен астам кәсіпорын өкілі арасында B2B форматында екіжақты кездесулер өткізді.
Бизнес-делегациясының құрамында білім, денсаулық сақтау, IT, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, білім беру салаларының өкілдері болды. Бетпе-бет жүздесіп, бизнес бастауға арнайы жиналған барлық кәсіпкерлерге алғыс айтқан Дархан Амангелдіұлы әр бизнес бастаушымен жеке жұмыс істейтінін жеткізді. Мұндай кездесулердің жаңа жобаларды іске асыруға жол ашатын айтып, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы мен іскерлік серіктестігінің дамуын үлгі етті. Облыс әкімі инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен таныстырды. Сауда қатынастарын орнатып, инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін қажетті қолдауды көрсететінін жеткізді. Тек экономиканы дамытуға ғана емес, мәдениет, туризм, білім саласын дамыту тетіктерінің қарастырылатынын айтты.
– Көріп отырғандарыңыздай, біздің өңірдің ынтымақтастық алаңы кең! Біз екі өңір арасындағы өзара байланысты арттыруға бағытталған маңызды жобаларды іске асыруға ниеттіміз. Мемлекет тарапынан инвесторларға преференциялардың ауқымды түрлері ұсынылады. Баршаңызды киелі Түркістан өңіріне шақырамын, – деді облыс әкімі.
Бизнес-форумда екі елдің кәсіпкерлері өз компанияларын таныстырды. Екіжақты кездесу қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды. Бірлескен жобалар арасында ауыл шаруашылығы саласында пайдалануға ыңғайлы дрондар шығару, халықаралық мектеп салу, IT, құрылыс, ми ауруын емдейтін аурухана ашу, құрылыс материалдарын өндіру зауытын салу, цифрландыру арқылы ауылшаруашылық дақылдарын өсіру, травертин өндіру туралы келісімге келіп, меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ өңір басшысы инвесторлармен кездесіп, бірлескен жобалар бойынша маңызды келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Мяньян қалалық партия комитетінің тұрақты комитетінің мүшесі және вице-мэрі Ву Хао бастаған делегациямен жүздесіп, екіжақты келіссөздер жүргізді. Сонымен бірге құрылыс материалдарын өндіру зауытын салу туралы, ауылшаруашылығы саласын, медицина, білім, туризмді дамыту бойынша бірқатар келіссөздер жүргізді. Түркістан облысында жаңа көкөніс қоймасын салу жөнінде де келіссөздер өтті.
Кездесу соңында аймақ басшысы әкімдік тарапынан өзара тиімді байланыстардың маңыздылығын растай отырып, одан әрі бірлесіп жұмыс жасауға, өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірдi.
Аталған шаралар екіжақтық достық қарым-қатынастардың одан әрі өрбуіне жол ашпақ. Қытайға сапар күндері Түркістан облысының делегациясы бірнеше өндіріс орындарында болуды және басқа да іс-шараларға қатысуды жоспарлап отыр.

ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА
Түркістан облысында мәдениет пен туризм салаларын дамытуға күш салынған. Бұл бағытта шетел тәжірибесін пайдаланып, инвесторлар тартуға да басымдық берілген. Өңір экономикасын қарқынды дамыту үшін ұзақмерзімді инвестиция құятындарға қолайлы жағдай жасалады.
Өнеркәсіпті дамыту – ортақ міндет. Түркістан облысында жаңа инновациялық кәсіпорындар пайда болуы қажет. Еліміздің экономикасына инвестиция салу үшін шетелдік капиталды тарту маңызды, содан кейін өнім экспортқа кетеді. Осыны мақсат еткен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытайға жұмыс сапарын Чжэнчжоу қаласында жалғастырды. Айта кетейік, былтыр Түркістан қаласы пен Чжэнчжоу қалалары арасындағы әріптестікті, байланысты нығайту жөніндегі меморандумға қол қойылған.
Хэнань өлкесіне қарайтын бұл аймақ қытай ұлтының алтын бесігі, тарихи және мәдени ошағы саналады. Бұл – елдің тарихи әрі экономикалық орталықтарының бірі. Өндірісі дамыған Чжэнчжоу қаласында Түркістан өңірін жан-жақты дамытуға бағытталған маңызды келіссөздер жүргізілді.
Хэнань – тұрғындарының саны 100 миллионнан асқан ең бірінші өлке. Бұл қала алғашқы ақшаның, кунг-фудың Отаны саналады. Құрлық, теңіз, әуе жолдарында да сауда-экономикалық мүмкіндігі жоғары. Өндіріс, ауыл шаруашылығы, машина жасау және өзге де салалар қарқынды дамыған. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолының Қытайдағы аялдамасы Чжэнчжоудан басталады.
Түркістанда туризм саласын жан-жақты дамыту үшін өңір басшысының басқаруымен Түркістан облысының делегациясы қытайлық жұмыс тобымен кездесті. Сонымен бірге облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған ресми және іскерлік делегациясы Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қолдауымен өткен екі ел кәсіпкерлерінің сауда-экономикалық форумына қатысты. Бизнес-форумда екі елдің 100-ге жуық кәсіпорын өкілдері арасында B2B форматында екіжақты кездесулер өткізілді. Бұл кездесулерге Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы, Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Әбішов та қатысып, инвесторлармен келіссөз жүргізді.
Дархан Сатыбалды екіжақты байланысты нығайту, тәжірибе алмасу және өзге де мәселелер бойынша әріптестік орнатуға дайын екенін айтты. Бизнес-делегациясының құрамында білім, денсаулық сақтау, IT, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, білім беру, денсаулық сақтау салаларының өкілдері болды. Бетпе-бет жүздесіп, бизнес бастауға арнайы жиналған барлық кәсіпкерлерге алғыс айтқан Дархан Амангелдіұлы әр инвестормен жеке жұмыс істейтінін жеткізді.
Облыс әкімі инвесторлар үшін қолайлы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен таныстырды. Сауда қатынастарын орнатып, инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін барлық қажетті қолдауды көрсететінін жеткізді. Мәдениет, туризм, білім салаларын дамыту тетіктерінің қарастырылатынын айтты. Өңір басшысы Түркістан облысының қазақ және түркі әлемі тарихындағы маңызына тоқталып, экономикалық әлеуетімен таныстырды. Инвестиция тартуға, өндіріс орындарын көбейтуге мүдделі екенін жеткізді.
– Сіздермен кездескеніме қуаныштымын! Бүгінгі кездесу өзара тиімді ынтымақтастық нығайтуға бірегей мүмкіндік. Түркістан – Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан транспорттық-логистикалық әлеуеті жоғары өңір. Өңір арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Осы тұста, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында, Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара қарым-қатынастар қарқынды дамып келеді және маңызды сипатқа ие. Атап айтқанда, «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы Азия, Африка, Еуропаны құрлық және теңіз бағыттары бойынша байланыстыратын негізгі бастама. Бүгінгі таңда елдеріміздің шекарасы арқылы 5 тұрақты пункт, 5 трансшекаралық мұнай және газ құбырлары, 2 теміржол желілері және халықаралық ынтымақтастық орталығы жұмыс істейді. Екіжақты сауда, экономикалық, гуманитарлық және туристік қарым қатынастарды одан әрі нығайтуға күш салып, жаңа бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетіледі, – деді Дархан Сатыбалды.
Сондай-ақ сапар аясында облыс әкімі инвесторлармен кездесіп, олармен маңызды келіссөздер жүргізді. Экологиялық мәселелерге үлкен мән беретін елдегі тәжірибені меңгеру, тың жобаларды бастау, озық технология шығару, оны меңгеру және басқа да жобаларды талқылады. Кез келген мемлекет экономиканың барлық салаларын қолдайды және бұл тұрғыда өңдеу өнеркәсібіне негізгі басымдық берілетіні түсінікті.
Инвесторлар жұмысқа қолайлы Түркістан өңірінде жаңа жоба бастауды қуана қолдайтындарын жеткізді. Өңір халқының еңбекқорлығын ерекше атап өтті. Әсіресе ауыл шаруашылығын дамыту, табиғи тыңайтқыш түрлерін көбейту, құрылыс сапасына озық технология ендіру, өндірісті дамытуға қызығушылық танытуда. Сондай-ақ жаңа технологияларды меңгеруде маман дайындауға ерекше назар аударуда. Кен, өңдеу саласы, фармацевтика салалары бойынша ұсыныстар жан-жақты талқыланды. Жаңа жобаларды жүзеге асыру жолдары қарастырылды.

КӘСІПКЕРЛЕР ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНДА БОЛЫП, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған ресми және іскерлік делегациясының Қытайға жұмыс сапары аясында достық қарым-қатынас және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі конференциясына қатысты. Бизнес-форумда екі елдің кәсіпкерлері арасында B2B форматында кездесулер өтті. Сапар нәтижесінде Түркістан облысы мен Қытай тауар өндірушілері екіжақты байланысты дамытып, бірлескен жобалар ашып, тәжірибемен бөліседі.
Басқосуда жаңа жобалар таныстырылып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бизнесін таныстырған барлық кәсіпкерлерге алғыс айтқан Дархан Амангелдіұлы әр инвестормен жеке жұмыс істейтінін жеткізді. Мұндай кездесулердің жаңа жобаларды іске асыруға жол ашатын айтып, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы мен іскерлік серіктестігінің дамуын үлгі етті. Облыс әкімі инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен таныстырды. Сауда қатынастарын орнатып, инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін қажетті қолдауды көрсететінін жеткізді. Тек экономиканы дамытуға ғана емес, мәдениет, туризм, білім саласын дамыту тетіктерінің қарастырылатынын айтты.
– Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара қарым-қатынас – достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қағидаттары негізінде дамып келеді. Ұлы Жібек жолы құрылған сәттен бастап дамып, өркендеп келе жатқан екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың орны ерекше. Бүгінгі таңда елдеріміздің шекарасы арқылы 5 тұрақты пункт, 5 трансшекаралық мұнай және газ құбыры, 2 теміржол желісі және халықаралық ынтымақтастық орталығы жұмыс істейді. Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы келісім күшіне енгеннен кейін екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды ынталандыруға, сауданы жеңілдетуге, өзара инвестицияларды ұлғайтуға және ҚР мен ҚХР арасындағы туризмді дамытуға айтарлықтай ықпал етпек. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістан өңірінде логистикалық орталық жасауға толық мүмкіндік бар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздердің біздің өңірге келіп инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруға ниет білдіргендеріңізге алғыс білдіремін. Біздің облыста жұмыс істеуге ниетті барлық компанияларға барынша қолдау көрсететінімізді атап өткім келеді,– деді Дархан Сатыбалды.
Хубэй провинциясының бұл өңірі табиғи қазба байлығымен атақты. Қаланың жоғары технологиялық индустриалды паркінде алуан түрлі өндіріс орны орналасқан. Өндіріс аймағында 500-ден астам шағын және орта бизнес шоғырланған.
Модификацияланған материалдары мен пестицидтік өнімдерді өндіру, зерттеу, әзірлеу және сату, жеңіл автомобильдерге арналған алюминий дискілерін шығару, медициналық материалдар, қуатты өнеркәсіптік лазерлер өндірісі, ауылшаруашылық өнімдері (Қытайдағы 500 үздік ауылшаруашылық кәсіпорындарының тізімінде), арнайы мақсаттағы көлік құралдары – қаланың экономикалық саласының негізі.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған ресми және іскерлік делегациясы индустриалды паркті аралап, кәсіпкерлермен кездесті. Тазалық жұмыстарына арналған электр машиналарының, арнайы техника жасайтын, тері өңдеу, тоқыма өнеркәсібіне негізделген, шатыр шығаратын бірқатар өндіріс орындарын аралады.
Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Қытай еліне жұмыс сапары аясында Хэнань провинциясының вице-губернаторы Чжан Миньмен кездесіп, достық меморандумына қол қойды. Құжат өңір арасындағы өзара түсіністік пен бауырластықты нығайту, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты қамтиды.
Кездесу басында Дархан Амангелдіұлы ҚХР-ға жұмыс сапары барысында облыстық делегацияға көрсетілген қонақжайлылық пен жылы қабылдаулар үшін Хэнань провинциясының басшылығына алғыс айтып, өңіраралық ынтымақтастық орнатудың маңызына тоқталды. Тараптар екі жаққа тиімді жобаларды жүзеге асыруға келісті.
– Түркістан облысы үлкен инвестициялық, сондай-ақ туристік әлеуетке ие. Облыс арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Сонымен қатар сауданы дамытудың мүмкіндігі өте зор. Индустриалды және арнайы экономикалық аймағында инвесторларға дайын инфрақұрылымы ұсынылады. Екіншіден, агроөнеркәсіптік кешені саласында мүмкіндігіміз өте жоғары. Туризм саласында да саяхатшыларды қызықтырар орындар көп. Біз өз тарапымыздан қытайлық компаниялардың бизнесті дамыту жөніндегі бастамалары бойынша әріптестік орнатуға дайынбыз. Ең бастысы, өңірімізде еңбекқор халық бар, – деді Дархан Сатыбалды.
Сапар аясында делегация жергілікті индустриалды аймақта болып, оның жұмысымен танысты. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары қарастырылды. Сондай-ақ өңір басшысы ҚХР Хэнань провинциясы, Чжэнчжоу қаласының партия комитетінің хатшысы Ань Вэймен кездесіп, өзара ынтымақтастық жөнінде келіссөздер жүргізді. Аймақтар арасында «Жібек жолын» дамыту жолдары талқыланды.
– Чжэнчжоу ішкі өнеркәсіп көлемі соңғы уақытта еселеп артты. Азық-түлік өңдеу кәсібі бойынша біз көш бастап тұрмыз. Чжэнчжоудың негізгі кәсібі де, артықшылығы да – осы. Бұл ерекшелігіміз Түркістан облысымен ұқсас келеді. Болашақта арамыздағы ынтымақтастық беки түседі деп ойлаймын. Бұдан тыс, тарихи ошақтарымызды сол қалпында сақтап қалуға бар күшімізді саламыз. Бұл тұрғыда да өздеріңізбен бірлескен шараларға дайынбыз. Жалпы, біздің төрт қақпамыз ашық. Әуе жолы, әлемдік ғаламтор, теміржол және құрлық. Біздің импорт пен экспорт 500 миллиард юаньға жетті. Ұлттық технологиялар мен дарындылар базасы атандық. Қаланы халықаралық қала етіп құру жолындамыз. Заманауи қаланың үлгісі етуге күш салып жатырмыз. Түркістанның тарихын жақсы білеміз. Бізге көрші болу бұйырған. Ендеше бірге дамуға атсалысайық. Бір бағытта серіктес болуға, жаңа технология, мәдениет, сауда мен ауыл шаруашылығы бойынша ынтымақтастығымызды бірге күшейтуге дайынбыз, – деді Чжэнчжоу қаласының партия комитетінің хатшысы Ань Вэй.
Бүгінгі екі ел шекарасы арқылы 5 тұрақты пункт, 5 трансшекаралық мұнай және газ құбыры, 2 теміржол желісі және халықаралық ынтымақтастық орталығы жұмыс істейді.
– Қытайды жаңа қырынан танып жатырмыз. Түркістан – Ұлы жібек жолы бойында орналасқан ежелгі өркениет орталығы. Киелі шаһарымызда ислам ғұламасы Қожа Ахмет Ясауидың кесенесі орналасқан. 2021 жылы Түркістан түркі тілдес елдердің рухани астанасы болып танылды. Түркістан өңірі тарихы тереңде. Түркі елдерінің тарихи ордасы және қасиетті мекен. Қазақ хандығының алғашқы ордасы болған, батырлар мен билер мекені. Өңірді ірі өндіріс орталығына айналдыру мақсатымыз бар. Өндірісті дамытып, жұмыс қолын арттыру аса маңызды. Осы ретте өткен жылы Чжэнчжоу қаласы мен Түркістан қаласының арасында достық қарым-қатынасты орнату туралы меморандумға қол қойылған болатын. Аталған меморандум аясында Түркістан облысының кәсіпкерлері Чжэнчжоу қаласында іссапармен болып, өзара байланысты нығайтты. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы мен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин екіжақты қатынастарды дамытуға бағытталған аса маңызды құжаттарға қол қойды. Біздің міндет – өңірлер арасында экономика, мәдениет, туризм салаларында тығыз байланыс орнату. Түркістан облысы мен Хэнань провинциясы арасында екіжақты достық қарым-қатынастарды орнату туралы меморандумға қол қойдық. Бұл келісім өңірлеріміздің түрлі салаларының дамуына үлкен серпін беретініне сенім білдіремін, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Чжэнчжоу қаласы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, электроника, машина жасау, текстиль саласында дамыған. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолының Қытайдағы аялдамасы Чжэнчжоудан басталады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *