ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Білім Саясат Қоғам
936 Views

Қала әкімінің төрағалығымен «Шымкент қаласының даму бағдарламасы» аясында Жобалық Кеңсенің Басқарушы Кеңес отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде жобалық рөлдерді жәнебасшылардың жеке жауапкершілігі мен «Easy Project» кросс-платформасының KPIақпараттық тақтасында көрсеткіштер мен жобаларды жаңарту және толықтыру жұмыстарының уақытылы әрі сапалы орындалуы, жобаларды жүзеге асыру сындымәселелер қаралды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың ақпанында Шымкент қаласында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында басқару жүйесін оңтайландыруға арналған жобалық кеңсе құрылған болатын. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының жыл соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Қала басшысы аталған жобалық кеңсе онлайн-форматтағы жоспарлы және нақты көрсеткіштерді салыстыру және әрбір жобаның оларға қол жеткізуге қосқан үлесін бағалау мүмкіндігімен (easy Project жобаларын басқарудың ақпараттық жүйесін Microsoft Power BI талдау платформасымен интеграциялау негізінде), негізгі көрсеткіштер мониторингін (KPI) автоматтандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрал әзірленгенін атап өтті.

– Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік басқарудағы реформаның оңтайлы шешімін айтты. Президент бірінші орынға мемлекеттік басқару, кадр саясаты, шешім қабылдау жүйесі және олардың орындалуы үшін жауапкершілік тәсілдерін өзгерту міндетін қойды. Әкімдік жұмысын жобалық басқару әдістерімен жүргізуге, іске асыруға барынша мүмкіндік беруде. Ал, біз жаңа басқару жүйесін енгізудің дайындық кезеңін аяқтадық. Әкімдік басқармаларының басшылары мен негізгі қызметкерлері ақпараттық жүйеде жұмыс істеуге үйретілген және практикалық дағдыларға ие, – деді М.Әйтенов.

Сонымен қатар, қала басшысы орынбасарларына апта сайын, басқарма басшыларымен бірге KPI-мониторды қадағалау және жоспарлы көрсеткіштердің орындалмау қаупі бар басқармалармен жұмыс істеу, нақты жобалардағы проблемаларды анықтау және оларды шешуге көмек көрсетуге тапсырма берді.

​– Кеше Президент нәтиже процестен гөрі маңызды болуы керек екенін атап өтті. Бізге жобалар үшін жобалар қажет емес. Бізге нәтижелер керек. Сондықтан, жобалық кеңсенің басшысы Асқар Сүлейменовке — Басқарушы кеңестің әрбір отырысына жоспарлы көрсеткіштердің нақты орындалуы тұрғысынан ең үздік үш және ең нашар үш басқарманың тізімін беруді тапсырамын. Тиісінше, ең нашар басқарма басшыларына қатысты шаралар қабылданатын болады,- деді қала әкімі.

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ АБАЙ ӨЛЕҢІМЕН БАСТАЛДЫ

Шымкентте жаңа оқу жылы 172 білім беру мекемесімен 222 мыңға жуық оқушымен басталды.

Бірінші тоқсан жалпы қашықтықтан оқыту форматында жүргізіледі. 14 940 бастауыш сынып оқушылары үшін ата-аналарының өтініші негізінде қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, 996 кезекші сыныптар ашылады.

Шымкент қаласының әкімі барша білім саласының қызметкерлерін жаңа оқу жылымен құттықтады.

– Індетке байланысты елімізде алғаш рет оқушыларымыз жаңа оқу жылын қашықтан оқумен бастауда. Алайда қала мектептері оқу жылына дайын. Онлайн білім алу үшін толығымен интернет жүйесіне қосылған. 17 мыңнан астам қала ұстаздары IT бойынша білімдерін арттырды.

Бүгінгі күні компьютерлер саны 20 201-ді құрап отыр. Биыл 10 975 дана компьютер сатып алынды. Одан бөлек, ҚР Үкімет қоры және жергілікті бюджет есебінен 36 355 компьютерлік құрылғылар алу жұмыстары басталды. Келген құрылғылар қажеттілігі бар оқушыларға уақытша пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде, жыл басындағы 1 компьютерге 24 оқушыдан келетін көрсеткіш 4-ке төмендейді.

Жалпы қаланың демографиялық өсіміне байланысты жыл сайын мектеп оқушыларының саны 12 мыңнан астам балаға артуда. Аталған мәселелерді шешу мақсатында Шымкент қаласының орта білім беру саласында жан басына қаржыландыру жүйесін ендіру арқылы жекеменшік мектептер желісін арттыру жұмыстары атқарылуда.

Биыл оқушылар білім күнін ұлы ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен бастады. Өйткені биыл елімізде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мерекесі аталып өтілуде. Бұл орайда тағы бір қуанышты жаңалық, биыл қаламызда Абай Құнанбайұлы атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия ашылды.

Сондай-ақ, Шымкентте цифрландыру бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Қалада жаңа оқу жылынан бастап «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернаты» есігін айқара ашты. 5 «IT мектеп-лицейі» қайта құру арқылы жаңа бағытта жұмыс істейді. Осыған байланысты 12 STEM лабораторияларын ашу да жоспарлануда.

Одан бөлек, биылғы жаңа оқу жылында «Оқушылар сарайы» базасында заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген «IT-орталығы» қосымша білім береді.

Биыл елімізде Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығы аталып өтілуде. Ұлы тұлғалардың ұрпақ тәрбиесінде берер тағылымы мол.

Оқушылар, ұстаздар және ата-аналарға табысты жыл тілеймін! Алған білімдеріңіз жемісті болсын!, – деді қала әкімі.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласында қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес бір топ Ассамблея мүшесі мерекелік медальмен марапатталды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалін Шымкент қаласының әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Мұрат Әйтенов табыстады.

– Осы жылды біз бірқатар айтулы мерекені атап өтудеміз. Биылғы жылы Конституцияның қабылданғанына 25 жыл толуымен қатар, конституциялық орган – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына да 25 жыл толып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған тиімді қоғамдық институт болып отыр. Бүгінгі Ассамблея – миллиондаған қазақстандықты ортақ мақсатқа жұмылдырған, асқақ арманға жетелеген, бір мүддеге тоғыстырған алып күш. Осы орайда, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға үлес қосқан барша азаматтарға алғыс айтамын, — деді қала әкімі.

Марапатталғандар қатарында этномәдени орталықтардың төрағалары бар.

1. Орынбай Рахманбердиев – Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

2. Мухамедова Ася Ириковна – «Шымкент қалалық татар және башқұрт этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

3. Хашимжанов Икрам Акрамович – Қазақстан Республикасы «Дустлик» өзбектердің этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы, Шымкент қаласы өзбек драма театрының директоры

4. Пак Роза Викторовна – «Шымкент қалалық корей қауымдастығы» ҚБ төрайымы

5. Романова Наталья Сергеевна – «Шымкент қалалық славян этномәдени бірлестігі» ҚБ төрайымы

6. Хакимбеков Тахиржан Туйчиевич – «Шымкент қаласы өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы

7. Төлепова Гаухар Уәліханқызы – «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

8. Бахман Иосиф Владимирович – «Шымкент қаласы «Возрождение» неміс мәдени орталығы» ҚБ төрағасы

9. Мовсисян Наира Маитархановна – «Наири» армян этномәдени қоғамы» ҚБ төрайымы

10. Бочоришвили Заал Резоевич – «Шымкент қаласындағы грузин мәдени орталығы» ҚБ төрағасы

11. Ахметова Саждат Зияутдиновна – «Вайнах» шешен-ингуш мәдени-қоғамдық орталығы» ҚБ төрайымы

12. Сулеймани Мами Гуль-Ахмет-Оглы – «Шымкент қаласы иран мәдениет орталығы» ҚБ төрағасы

13. Параскевопуло Ольга Ивановна – «Ирини» Шымкент қаласы гректерінің этномәдени бірлестігі» ҚБ төрайымы

14. Искендиров Динмухамед Жармуханбетович – «Шымкент қалалық ұйғырлар қауымдастығы» ҚБ төрағасы

15. Щеткин Дмитрий Сергеевич – «Шымкенттік еврей мәдени орталығы» ҚБ төрағасы

16. Ибрагимов Натиг Надир оглы – «Шымкент қалалық әзербайжан мәдени орталығы» ҚБ төрағасы

17. Асанов Латипша Каймаханович – «Ахыска түрік этномәдени орталығы» ҚБ филиалыныңтөрағасы

18. Мавлютин Валиахмет Минирахманович – «Татар-башқұрт этномәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы

Айта кету керек, бүгінде қаладағы 1миллион 38 мыңнан астам тұрғын бар болса, оның 67,4 пайызын – қазақтар, 17,6 пайызын – өзбектер, 8,9 пайызын – орыстар және 6,1 пайызын өзге этнос өкілдері құрайды. Сондай-ақ, 17 этномәдени бірлестік жұмысжасауда.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҚАЙТА ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Шымкенттегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Қажымұқан атындағы орталық стадионда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі алдағы сенбіде қайта жұмысын бастайды.

Демек шымкенттіктер әр аптаның сенбі күні ұйымдастырылатын жәрмеңкеден азық-түлік өнімдерін көтерме бағада сатып ала алатын болады.

Бұл жөнінде қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков жәрмеңке ассоциациясы мүшелерімен кездесу барысында хабарлады. Кездесуде жәрмеңке кезінде карантин талаптарын қатаң сақтау шаралары түсіндірілді.

Айта кету керек, жәрмеңкеде жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың және ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтарының өнімдері сатылады. Ет, сүт, бау-бақша, көкөніс, макарон, шұжық, тұрмыстық химия, текстиль жəне өзге де өнімдер базар нарқынан тауар түрлеріне қарай 10-15 пайызға төмен ұсынылады.

ЖОЛДАУҒА ОРАЙ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауын іске асыру жөнінде Шымкент қаласы әкімдігінің актив мәжілісіөтті.

Жиында қала басшысы Жолдаудағы басым бағыттар мен нақты атқарылатын жұмыстарды атап берді. Әкім жаңа жағдайдағы экономикалық даму, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру, қоршаған ортаны қорғау, білім және денсаулық саласындағы мәселелерді атап, бірқатар орынбасарларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласын Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу орталығына айналдыруға барлық мүмкіндіктер бар. Түркістан және Жамбыл облыстарындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін Шымкентте өңдеп, ішкі және сыртқы нарыққа шығаруға сұранып тұр.

– Қалада мамандарды дайындайтын оқу орындары жетеді. Транспорттық-логистикалық желі дамыған. Төрт жолдың торабында отырмыз. Сондықтан, Агроиндустриялық аймақты қалыптастыру жұмыстарын жеделдету керек. Орынбасарым Сәттібаев Айбек Берікұлына Өңдеу өнеркәсібі және Ауыл шаруашылығын дамытудың 5 жылдық жоспарын әзірлеуді тапсырамын, – деді әкім.

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдыққа ие. Нарықтың жағдайында әр азаматтың баспаналы болуы тікелей өзіне байланысты. Десе де, мемлекет тұрғын үй құрылысын тікелей қолдап отыр. Шымкентте 1 миллион шаршы метрді құрайтын 262 көпқабатты үй салынып жатыр. (Оның 126-сы жекеменшік коммерциялық жоба, барлығы 6 147 пәтер.)

Қазір Шымкент қаласында 40 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр. Биыл оның ішінде 976 адам баспаналы болады.

Қала әкімі халықты баспанамен қамту бойынша Бауыржан Мамыталиевке тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтудың 5 жылдық жоспарын әзірлеуді тапсырды.

– Жалпы, Шымкент мегаполис болған соң, табиғи өсім мен миграцияны ескерер болсақ, тұрғын үйге деген сұраныс ешқашан төмендемейді. Мемлекеттік билік халық саны мен тұрғын үй құрылысының қарқынын ұштастыруға тиіс. Орынбасарым Бауыржан Жаймұрзынұлы кредиттік тұрғын үйлер көлемін арттыру, тұрғын үйдің өзіндік құнын азайту, арендалық төлемдерді бюджеттен субсидиялау мүмкіндіктерін қарастырсын, – деді қала әкімі.

Сонымен қатар қала басшысы қоршаған ортаны қорғау, білім және денсаулық сақтау саласы басты назарда болатынын айтты. Осы орайда нақты жұмыстар атқарылуы тиіс. Президент қоршаған ортаны сақтауға көп көңіл бөлді. Бұл мәселе Шымкентте де аса маңызды. Шымкент қаласы көше бойындағы биік ағаштармен және арықтарда сылдырлап ағып жататын суымен ерекшеленетін. Қазір қала өскен сайын ағаш саны азайып, көлеңке тарылып кеткен секілді әсер қалдырады. Жалпы, қала аумағында 14 784 гектар жер телімінде 6 миллионға жуық ағаш пен көпжылдық бұтақтар бар. Мұрат Дүйсенбекұлы бұның өте аз кенін атап өтіп, орынбасары Исахов Мақсұт Пернебайұлына аудан әкімдерімен бірлесіп, қаланың жасыл-желек қорына ревизия жасап, жаңа көшелердің бойына су жүргізіп, ағаш егудің бес жылдық жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Мемлекет басшысы баланы мектепке дейін жан-жақты тәрбиелеуге баса назар аударды. Шымкентте 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 86,1 пайыз. Мұны 2025 жылға дейін 100 пайызға жеткізу қажеттігі жайлы да сөз болды.

– Көрсеткіш қуамыз деп сапаның естен шықпағаны жөн. Қазір қаладағы 526 мектепке дейінгі ұйымның 85 пайызы жекеменшік үлесінде. Ондағы тәрбие сапасына да айтылып жатқан сын жоқ емес. Мемлекеттік органдар мен ата-аналар бірлесіп, санды сапаға айналдырар кез келді. Қалада 19 үш ауысымды мектеп бар. Жылына мектеп оқушылары 12 мың балаға көбейіп отырғанын ескерсек, осы жағдайды ұстап тұру үшін бізге жылына кем дегенде 5-6 мектеп салып отыру қажет.

Бұдан былай, денсаулық сақтау саласы да басты назарда болады. Биыл саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6 миллиард 660 миллион теңге қаралып отыр. Жалпы, Шымкентте медицина кластерін қалыптастыруға барлық жағдай бар, – деді М. Әйтенов.

Қала әкімі бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлына Президент Жолдауынан туындайтын міндеттердің орындалуын үйлестіруді, білім және денсаулық салаларын дамытудың 2025 жылға дейін Бағдарламасын жасауды тапсырды.

«ТЕПЛИЧНЫЙ РАЙ» АГРО-ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы «Тепличный рай» агро-индустриалды аймағындағы іске асырылатын жылыжайлардың құрылысы басталды. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов және жеке инвесторлар мен шаруақожалық иелері қатысты.

Аталған агро-индустриялды аймақ Абай ауданындағы сауда-логистикалық орталық маңында орналасқан. Аумағы 136 гектарды құрайды.

Жылыжайлардың құрылысы 2 кезеңді қамтиды. Атап айтқанда І–кезеңде 2020 – 2021 жылдар аралығында 30 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай кешені салынады.

9,4 млрд. теңгені құрайтын бұл жобаны «Taza Onim» ШҚ, «AIDI Agro Trade» ЖШС, «Колесников» ЖК, «ASM Corporation» ЖШС, «High Yield» ЖШС, «Татыбаева» ЖК, «Каз Агро Трэйд» ЖШС, «Nur Alem Agro» ЖШС секілді инвесторлар жүзеге асырады.

Ал ІІ – кезеңде 2022 – 2025 жылдар аралығында 60 гектарға өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылысы жүргізіледі. Онда 20 жоба жүзеге асырылатын болады. Жобаның жалпы құны — 21,0 млрд теңге.

Аталған жылыжай кешендері толығымен іске қосылғанда бір мыңнан аса адам жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілетін болады.

Бетті дайындаған Шуақ НҰР.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *