АБАЙ ДЕП СОҚҚАН ҒАЛЫМ ЖҮРЕГІ…

Тұлға
1 613 Views

ӨЗІ, СӨЗІ ТАЗАНЫ ҚОЛДАЙДЫ АЛЛАМ!

Қазақ халқының мәдени, әдеби, ғылыми даму тарихында ғалым, философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі,абайтанушы, жазушы әрі аса ірі қоғам қайраткері Ғарифолла Есім ұстаздың алатынорны ерекше. Ол – шығыс пен батыс философтарының еңбектерін, ғұлама Абайдың,Шәкәрімнің, Мұхтардың шығармаларын жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақәдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, білімді, әдепті ұрпақ тәрбиелеуге,туған тілімізді дәріптеуге, жалпы қазақ санасының, қазақ болмысының, қазақпәлсапасының жаңғыруына орасан зор еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз. ЖүрегіАбай деп соққан қазақтың жанашыры бүгінде заманауи идеал болуға лайықтыазаматтардың бірі. Бала Ғарифолланың жете келе ғылым тізгінінде отыратыны солкезде-ақ белгілі болды. Данышпан Есім атасының тәрбиесін сусындап, білімінеқанық болған азамат дана әрі дара жолды жалғастыратыны заңды еді. Міне, Сіз бенбіз қазіргі таңда томдап шыққан қаншама еңбектің куәсіміз. Осы орайда, биылхакім Абайдың мерейтойы қарсаңында және ұстазымыздың осы уақытқа дейін атқарғанбіршама істерінің, көкейкесті мәселелерін нәтижелеу, сараптау, ойлы оқырмандаржеткізу ретінде мақала жазуды жөн көрдім.

Ұлы қазақ деген данышпан халықтың бағына қарай, еліміз, жеріміз, төл тәуелсіздігіміз бар мемлекетпіз. Елбасымыз – тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халқымызды құлдырау кезеңнен дұрыс қойылған стратегиялық саясаттың арқасында болашаққа нық тұрғызып, сеніммен жеткізді. Ендеше, жаңа сайланған Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы бастаманы жалғастырып, өте мықты саясаткер ретінде, жаңа мәдени саяси стратегиясының арқасында көк туымыздың әлемдік аренада тасқа таңба салынғандай жарқырататынына сенім тудырады. Біз білетіндей Қасым-Жомарт Кемелұлы тәжірибесі мол дипломат, полиглот, бірнеше жоғары білімі бар көреген, жүрекжарды жанашыр тұлға. Осындай адами қасиеттерінің арқасында республикамыздың дамуына саяси, мәдени, әлеуметтік салаларында біршама өзгертулер мен нақты қадамдар жасау арқылы халқымыздың махаббатына бөленіп, Президент ретінде орныққаны рас. Айта кетсек, биылғы ұлы Абайдың 175 жылдығына және әл-Фарабидың 1150 жылдығына орай үлкен – ауқымды, ұлттық санамызды жаңғыртатын іс-шараны ашып берді. Биылғы жыл тойдан тойға ұласып жатқаны рас!

Данышпан Абайдың бір жағынан күрделі, астарлы мағыналы, кейде тілге жеңіл, түсінікті әлемін зерттеген ғалымдар өте көп, соның ішінде шет елдік ғалымдар да бар. Алайда, Хакім Абайдың философиясын қазақтың қарапайым тілімен жеткізе алған, ақиқатын таныған, ой-өрісін жеткізген, бүгінде Абайдың әрбір сөзін таразыдан өткізген бір-ақ ғалым бар. Ол – Ғарифолла ұстаз! Жылдар бойы Абай пәлсапасындағы абсолютке деген махаббат және Толық адам идеясын зерттеп, оның түп мағынасын аша білген ұстаздың еңбектері сонау Орхон–Енисей немесе көне ғасыр жазбаларын анықтағандай үлкен құндылық ретінде Нобель сыйлығына лайықты. Бұл қоржынды тіпті ЮНЕСКО көлемінде сақтап қалу абзал. Себебі бұл тек қазақ халқының мұрасы ғана емес бүкіл түркітілдес халықтарының, әлемнің мұрасы, өйткені Абай – әлемнің адамы. Ұстаз Абайды дәріптеп, философиясын түсінген, дер кезінде көз салып еңбегін жеткізе білген дана Мұхтарға кемеңгер деп ризашылығын білдіреді. Сол секілді бүгінгі таңда, құлдыраған-ашынған заманда Абайды Хакім Абай деп, пәлсапасын жеткізіп, Абай шығармасындағы әрбір сөздің әлемін түсінікті етіп танытқан ұстаздың өзін «Кемеңгер» деуге лайықты.

Қасиетті Семей өңірінде Жидебайға баратын жолдың торабында, Күшікбай деген мөлдір бұлақтың басында «Алты Алаш» атты мәдени-тарихи ағартушылық орталықтың ашылуына ұстазымыз себепші болды. Мұндағы салтанатта өңірдің зиялы қауымы және ұстаздың өнер табынушылары, шәкірттері, әріптестері бас қосты, өте рухани бай киелі кездесулердің бірі болатыны сөзсіз. Алыптар – Абай, Шәкәрім, Мұхтар, Кеңгірбай би, Еңлік-Кебек тарихына саяхат осы «Алты Алаштан» бастау алады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының «Абай және XXI – ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Жидебай өлкесін мәдени, тарихи, рухани өлке ғана деп санамай, жаңғыртып, алыс-беріс жүретін білім ошағына айналу керектігін атап өтті. Бұл тікелей Ғарифолла ұстаздың пендешілік міндетін ғана емес, рухани деңгейінде атқарып жатқан ісі оңды екеніне дәлел.

Академиктің өз сөзінен әрбір бес-он жыл сайын Абайдың шығармасын және Абай жолын оқып отыратыны мәлім. Бізге де осыны дәріптейді, неге десеңіз, адам жас қосқан сайын сана сезімі өзгерудің процесінде, әр кезеңде Абайды түрлі қабылдайды. Сондықтан араға уақыт салып басқаша көзқараспен, әлдеқайда салмақты, орынды қабылдауға негіз болады дейді. Жақында ғана ұстазымыздың «Ғұлама-Наме» атты трилогия кітабы жарық көрді. Бұл шығармада жылдар бойы сарапталған Абай, Шәкәрім, Мұхтар еңбектеріне, қазақ пәлсапасына, Ғұлама Анахарсис, Ж. Баласағұн, Әл-Фараби, Иоллығтегін, Қорқыт Ата есімдеріне деген тағзым кітап.

ҮШ СҮЮ БОЛАДЫ ИМАНИ ГҮЛ…

Жүрегі Абай деп соққан ғалымның үлкен арманы – қазақ елінің болашағы! Ағайдың «Жаңа сөз» атты мақаласында «Жаңа сөз жастардікі», – дейді, яғни бриллиант ұрпақ деген ойды талқылап береді. Баласағұнның «Құтты білік» атты асыл мұрасында мемлекетті басқарудың әділ жолын ғана көрсетпей, түбінде Алланың жолы жатқандығын жазып кетеді. Сол себепті Қазақстанның, қазақтың болашағын білімді, батыр, рухани азықты, толық адам образында көреді. Әр қазақ баласы білуге тиіс Әділет, Құт, Ақыл және Қанағат ұғымдарын санамызға сіңдірсек, Абайдың отыз сегізінші қара сөзін жадымызда намаз оқығандай сақтасақ рухани жаңғыру сонда ғана болмақ. Жалпы, болашақта Абай идеясы өмірлік образ, стиль болуы қажет.

Бұрындағы Марксизм-ленинизм өмірлік бағыт, мемлекеттік саясат идеологиясын ұстанған кезеңдегі өмірді еске алсақ. Не алдық? Не бердік? Нәтижесі қандай? Бүгінде дүние жүзінің барлық мемлекеттері өздерін белгілі бір бағытта жүргізеді. Бесіктен белі шықпаған жас республикамыз зайырлы мемлекет ретінде бой түзеді. Бізге ер жетуге шаңырақты ұстап тұратын, керегені құрайтын мықты уықтарымыз керек. Сол себепті Президенттің дұрыс саяси дипломатиялық стратегиясы, қайратты Конституция, әділетті – нұрлы сана заңымен қатар ел арасында сал сері образында жүретін идеология қажет. Сондықтан Абай пәлсапасын танытушы – таратушы ретінде «Есимовская школа» Ғарифолла мектебі халық аузында әдеби түрде етек алса, Абай әр қазақтың жүрегіне жетеді деген сөз! Республикамыздың Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Хакім Абай жайлы дөп түсіп айтқан сөздері осындай идеяны жеткізетін мектептің болу керек екенін көрсетеді.

Жүректің көзі ашылса,

Хақтың түсер сәулесі.

Іштегі кірді қашырса,

Адамның хикмет жүрегі, –

демекші, бұл биылғы Волонтерлер жылында, әр пенденің абайтануды оқып-білуге қолайлы ренесанс сәті.

Гульнара НАЙЗАБАЕВА,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Мәдениеттану мамандығының

1-курс докторанты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *