АЗАМАТТЫҒЫ БИІК АҒА, ҚАЗЫНА ҚАРИЯ ЕДІ…

Өмір-өзен
880 Views

Өмір бар жерде өлім бар десек те, бұл – бір әулеттің ғана емес, әдебиет сүйер қауымы бар бүкіл қоғам үшін орны толмас ауыр қайғы болып отыр.

Әріптесіміз, қарымды қаламгер, белгілі сатирик Ұлылар Отаны атанған қасиетті Отырар өңірінің тумасы Төпен Әмірбек өмірден озды. Марқұмның отбасының, туған-туыстарының, жақын-жұрағатының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Алла мейіріміне алсын деген ниеттеміз.

Айта кетсек, Төпен Әмірбек 1954 жылы 11 желтоқсанда бұрынғы Қызылқұм ауданы, Балтакөл ауылына қарасты «Көлқұдық» елді мекенінде дүниеге келген.

Төпен аға кәсіби шеберлігі жоғары, отандық ақпарат кеңістігінде өз ой-пайымы бар тұлға, азаматтығы биік, қазына қария еді. Өмірінің соңғы сәттеріне дейін қазақ әдебиетінің дамуы жолында ізденісін тоқтатпай, ұлттық мүдде үшін жасаған адал істері арқылы артына өшпес мұра қалдырды. Сондай жанды фәниден жоғалтудың қайғысы, әрине, табыттан ауыр, қорғасыннан салмақты, өксігі өзекті өртейді. Өнерлі отбасылардың бірі саналатын Әмірбековтер шаңырағына, Көпен, Базарбек, Ерсұлтан ағаларымызға және жақын-жұрағаттарына қайғырып, көңіл айтамыз. Ажалға амал нешік? Артында қалғандарға қайыр-берекесін берсін! Марқұмның жаны жаннатта болсын! Отбасына Алла сабыр берсін! Қазаның арты қайырлы болсын! Ізгі жанның Тәңірі алдынан жарылқап, иманын саламат етсін деп дұға етеміз. Әумин!

Республикалық «Әділет. Рухани жаңғыру»

қоғамдық-саяси газеті ұжымы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *