АЙТАЙЫН ДЕП АЙТПАЙСЫҢ…

Таным Тұлға
623 Views

Нұһ пайғамбардың кемесі қалған қасиетті Қазығұрттың асуындағы ғажап тарихи-танымдық мекен — «Мәңгілік ел» саябағы дүниенің түкпір-түкпірінен ағылған сан мыңтуристің тоқтап, тамсанып, таңдай қағар орнына айналғалы қашан! Сонадайдансалтанаты асып тұрған алып кешеннің өне бойындағы терең ойластырылған композициялық құрылым, тарихи сабақтастық өз алдына, ондағы әр жәдігердің биікталғаммен жасалып, көркемдік тұрғыдан жоғарғы деңгейде орындалған өнертуындысына айналуы өзіміз түгілі өзгелердің өзегін өртеп, көз жауын алғаны рас.Мұнда ат басын бұрған еліміздің маңдайалды азаматтары, қайраткерлері, танымал тұлғалары, зиялы қауым өкілдері осынау кемелдікті көзбен көріп, көңілге түйіп,талай терең толғанысқа түсіп, іргелі басылым беттерінде жүрекжарды лебізін білдіріп,«мұндай да керемет жасауға болады екен ғой» деген тоқтамға келді. Қысқасы, осыбір қасиетті төбеге табаны тигендердің тебіренбей қалғаны жоқ.

Бұл — халқымызға танымал заңгер-зияткер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекет Тұрғараұлының тікелей өз жобасы, өз идеясы. Оны атынан ат үркетін өнер өкілдері жанкешті еңбекпен жүзеге асырған. Ондағы өткеніңнен өнеге, тарихыңнан тағылым түйгізген кемел кешен мен еңселі ескерткіш, құдайшылығын айтсақ, Қазығұрттан басқа еш жерде кездеспейді.

Он гектар жерді — жоңғарды жойған Салқам Жәңгір, Жалаңтөс баһадүр, зар-заманда Қожаберген жырау тебіренген «Елім-ай» жырының мемориал тақтадағы көрінісі, Алаш қайраткерлері (ұзын саны — 144) Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев, Мұхамеджан Тыныш бай, Жаһанша Досмұхамед, Жүсіпбек Аймауыт, Әлімхан Ермектердің шоғырланған мүсіні, «Анаға тағзым» ескерткіші, Қажымұқанның тау тұлғасы, «Бабалар рухына тағзым» кешені алып жатыр. Құнына баға жетпес байтақ қазына!

Бекет Тұрғараұлы — оңтүстіктің тумасы ғана емес, Қазақстанның төрт құбыласына дақолтаңбасын қалдырған, қазақтың жоғын түгендеп жүретін жомарт жүректі, тереңойлы, ақынжанды, өр рухты тұлға. Кісілік келбеті кескінделген, парасат-пайымыбиік Бекең — қолға алған тірлігін түбіне жеткізетін істің, берік ұстаным менуәденің де адамы.

Ол жасаған рухи ерліктер қаншама?! Бір ғана дауылпаз Қожаберген жырау жөніндегі тартысқа нүкте қойған да өзі еді. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы ұлы жырау туралы былай деген екен: «Қожаберген жыраудай бұрын-сонды өмір сүрген қазақ ақындарынын бірде-біреуі қазақ жұрты жерінін көлемін, шекарасын айқындап берген емес. Ол кісінін «Елім-ай» жыры — әскери дастан! Жас бала кезімде оны әншілердін аузынан талай рет естіп едім. Шіркін, сол әскери дастан қайда бар екен?». Атақты қолбасшы толық нұсқасын іздеген дәл осы «Елім-ай» жырын, Қожабергеннің бұдан басқа көптеген жыр-дастандарын «Баба тілі», «Заманының заңғары», «Мәңгілік елдің мәңгілік жыршысы» атты кітап етіп бастырып, жарыққа шығарған да басқа емес, Бекет Тұрғараұлы болатын.

Қазақстанның оңтүстік және солтүстік өлкесіндегі сот саласында қызмет атқара жүріп, Бекеңнің ұйытқы болуымен академик Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім», ақын Қадыр Мырза Әлидің 14 томдық жинағы, Оңтүстік Қазақстан облысы және Қазығұрт ауданының тарихи өңірлік энциклопедиясы жарық көрді. Мұнан соң да қазақтың дәстүрлі ән және сөз өнерінің дүлдүлдері Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Біржан сал, Сегіз Сері, Шал ақын, Мағжан Жұмабаевтың мұралары түгенделіп, кітап болып басылды. Тағы тізбектейтін болсақ, жазушы Әзілхан Нұршайықовтың 10 томдығы, академик Серік Қирабаевтың 8 томдығы, классик жазушы, Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің, қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың және тағы басқа отызға жуық жазушы жазбалары осы кісінің арқасында оқырман қолына тиді.

2012 жылы Жаңаөзен оқиғасына байланысты Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болып келген жылдары «Маңғыстау ақын-жазушыларының шығармашылық кітапханасы» атты 50 томдық жинақтың жарыққа шығуына мұрындық болған еді. Бекеттің қазақтың бүгінгі рухани әлеміне сіңірген еңбегі өлшеусіз деген сөзіміздің мәні осында. Мағжан Жұмабаев жырларын жарыққа шығарумен қатар Бекең әйгілі ақынның ескерусіз қалған әке-шешесінің қорымына барып, басына ескерткіш-құлпытас орнатуы — екінің бірінің қолынан келе бермейтін ізгілікті іс.

Тарихтың хас батырлары мен данагөйлерін тізімдеп, ескерткіштерін орнату құдды Бекеңнің мына дүниедегі миссиясы ма дерсіз?! Солтүстік Казақстанда сот төрағасы болып жүрген кезінде Қызылжар өлкесінде аты күллі аймаққа таныс қара қылды қақ жарған Тоқсан бидің, Қожабергеннің, атақты академик Евней Бөкетовтің және Шал ақынның ескерткіштерін орнатты. Одан Ақтауда көрнекті мемлекет қайраткері Нұртас Оңдасыновтың, мұнай атасы

Сафи Өтебаевтың ескерткішін салуға бастама көтеріп, мүсінін қойғызды.

Бекет Тұрғараевтың Қазақстан көлемінде ағартушылықпен айналысып, кітапхана қорларын жаңғыртып, оқырман мен мектеп оқушыларына заман талабына сай жазылған шығармалармен танысуға зор қамқорлық жасап, руханият пен туризмді дамытуға, ауылды абаттандыру мен ауыл шаруашылығын дамытуға, халық жадын жаңғыртуға, тарихи тұлғалардың ескерткіш кешендерін тұрғызып, ел игілігіне жаратқанын санап тауыса алмайсың. Мұндай іс-әрекет — отаншыл, халықшыл, елім деген ердің ғана қолынан келетін сирек құбылыс.

Әрине, айтпағымыз бұл ғана емес. Ал енді осы халықтың сүйіспеншілігін оятып, азаттықтың алтын бесігіндей тербеліп, дала қоңырауындай дауылпаз үн шығарып, күңіреніп, күн-түн ұлт рухының шамын жағып тұрған, қанша- ма жылдар жанкештілік пен бейнеттің арқасында дүние есігін ашқан алып кешеннің қайсыбір жолы мәртебелі сыйлыққа ұсынылып, өтпей қалуы азаматтың намысын таптап, жігерін жасытқаны өз алдына, бұл елдігімізге қағылған сынадай болды. Бұл жағдай жұртқа (дұрысы — шенеуніктерге) сенің тарихың да керек емес-ау деген күдік те ұялатқаны жасырын емес-ті.

Жә, ойымызға тамызық болсын, ендігі лепесімізді мына бір әрбір пенденің санасына сәуле түсірер жайдан бастайықшы.

Бір жолы белгілі жазушы, биыл Еңбек Ері атанған Дулат Исабеков ағамыз дәл осы комиссия жұмысына көңілі толмай, күйіне жазып еді. «Баяғыда берген дауысымызды жоққа шығарған сон, Әшірбек Сығай, Райымбек Сейтметов, Есмұхан Обаев, тағы бір-екі адам комиссия құрамынан шығамыз деп атып тұрып, мәлімдеме жасағанбыз. Өйткені берген дауысымыз далада қалып, лайық емес адамдар өтіп кетті. Аты-жөні есімде жоқ, әйтеуір Лермонтов театрында бір ғана спектакльде рөл сомдаған актерді ұсынған кезде біз қарсы болдық. Көбінесе үй жиһаздарына жарнама жасайды екен. «Мынау кім? Онын театрда елдін, ықыласына бөленген рөлі жоқ екен» деп сызып тастадық. Кейін қорытындыға қарасақ, екі адам ғана қарсы болған. Қалғаны соны қолдаған болып шықты. Бұл қалай? Қазақтын мандайы кереқарыс, жарқын актерлері мен режиссерлері толып жатқанда орта жолдан килігіп, қалай Мемлекеттік сыйлық алып кетеді? Бұл жерде комиссия төрағалары қандай шешім айтады, солай болады. Ешқандай бедел қалмаған сон шығып кеткенім бар» деген еді…

Басқа түспеген соң білмейсің. Шындығында Дулат Исабеков ағамыз айтқан бақай есепке бұра тартқыш комиссияның жауапты адамдары бүгінгі «Жаңа Қазақстан тұсында да әлі сол баяғы Байқожаның таяғын» ұстап жүрген екен. Бұл жолғы мемсыйлыққа ауыз толтырып айтуға келмейтін кейбір шығармалардың өтіп кеткені хас жүйріктердің шедеврін шідерлеп, адымын аштырмағаны рас. Атақты ешкім о дүниеге арқалап кетпейді. Қазақ тарихында Батыраштар қай заманда да болған. Тек шын лайықты шығарма өз бағасын алмай, еленбей қалуы қынжылтады деу жай сөз, қан жылатады.

Әдебиет пен өнер саласындағы мәртебелі жүлдені саралайтын Мемлекеттік сыйлық қазылары мұнша құндылықты көзге ілгісі келмеді дей алмаймыз, көзге ілді. Есіл дүниені еледі. Дауысты да көп берді. Әділ бағалай білді де! Сөйте тұра көпе-көрінеу комиссияның мойындалған оң бағасы әп-сәтте өзгеріп шыға келді. Бұған не дерсіз? Түсінікті және өте түсініксіз.

Бұл не сонда? Президенттің сеніміне кепіл болған азаматтар (дұрысы — ше- неуніктер) биік талғам мен жоғары ойлау деңгейінен жұрдай болғаны ма? Әлде өнер мен саясатқа егіз ұғым деп қарағаны ма? Президент сенім білдірді ме, ең алдымен сол сенімді ақтау керек. Өнердің төңірегінен саясат іздеу деген ақылға сыя ма?

Жалпы, Бекең — халыққа жасаған қызметі үшін одан бірдеңе дәмету, сый күту санасына сыймайтын адам. Ең сұмдығы, ол биік талғамның, озық ойдың иесі деп ойлаған комиссия мүшелерінің (шындығы — шенеуніктердің) әлеуметтік желідегі әншеиінде жел тұрмаса да шөп басын қимылдатып, желсіз күнде де желпілдей беретіндердің жетегінде кетеді деп ойлаған жоқ еді. Сонда президенттің Ұлытауда құрылтайда әлеуметтік желідегі жел сөзге қарай айтқан сын ескертпесі қайда қалды? Сол сөзге байланысты бас басылымның «басын жарып, көзін шығарып» сыннан қорытынды шығаруды ескертуі де, еске алынбағаны ма? Қазақтың «Мен не деймін, қобызым не дейді» дегенінің кері келіп тұр емес пе? Қызғаншақ деген қызыл көздің үндемей қабатынын бағамдай алмайтын, «атын мың адам атаған адамға ғайбат айтпа» деген түсінікті қаперіне де ілмейтін біздің деңгей, сана биігінің жеткен жері осы ма? «Демократия — ауыздықталса ғана демократия» деуші еді Ақселеу марқұм. Демек, ол ойына келгенді істеу, адам тағдырымен ойнау

Халқының тарихын таспен өріп емес дегені ғой. Бұл аз десеңіз, мемлекет басшысының «Демократияның басты жауы — популизм мен білімсіздік» дегені және бар. Сонда деймін-ау, біреу көкесіне хат жаздырып, енді біреу әлеужеліде қаттырақ сөйлесе, пікірі өзгере салатын бұл неғылған тайғанақ, өз ұстанымы жоқ мемлекеттік комиссия?

Хат демекші, Бекең де пенде, әлгі сәлемхат жазғыштарға «еліктеп», жоғарыға мән-жайды түсіндіруін сұрап, бір жапырақ қағазды сүйкей салды. Ал енді мұндай да болады екен дегенге сенесіз бе? Сол хатқа жарлық шығып, іс бітіп, әбден бояуы сіңгеннен кейін он күн өткенде мынау цифрлы технология заманында сол баяғыдай шығарып салма жауап алды. Бір жанға екі күймек әділет пе? «Мен министрден қорықпаймын, оның мәдениетінен қорқамын» деген екен Шәкен Айманов. Сонда бұл мәдениеттің қай түріне жатады? Білгеніңіз болса айтыңызшы. Біле жүрейік.

Халық әлдеқашан әділ бағасын беріп қойған алапат еңбекті иек астында отырған (сенімдінің) көкпарға салып, қақпақыл ойнап, қаперге ілмегені қалай? Бұл рухани қылмыс жасаумен бара-бар ғой. Не деген настық? Олардың қажетті тағылыммен қалап жүрген тынымсыз жан үшін мұның нағыз «Жыл өкініші» болғаны да анық.

Жаңа мемлекет құру жолында басын бәйгеге тіккен президент Жаңа Қазақстан әділетті болсын деді. Демек, ел сынынан өткен сарабдал туындының тағдырын шешуде президенттің ақ сөзін аяққа баспайтын, ешқандай жершілдікке ұрынбайтын, өсек-аяңға ермейтін, ықпалдының ығына жығылмайтын қазылар қайда сонда? Әлде бұл президенттің өзі айтқандай, шын мәніндегі ұлттық кадрдың тапшылығынан ба? Бұлай болмайынша әділетсіздіктен әбден зәрезап болған халық кездейсоқ кертартпалардан қалай арылмақ? Өнердің иесі, киесі деген болмаушы ма еді?!

Айтайын деп айтпайсың. Бекең келе жатқанның кетпенін алып, бара жатқанның балтасын алып, әлдебір «недоросльдердей» өтірік сөйлеп, өтірік күліп, билік баспалдағына қия жолмен емес, тура жолмен жетіп, депутат та басқасы да болып, тапқанын қарақұстай астына басып, кекірігі азып жүрсе де болар еді. Бірақ жаратылысы жасампаз оған бұл эпидемия дарымады. Қай қиырда жүрсе де ұлтының жоғын жоқтады, мұңын мұңдады. Адалдан жиған (өйткені бұл заңның, қара қылды қақ жарған әділеттің адамы) дүниесін, халқының игілігіне жұмсауды ойлады. Өз қолымен тұрғызған осынау жасампаз дүниені халыққа, мемлекетке сый ретінде тапсыруы — соның айғағы емес пе? Ол — атақсыз да атақты, сыйлықсыз да сыйлы. Осы күнге дейін жиған абыройы енді оған қызмет етіп жатыр. Ол атақты да, қызметті де сұрап алған жоқ. Ешкімнен сөз де сұрап алған жоқ. Ұлы Әбіш, әулие, аңыз Әбішке мен туралы бірдеңе деңізші деу мүмкін бе? Бекең Қожабергенді қайта тірілткендегі Әбіштің мына сұрапыл сөзіне имандай ұйымаған қандас қалмап еді. Оқыңыз: «Солтүстік Қазақстанда көптен бері қолға алынбай жатқан, біреу өмірде болды, біреу өмірде болмады деп таласып-тартысып жүрген Қожаберген жыраудың бүкіл тұқым-теберімен, әулие-ұрпақтарымен бәрін қайта тірілткен Бекет болды. Бекеттің сол басқаруының арқасында Қожаберген даудан құгылды. Қожаберген шын мәніндегі ғылыми факторға айналды».

Бұл аз десеңіз, Әбіш тағы да былай дейді: «Өзіміздің ішімізде өз болған, ақылды түгендеген, абыройды түгендеген, намысты түгендеген жігіттердің бірі ретінде Бекеттің есімі көп айтылады, алда да көп айтылуы керек. …Меценаттың түрі көп. Өмірі намаз оқымаған әкесінің атына мешіт түрғызып, есімін беріп жатқандар көп. Дүниеде халықтың атын шығаратын, халыққа, елге, еңіреп жатқан кісіге жасаған жақсылық — шын жақсылық. Осы іс жалғаса берсін». Ғұламаның сөзіне титтей де түсіндірменің қажеті жоқ.

Сонда деймін-ау, халықтың берген бағасы, еңбегін мойындағаны қайда қалды? Онымен бишікештердің қақпақыл ойнауына қандай хақы бар? Әлде сол әділ бағаны Әбіш тіріліп келіп, қайта қалпына келтіріп, әлдекімдердей президентке хат жазып, сұрап алуы керек пе?

Кез келген нәрсеге тамсана бермейтін, терең талғамның, озық ойдың иесі, атақты алаштанушы, академик Мәмбет Қойгелді аға басылымға жүрегін ұстап отырып, «Қазығұртта үйлесім тапқан елдік идеясы» атты бекзат баян жазар ма еді? «Артымызда қазы бар» дейді Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы. Қазы — халық, әрине. Сонда деймін-ау, сол комиссия мүшелерінің академиктен кем түспей, талайының тамсанып, таңдайының суын жұтып, табаны тиген осы жерді бір сәтке де еске алмағаны ма? Қарағым-ау, бұл айналып келгенде балық үлестіру емес қой.

Бірде мен сол кемел кешенді аралап жүрген қарттың көз жасын сүртіп тұрғанын көріп, қатты толқып едім. Бұл кешен бүгінгі ғана емес, кешегі ұлы аруақтар алдындағы ұлы парыз, ұлыміндетті орындағанына бұдан артық қандай дәлел керек? Сол ұлтының көз жасын сүртіп келе жатқан Бекеттер бізде көп пе еді?

Қазақ халқының тарихында оның мәдениеті мен руханиятының дамуына ұшан-теңіз еңбек сіңірген, алдынғы толқын ағалар, мемлекет қайраткерлері Темірбек Жүргенов, Ілияс Омаров және Өзбекәлі Жәнібековтердің ізгілікті істерін жалғастырушы тұлға ретінде Бекет Тұрғараевтың ерекше ерен еңбегі мемлекеттік комиссия тарапынан жоғарғы дәрежеде бағалануға тиіс еді. Осындай еңбектерді биік дәрежеде бағалап, елге, халыққа үлгі ретінде ұсынғанда, ұлт руханияты мен мәдениетінің және тарихының өсіп өркендеуіне жекелеген тұлғаларды тартып, мәдениет пен өнеріміздің, тарихымыздың әлеуетін биік дәрежеге көтеруге ықпал ете алған болар еді.

Біз Бекет атқарған қызметтің бір парасын ғана баян еттік.

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асырып, орындауды басты бағытым деп ұстанған, ел мүддесі үшін ерен еңбек атқарған жомарт жүрек азаматтың қайырымдылығы мен қайраткерлігі мемлекет тарапынан өзінің әділ бағасын алатынына әлі де сенімдіміз.

Тұрғараев — өз адами, азаматтық тұғырына әлдеқашан шыққан адам. Тек әлеуметтің ақниет алқалауын жерге тастамай, бәйгеге қосылып, ел қатарлы бақ сынағанның не айыбы бар?

Бұл да ештеңе емес-ау. Қарапайым қисынға салып айтсақ, бұл дүниеде бәрі өткінші, салыстырмалы. Сыйлықтың тек ресми бекітілмегені болмаса, оның кісінің атын биіктетеді деу де — бос әурешілік. Кісінің артында қалатыны — атақ емес, ісі мен аты. Тарихшылар, қаламгерлер тарихты дерек, дәйегімен сөзбен жазса, Тұрғараев сол тарихты тасқа жазып жатыр, жаза да береді. Тұлғалығы әлдеқашан қазақы ортада, әсіресе ұлттық элита арасында мойындалған Тұрғараевты аты дардай комиссия тұқыртқысы келгенмен не ұтты? Ел ішінде көп жүреміз ғой, осы бір әділетсіздік қайта Бекеңнің ел алдындағы абыройын одан сайын биіктетіп, аспандатып жіберді.

Ғани ҚАРИН,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

Кұрметті журналист, «Парасат» және

«Кұрмет» ордендерінің иегері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *