АЛЬФИЯНЫҢ ГҮЛДЕРІ АЛМАТЫҒА ДА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Қоғам
365 Views

Көктемнің лебі білініп, күн жылт етісімен Оңтүстік диқандары Жер-Ана төсін тырмалап, тіршілік қарекетіне кіріседі. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының шаруалары да иелігіндегі жылыжай жұмыстарына қызу кіріскен. Олар көкөністерден басқа да өнімдерді өндіріп, табысын еселеп келеді.

Еңбегін еміп жүрген жандардың бірі — Дербісек елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Альфия Аширбаева. Ол өзінің иелігіндегі 35 сотық жылыжайының жартысына көшені безендіруге арналған гүлдердің 20-ға жуық түрін өсіріп жатыр. Әдеміліктің символы болған бұл гүлдер Сарыағашқа ғана емес, басқа өңірлерге де жеткізіледі екен.

Кәсіпкер еңбегімен еліміздегі қалалардың көшелерін абаттандыруға өзіндік үлесін қосып келеді. Ол бастапқыда ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 6,0 млн. теңге көлемінде төмен пайызды несие алып, жұмысын бастаған. Бүгінгі таңда жылыжайдан жылына 300 – 500 мың түп аралығында гүлдердің көшетін өндіріп, оны Нұр-Сұлтан, Алматы және облыс орталығы Түркістан қалаларына саудалап жатыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *