1 046 Views
Жыртысын жыртып еліңнің,
Алдына шығып теңіңнің.
Атыңа затың сай болып,
Арғымақ мініп тебіндің.
Арманда кеткен ерім-ай,
Тар болып барар жерің-ай.
Кебінге кенет оранып,
Қапыда кеткен серім-ай.
Қазақтың жауы – қазақ еді,
Арысын баудай түсірген.
Онсыз да қазақ аз-ақ еді,
Бейбіт күнде күрсінген.
Артыңда қалған алты ұлың,
Жаратқанға аманат.
Әкенің отын өшірмей,
Мінгені болсын қазанат.
Белбеуі белге жарасып,
Қыр асып кеткен қарағым.
Мен өзіңді бауырым,
Арманда кеткен Алаштың,
Арысының беу дүние-ай,
Сарқытына баладым…
Сәуле РАХЫМ,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі.