АРТЫҚ ТӨЛЕНГЕН САЛЫҚТАР МЕН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАЙТАРУ

Құқық
27 Views


АРТЫҚ ТӨЛЕНГЕН САЛЫҚТАР МЕН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАЙТАРУ: САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ ҚҰҚЫҒЫ МЕН №15-ФОРМА ӨТІНІШІН РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

Салық салу жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Салық кодексінде салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерінақты көрсетілген. Солардың бірі – артық немесе қате төленген салықтар, тағы басқада міндетті төлемдерді бюджеттен қайтарып алу немесе басқа міндеттемелересебінен өтеу құқығы. Бұл үдеріс – салық төлеушілер үшін маңызды заңдымүмкіндік.

АРТЫҚ ТӨЛЕМ ДЕГЕН НЕ?

Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің (Салық кодексі) 103-бабында артық төлем ұғымы анықталған. Артық төлем – салық төлеуші бюджетке қате немесе негізсіз түрде артық сома аударған жағдай. Мұндай артық төлем мыналардан туындауы мүмкін:

— Қате есептелген салық сомасы,

— Дұрыс емес бюджет сыныптамасына (КБК) аударылған төлем,

— Есеп-қисаптағы техникалық немесе адами қателік,

— Қайтарылған тауарлар бойынша артық төленген қосылған құн салығы (ҚҚС), тағы басқалар.

Өтеу (зачет) пен қайтару жолдары

АРТЫҚ ТӨЛЕНГЕН СОМАЛАР ЕКІ ТӘСІЛМЕН РӘСІМДЕЛЕДІ:

1. Өтеу (зачет) – артық төленген сома болашақтағы немесе ағымдағы салық міндеттемелерімен есептесу үшін қолданылады.

2. Қайтару – салық төлеушінің арнайы өтініші бойынша артық төленген қаражат банк шотына қайтарылады.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 104-бабына сәйкес салық органына салықтық өтініш берілгеннен кейін, салық органы өтінішті қарау барысында салық төлеуші берешегінің болмауын тексереді. Егер берешек жоқ болса, қаражатты қайтару немесе өтеу (зачет) жасау шешімі қабылданады.

15-ФОРМА: ӨТІНІШТІ ҚАЛАЙ ТОЛТЫРУ КЕРЕК?

Артық төленген салықтарды қайтару немесе өтеу (зачет) үшін салық төлеуші №15-форма бойынша өтініш тапсырады. Бұл форма Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №160 бұйрығымен бекітілген.

ӨТІНІШТІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ:

— 1 бөлім: Салық төлеуші туралы мәліметтер (ЖСН/БСН, аты-жөні/атауы, байланыс деректері);

— 2 бөлім: Артық төленген соманың түрі, КБК коды, сомасы;

— 3 бөлім: Қайтару немесе өтеу (зачет) жасауға қатысты талап;

— 4 бөлім: Қаражат қайтарылатын банк реквизиттері (банктің атауы, БИК, есепшотнөмірі);

— 5 бөлім: Қол қоюшы тұлғаның деректері және қолы.

Өтінішті электронды түрде kgd.gov.kz порталында «Салық төлеушінің кабинеті» арқылынемесе қағаз түрінде салық органына тапсыруға болады.

ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕР:

— Салық кодексінің 103–106-баптары – артық төлемдер, қайтару және өтеу (зачет) тәртібі;

— Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №160 бұйрығы – өтініш формаларын бекіту;

-Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс – мемлекеттік қызметтердің көрсетілу тәртібін регламенттейді.

Әрбір салық төлеуші өз қаражатына иелік етуге құқылы. Егер Сіз бюджетке артық төлем жасаған болсаңыз – оны қайтару немесе өтеу (зачет) Сіздің заңды құқығыңыз. Ең бастысы – заңнамада көзделген ережелерді сақтап, №15-форма өтінішін дұрыс рәсімдеу. Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілердің құқықтарын қорғауға және салық салу жүйесінің әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Назерке ӘЛІМБАЙ,

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының есепке алу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекші маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *