АСЫЛ ӘЛЕМ, ЖАСЫЛ ӘЛЕМ

Әр алуан
974 Views

ҚЫТАЙДАҒЫ АСПАЛЫ ОРМАН

Қытайдың ең лас қалаларының бірі – Чэндунде орналасқан. Экологиялық ахуалды жақсарту үшін онда «Qiyi City Forest Garde» тұрғын үйкешені салынған. Зәулім үйдің әрбір балконына ауа мен қалалық шуды сүзетінәртүрлі өсімдіктердің 20-ға жуық түрі егілген.

Тұрғын үй кешені 2018 жылы пайдалануға берілді. 826 пәтерге арналған кешен 8 мұнарадан тұрады. Барлық пәтер бірден сатылып кеткен.

Бірақ, бұл жоба өз сенімін ақтамаған сияқты. Себебі қазір онда 10 ғана пәтерде адам тұрады, қалғандары бос қалыпты.

Иесі болмаған соң балкондардағы өсімдіктер күтім көрмей, бей-берекет өсіп, түрлі жәндіктердің ұясына айналған.

Тағы бір кемшілігі, балконда дренаж жүйесі болмай шықты. Нәтижесінде артық ылғалдан өсімдіктердің кейбірі шіри бастаған. Сөйтіп Чэндундегі бұл қала бұрынғыдан да лас болып кеткен.

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЕРЕКШЕ ҚОНАҚҮЙ

Осындай жоба Сингапурда да бар. Бірақ бұл жоба сәтті жүзеге асқан. Онда әлемге танымал көпқабатты «Parkroyal on Pickering» қонақ үй кешені архитекетурасымен, дизайнымен, туризм саласымен әлемді мойындатқан.

Бұл қонақүй 2013 жылдың қаңтарында ашылған. Аумағы 15 мың шаршы метрді алады. Жан-жағы толығымен тропикалық өсімдіктермен, пальмаларменжәне бүршікті ағаштармен безендірілген. Мұндағы жасыл желектерге күнінежүздеген адам күтім жасайды.

Бұл қонақүй күн энергиясын пайдаланатын эко жобаға жатады. Ол әлемдегі ең ерекше қонақүй саналады және соның арқасында Сингапур әлемдегі ең қымбат қалалардың рейтингінде бірінші орында.

Сингапур әлемнің ең кіші 20 елінің бірі. Сөйте тұра туризм саласымен әлемді бағындырған.

ВАВИЛОНДАҒЫ ТАҢҒАЖАЙЫП БАҚ

Гүл бақтар мен аспалы орман жобасы бұған дейін де – 2700 жыл бұрын Вавилон патшалығында да болған. Ол әлемдегі жеті кереметтің бірі – Семирамида аспалы бағы.

Бұл сәулет туындысы ежелгі дәуірде — біздің заманымыздан бұрын 605-562 жылдар аралығында билік жүргізген патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен тұрғызылған. Ол пирамида секілді төрт қабатты алып құрылыс тепкішектерін салдырады. Алып төртбұрыш тастардан құралған тепкішектерге құнарлы топырақ төгіп, басқа елдерден әр түрлі жеміс ағаштары мен көк желекті бұталар отырғызған. Мұндай таңғажайып аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмаған көрінеді. Бұл бақтың ұзындығы мен ені 100 метрден асады және биіктігі 25-тен 90 метрге дейін жеткен. Яғни биіктігі 30 қабатты үйімен тең деген сөз. Ол сол замандағы ең ғажап инженерлік үлгі болған.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ ЖОБАСЫ

Қазақстан да 25 жыл бұрын жасыл белдеу жобасын қолға алды. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1997 жылы Елорда айналасын қоршап ағаш отырғызу басталды. Жыл сайын тал отырғызылып, құстар мен жан-жануарға қолайлы орта жасалды. Ондағы орман көлемі 100 мың гектарға жетті. Қазіргі уақытта «жасыл белдеуде» 9 миллион 600 мыңнан астам ағаш пен 1 миллион 800 мың бұта бар. Онда сүйелді қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, кәдімгі қарағай, көде, боз жиде, терек секілді түрлі ағаштар өсіп жатыр. Бұлардан өзге, неше түрлі жидектер бар.

Жасыл белдеуде қоян, шіл, қырғауыл, басқа неше түрлі аң-құс бар. Марал, елік, қоян, түлкі, тіпті, кейбір жойыла жаздаған аң түрлері көбейіп келеді. «Жасыл белдеу» қазіргі таңда Шымкент және Түркістан қалаларында да қолға алынған.

Зерек МҰРАТБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *