АУМАҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАЛАРЫНА «WHATSAPP» АРҚЫЛЫ СҰРАҚ ҚОЯ АЛАСЫЗ

Құқық
1 070 Views

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті облыстың тұрғындары «WhatsApp» мессенджері арқылы салықтың есептелуі, төленуі, пайда болған қарыздары бөлігінде жер, мүлік және көлік салықтары бойынша сұрақтарын қоюға, сонымен қатар бақылау-касса машиналарын қолданбауға және чекті ұсынбауға қатысты шағымдарын аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына жолдай алатынына назар аударады.

Бүгінгі таңда «WhatsApp» мессенджерлері Департамент және келесі аумақтық басқармаларда іске қосылды.

Сұрақтарды жұмыс күндері (дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда) сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жолдауға болады. Жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша (көлік құралдары салығы) немесе орналасқан жері бойынша (жер, мүлік) жүгінуге болады.

Сонымен қатар Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсы және «Электрондық үкімет» порталында «Салықтық берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы ақпарат» электронды сервисі арқылы онлайн режимінде ЖСН бойынша салықтық берешектің болу-болмауы туралы ағымдағы ақпаратты алуға болады.

Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет ресурсында («Электрондық сервистер — Экспресс көмек — Электрондық сервистер — «Калькуляторлар» — «Автокөлік салығын есептеу») сервисі іске қосылған, осы сервис арқылы салық төлеушінің ЖСН сәйкес автокөліктерге салық мөлшерін онлайн режимінде есептеп алуға болады. Бұл сілтеме арқылы жеке тұлғалар көлік салығының сомасын біле алады.

2018 жылға көлік салығын 2018 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей және салықты тұрғылықты жері бойынша төлеу қажеттігін ескертеміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *