АҚПАРАТ ҮШІН АҚШАЛАЙ СЫЙЛЫҚ

Қоғам
122 Views

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

«Су ресурстары-Маркетинг»ЖШС кәріз желілеріне қызмет көрсету бөлімінің мамандары ассенизаторлықмашиналардың жүргізушілері тарапынан орталықтандырылған кәріз желілеріне ағындысуларды заңсыз ағызу фактілерін тіркейді. Мұндай әрекеттер ауыр апатқа жәнеинженерлік инфрақұрылымның бұзылуына алып келеді. Бұл жағдай ағынды сулардытазарту процесіне кері әсер етеді және қызмет тұтынушыларына айтарлықтай қолайсыздықтартудырады.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде осындай әрекеттер үшін айыппұл санкциялары көзделген. 505-бапқа сәйкес 2-бөлім. «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу», жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Егер сіз ассенизаторлық автомобильдердің орталықтандырылған кәріз желісіне ағынды сулардың төгілуіне куә болсаңыз, фото және бейнетүсірілім жасауды, осы материалдарды whatsapp-қа жіберуді сұраймыз: +77081102121; +77057581111.

Сенімді ақпарат үшін ақшалай сыйлық қарастырылған!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *