БАСТЫ МАҚСАТ –АШЫҚТЫҚ!

Қоғам
1 093 Views

Елбасының мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және халыққа қызмет көрсетусервисін заманауи талаптарға сай жүзеге асыру мақсатында Шымкент қалалықполиция департаментінің Әл-Фараби ауданының полиция басқармасы ғимаратыныңалдында фронт-офис ашылды. Бұл орталық халқымыздың көптеген мәселелерін шешуге,халыққа қызмет көрсету форматын оңтайландыруға көмектеседі.

23 маусым – Қазақстан Республикасының полициясы күні ашылған орталыққа тұрғындар келіпкеңес алып, сол бойынша өтініштері мен басқа да құжаттары қысқа мерзімдеқабылданады.

Жалпы аумағы 45 шаршы метрді құрайтын фронт-офисте келген азаматтарға ыңғайлы болу үшін күту залы, ресепшн орталығы қарастырылған. Сонымен қатар, кеңес беруші қызметкерлерге қажет компьютерлік құрал-жабдықтар мен базалар орналастырылған. Мұнда полиция қызметкерлері әртүрлі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Атап айтқанда: транспорт жұмысы бойынша, тұрғын-үй коммуналдық сұрақтар, Қазақстан азаматтығын алу және де басқа шетелге шығып, сол мемлекеттің азаматтығын алу секілді сұрақтарға жауап ала алады.

Арыздардың басым бөлігі лицензиялау – рұқсат беру жүйесі, әкімшілік тәжірибе, қылмыстық істерді тергеу мәселелеріне қатысты болғандықтан, фронт-офис алаңында осы мәселелерге қатысты құзыретті қызметкерлер – жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік тәжірибе инспекторлары, анықтаушылар мен тергеушілер қызмет көрсетеді. Мұндағы жұмыстың басты мақсаты – демократиялы ашықтық.

Бұған қоса Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясында Қазақстан полициясының 27 жылдығына арналған мерекелік жиын болды. Салтанатты іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, генерал-майор Ж.Сұлтанов және ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлері және қызмет бабында қайтыс болған қызметкерлердің жұбайлары қатысты.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметімен түсірілген полиция қызметкерлеріне арналған фильм көрсетілді. Жиында полиция департаментінің үздік қызметкерлері марапатталып, соңы мерекелік концертке ұласты. Бұған қоса полиция қызметіне арналған фото-көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жиында № 4 балалар үйінің тәрбиеленушілері өнер көрсетіп, тәртіп сақшыларына арнауларын оқыды және оларды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады.

Шымкент қаласы ПД Баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *