БИЫЛ ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ ЖИІЛЕЙДІ

Денсаулық
362 Views

Коммерциялық медицина саласын банкроттық күтіп тұр. Ulagat Consulting Group жүргізген зерттеу 2023 жылы саланың басым бөлігінің банкротқа ұшырау қаупін көрсетеді.

Өйткені, медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі мемлекет тарапынан жеткілікті қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген. 2020-2021 жылдары медорталықтардың жалпы шығынында жалақы үлесі 51-52 пайызға жеткенде, мемлекеттің медицинаға деген шығындары өскен болатын. Мысалы, ГОБМП 36 пайызға, ал ОСМС 42 пайызға өсті.

2022 жылдан бастап мемлекет медицина қызметкерлерінің жалақысын тағы 25%-ға көтеруді талап етіп отыр. Бірақ ГОБМП, ОСМС тарифтерін ұлғайтпады. Сонда жекеменшік медорталықтар айлықты өз қалтасынан 25 пайызға өсіруі тиіс. Бұл ретте олардың жалақыға деген шығындары жалпы шығын үлесінде 67%-ға жетпек.

Ulagat Consulting Group жүргізген сауалнамаға сай, Қазақстандағы жекеменшік медорталықтарының 47 пайызы 2022 жылды шығынмен аяқтаған. Ал 2023 жылы шығынға бататын медициналық орталықтар үлесі 71,5 пайызға жетеді.

Олар жаппай жабыла бастаса, азаматтарды емдейтін жер таппайтын боламыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *