БІЗ БІРГЕМІЗ

Қоғам
933 Views

Болашаққа жүруші едік алаң қып,

Сенімменен сергелдеңді амал қып.

Қу тірлікпен қара бастың қамы үшін

Жалғандықта жалаңтөс боп тарылдық.

Пенделіктің шылауына ілініп,

Аталады міне, осы бодандық.

Осылайша шұбатылып жүргенде

Карантиннің қамалына қамалдық.

Сөккенім жоқ, бұл жанымның ашығаны,

Адамзатты сүйемін бауырым деп.

Жұртым десе жан дүнием тасынады,

Көргенімде елімнің қара көзін

Шабытым шарықтап бір ашылады.

Тәубесін ұмытпаған қалың елім,

Сен менің бағым едің, арым едің.

Қаншама сынақтардан өтсең-дағы

Қиындықты төңкеріп алып едің.

Әлем жұрты вирус десе алаңдайды,

Үйден шығып өзге жерге бара алмайды.

Бірлікпенен жеңейік бұл індетті,

Сонда ғана вирус бізді ала алмайды.

Қалың елім, қазағым, қара көзім,

Жүрегімнен жарып шықты қара сөзім.

Ақ халатты абзал жанның тыңдайықшы,

Үйде отыр, сақтан деген дана сөзін.

Жеңеміз, әлі-ақ мұны өткереміз,

Өрлейміз әлі-ақ талай көкке де біз.

Тәубе қыл, үйде отыр, сақтана ғой,

Сабыр қылып күтеміз, тек көнеміз.

Ақжан Қылышбекқызы СЫДЫҚ,

Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік-коммуникация академиясы

Шымкент көлік колледжінің жастар ісі жөніндегі инспекторы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *