БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫЗ ҚАЛА БЕРМЕК ПЕ?

Билік
842 Views

Шымкент қаласының әкімі Е. АЙТАХАНОВТЫҢ назарына!

Жұртшылыққа белгілі болғанындай, жарты жылға жуық уақыт Шымкент қалалықбілім басқармасы бірінші басшысыз отыр. Ал басшы болмаған соң бұл саланыңтірлігі оңа ма?! Еске сала кетейік, Шымқаланың бұрынғы әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов бұл маңызды салаға басшылық жасау үшін анау-мынауемес, Халықаралық «Болашақтың» түлегі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылымминистрлігінде талай жыл жауапты қызмет атқарып, әбден ысылған білікті маманАқерке Абылайқызын әкеліп отырғызған болатын. Шетел көрген, астанада қызметатқарған ол келе сала жұмысқа білек сыбана кіріскен. Ұстаздар қауымыныңәлеуметтік-тұрмыстық жағдайына жете мән беріп, олардың жалақысын көтеругебелсене атсалысты. Мектеп директорлары мен мұғалімдерді конкурстық негізде, тестілеутәртібімен қызметке қабылдауды жолға қойды. Ұстаздардың біліктілік деңгейінарттыру мақсатында оларды ел астанасына, шетелдерге оқуға, тәжірибе жинақтауғажіберіп отырды. Қала мұғалімдері арасынан бұрын-соңды болмаған ҚазақстанныңЕңбек Ері атанған озат ұстаз шықты. Ерен еңбегі еленіп, кеудесіне орден-медальтаққандардың қатары артты. Колледждер, мектептер, бала-бақшалар «ЦифрлыҚазақстан» бағдарламасы бойынша компьютерлермен, тағы басқа да заманауитехникалармен жабдықталды. Өкінішке орай, халықтың бұл қуанышы ұзаққа созылмады.

Бүгінде бірінші басшысыз отырған білім басқармасының жай-күйі көпшілікті толғантуда. Аталмыш басқармаға қарасты білім беру мекемелерінде «Кім басшы болып келеді екен?» деген сауал маза бермейтін сыңайлы. Еліміздің болашағы – білімді жастардың қолында екенін ескеретін болсақ, бұған әсте бей-жай қарауға болмайды. Ұстаздар қауымының жыл сайын асыға күтетін тамыз мәслихатының басталуына да санаулы күндер қалды. Осындайда бірінші басшысыз отырған мекеме не істей алсын?! Мұның үстіне қала басшысының да ауысып отырған жағдайы тағы бар. Білім саласындағы түйткілді мәселелер мұғалімдер мен ата-аналар қауымының ғана емес, Ерлан Қуанышұлының да бас ауыртар басты проблемасы екені де белгілі. Демек, етек-жеңді ертерек жинап, аса маңызды салаға басшы тағайындамайынша, істің алға қарай басуы неғайбыл екені сөзсіз.

«Әділет — ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *