Биылғы 14 наурызда көрікті Көкшетауда, Бурабайдың баурайында Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Ұлттың құрылтайдың IVотырысы өтті. Онда Мемлекет басшысы «Ұлттық құрылтай ортақ мақсат пен игіістерге жұмылдырады» тақырыбында сөз сөйледі. Ауызашар кезінде Президент жиналған қауымды Әз-Наурыздың бастауы – Көрісу күнімен шынайы құттықтап, қасиетті Рамазан айында тұтқан оразалары қабыл болуына тілектестік білдірді.
Біздің еліміз – әлеуметтік мемлекет.Сол себепті Президент білім беру мен денсаулық сақтау салаларына инвестициясалу жалғасатынын айтты. Бұл – конституциялық міндет. Бірақ шын мұқтаж азаматтарға ғана көмек көрсетілуі керек. Қызметін асыра пайдалануға, әсіресеалаяқтыққа жол беруге болмайды.
Кәсіби техникалық колледждер жаңамамандықтарға сұранысты және еңбек нарығындағы жағдайды ескеруге тиіс. Қостанайдағы колледждің тәжірибесін солтүстік аймақтарда кеңінен қолдану қажет.
Елімізде әйелдер мен балалардың құқығын қорғау үшін нақты шаралар қабылданған. Барлық аймақта балаларды Психологиялық қолдау орталықтары ашылған. Қолданыстағы заңдарға маңызды өзгерістер енгізілген. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске қатысты заң қабылданғаннан кейін ахуал біршама жақсарып отыр. Енді «Қазақстан балалары» деп аталатын біртұтас бағдарлама қабылдаған жөн.
Озық ойлы ұрпақ өсіру үшін білім мен тәрбие әрдайым қатар жүруі қажет. Бұл – аса маңызды құжат болмақ. Бала оқыту ісінде білімге көбірек назар аударып, керісінше ұрпақ тәрбиесін ұмытқан сыңайлымыз. Төрткүл әлемнің Екінші Ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, – деп бекер айтпаған. Сол себепті біліммен қатар тәрбиеге айрықша маңыз беруіміз керек.
Былтыр мектептерде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қолға алынған болатын. Енді алдымызда – жаңарған сол құжатты еліміздегі барлық мектептерге енгізу міндеті тұр. Жобаның түпкі мақсаты – отаншыл, білімді, жасампаз ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Мұның бәрі – адал азаматқа тән қасиеттер екені баршаға белгілі. Сол себепті Президент алдағы уақытта бұл бағдарламаны «Адал азамат» деп атауды ұсынып отыр.
Ұлттық бірегейлігімізді нығайту жолында мәдениет саласы айрықша рөл атқаратыны ақиқат. Әсіресе төл мәдениетіміздегі Әз-Наурыз мейрамының алатын орны айрықша. Наурыз мерекесі туралы жаңа тұжырымдама әзірленді. Еліміз Ұлыстың ұлы күнін 14 наурыздан Көрісу күнінен – Амал күнінен бастап, он күн бойы атап өтетін болды. Әр күнге нақты атау берілген. Мәселен, 15 наурыз – Қайырымдылық күні; 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні; 17 наурыз – Шаңырақ күні; 18 наурыз – Ұлттық киімдер күні; 19 наурыз – Жаңару күні; 20 наурыз – Ұлттық спорт күні; 21 наурыз – Ынтымақ күні; 22 наурыз – Жыл басы; 23 наурыз – Тазару күні деп аталады. Жұртшылық бұл бастаманы жақсы қабылдауда. Әсіресе Наурызнамадағы Ұлттық киім күні – қоғамның зор қолдауына ие болып отыр.
Мәдениет саласында бірқатар жұмыс атқарылуда. Классикалық және заманауи музыкаға арналған ғимараттар салынды. Көптеген театр ашылды. Бүгінде елімізде 46 аймақтық театр жұмыс істейді. Алайда, оның көпшілігінің жай-күйі мәз емес. Мәселен, Семейде бір ғимаратта үш бірдей театр сығылысып отыр.
Биыл ұлы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Бүгінде Абай институты цифрлық платформа форматында жұмыс істеуде. Бұл мәдени-ағарту мекемесі көне қытай ойшылы Конфуций, неміс ақыны, ойшылы, табиғаттанушысы Йоганн Вольфганг фон Гёте, испан жазушысы Мигель де Сервантес Сааведра институттары сияқты жұмыс істеуі керек. Қытай, Түркия, Моңғолия, тағы басқа елдерде осындай орталықтар ашылатын болады. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен «Отандастар» қорына Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, шетелде осындай орталықтар ашу мәселесі бойынша тиісті жұмысты жалғастыру тапсырылды.
Мәдениет дегеніміз – ұлттық сана-сезімді жаһандық ауқымда нығайта түсетін мықты тұғыр. ЮНЕСКО ұйымымен ынтымақтастық аясында Қазақстанның материалдық және материалдық емес мұраларын Халықаралық тізімдерге енгізуге айрықша мән берілуде. Осы орайда Үкімет түрлі ұлттың барша адамзатқа ортақ білім қазынасына қосқан зияткерлік үлесін көрсететін «Әлем жады» тізіміне деректі мұраларымызды енгізу жұмысын жандандыру қажет.
Қазіргі таңда мәдениет және идеология саласы жасанды интеллектінің ықпалымен түбегейлі өзгере бастады. Алайда оған толық үміт артуға болмайды. Адам факторы әлі де маңыздылығын жоғалтқан жоқ.
Әзірге интернет кеңістігінде Қазақстан туралы әлемнің кең таралған тілдеріндегі, әсіресе ағылшын тіліндегіақпараттар тым аз. Үкімет қолда бар орасан зор деректерді, соның ішінде мұрағаттар мен анықтамалық мәліметтерді, ғылыми зерттеулерді, иллюстрациялармен фотосуреттерді, музыкалық шығармаларды және өнер туындыларын цифрлық форматқа көшіру жұмысын бастап отыр. Ұлттық цифрлық мұрағат құрып, оныеліміздегі және шетелдердегі нейрожүйе жасаушылардың еркін пайдалануына мүмкіндікберген жөн.
Ұлттық бірегейліктің маңыздыфакторы – тарих ғылымының дамуына айрықша көңіл бөлінуде. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғаны және халқымыздың «қазақ» деген тарихи атауын иеленуіне 100 жыл толып отыр. Бұл ізгілікті де игілікті іске сол кездегі Үкімет басшысы Сәкен Сейфуллин айрықша рөл атқарғаны айқын. Оның «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» деп аталған мақала жазып, арнайыидеологиялық науқанды бастап бергені баршаға белгілі. Осы орайда Президент Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылордақаласында өткізу жөнінде ұсыныс жасады.
Көрнекті қаламгер Төлен Әбдік жыл басында «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген орынды пікір айтқан тұғын. Осы ретте Мемлекет басшысы: «Өз ұлтыңды өзгелерден биік қою – түптің түбінде жарға жығады. Қазақ халқы өзгелерден кем емес, бұл – ақиқат, бірақ, артық та емес деп айтуымыз керек.
Қазақ халқын данышпан деп айтсаққателеспейміз. Дегенмен, дүние жүзінде данышпан халықтар аз емес, Бұл да –ақиқат. Мұндай пікір кейбір адамға ұнамауы мүмкін. Алайда, көпшіліктің көңіліне шығамыз деп, тура сөзден жаңылуға болмайды.
Шын мәнінде әр ел басқа жұрттан даму деңгейіне қарай озбақ», – деп қадап айтты.
Біз Қазақстанды әлем өркениетініңдербес бөлігі ретінде танытуымыз керек. Тарихи-мәдени мұрамызды ХХІ ғасырға сайжаңғыртып, жүйелі түрде дәріптеуіміз қажет. Біздің алдымызда – ғылыми зерттеулер жүргізу, тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, археологиялық қазба жұмыстарынжандандыру, музей ісін дамыту, шетел мұрағаттарын зерделеу, салт-дәстүріміздіжаңғырту – осы жұмыстың бәрін бір жоспарға келтіру міндеті тұр.
Мемлекет басшысы жаппай цифрландырумен жасанды интеллектіні барлық салаға кеңінен енгізу мәселесіне үнемі назараударып келеді. Таяу арада Астанада Smart city жобасы енгізіледі. БұғанБіріккен Араб Әмірліктері, Америка Құрама Штаттары компанияларымен ынтымақтастық орнатылған. Қытайдың құрылымдарымен де тығыз қарым-қатынас жолғақойылған. Осы бағытта Қазақстан нақты прогреске қол жеткізуі мүмкін. Бұл жердецифрлық активтер индустриясы мен блокчейн технологиясын дамыту маңызды рөлатқарады.
Өкінішке орай, Қазақстанда әлі күнге дейін ғылым қалашығы жоқ. Алматы іргесіндегі «Алатау» инновациялық технологиялар паркінің аумағында ғылым қалашығын құру идеясы бар. Президент Үкіметке осы бастаманы зерттеп, зерделеп, тиісті заң әзірлеуді тапсырды. Ғалымдардың пікірінше, тиісті тәжірибесі мен дәстүрі бар Курчатов қаласы екінші ғылым қалашығы бола алады.
Қазақстанда ғалымдарды шетелдетағылымдамадан өткізу тәжірибесі енгізілген. Алайда 78 жасында «Болашақ» бағдарламасымен оқуға барған кісінің ертең не істейтіні түсініксіз?!
Екі жыл бұрын елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы басталған. Негізгі мақсат – мектептегі орын тапшылығын жою, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу болатын. Биыл елімізде 500 мың оқушыға арналған 200-ден астам мектеп салынады. Үш жылда 1300, соның ішінде ауылдағы 900 білім ордасы жаңғыртылады. Жаңа оқу жылына дейін мектептердің барлығы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құралдармен жабдықталмақ.
Биылғы жыл – «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланған. Бұл – кәсіптік және техникалық білім беру саласын жаңғыртуға және жұмысшы мамандардың қоғамдағы беделін арттыруға арналған маңызды шешім болып отыр. Астананың іргесіндегі Қосшы қаласында Халықаралық колледж ашу жоспарланған.
Астанада шығармашылыққа арналған үйірмелерді де, жекелеген спорт секцияларын да ашып, көпке үлгі болып отырған жекеменшік Балаларды дамыту орталығы бар. Бұл тәжірибені басқа аймақтарда да қолданған жөн.
Инвестиция білім-ғылым саласына 5 еседен астам, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласына 3,5 есе көп салынды. Осы уақытта 500-ден астам мектеп бой көтерді. Көптеген денсаулық сақтау, спорт, тағы басқа әлеуметтік нысандар ашылды.
Былтыр 19 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл – бұрын-соңды болмаған жетістік. Соңғы алты жылда елімізде 250-ден астам жатақхана салынды. Жоғары оқу орындарында 624 мың студент білім алуда. Бұл – жоғары көрсеткіш. Еліміздің 90 мыңнан астам азаматы шетелде оқиды.
Еліміз цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану ісінде зор жетістікке жете алады. Қазірдің өзінде Қазақстан БҰҰ-ның Электронды үкіметтің даму деңгейі жөніндегі рейтингінде 190 мемлекеттің ішінен алғашқы 25 елдің қатарына кірген.
Мемлекет басшысы: «Біздің басты күшіміз – адам және оның жасампаздық әлеуеті», – деп үнемі айтып келеді. Өйткені, білімді, еңбекқор, мақсатшыл азаматтар елімізді табысқа жеткізетіні айқын. Елімізде азаматтарға дүниеге келгеннен бастап өмір бойы жәрдем беретін тиімді мемлекеттік қолдау жүйесі қалыптасқан. «Ұлттық қор – балаларға», «Келешек» бағдарламалары, тегін орта білім, колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуға бөлінетін өте көп гранттар – мұның бәрі өскелең ұрпақтың қадамы нық болуына септігін тигізетін сан алуан шараның бір бөлігі ғана. Адамға салынған инвестиция – мемлекеттің ең сенімді әрі дұрыс салымы. Елімізде білім, ғылым, медицина, спорт, креативті индустрия салаларына қомақты қаржы бөлу жалғаса беретін болады.
Біздің Мұхтар Әуезов атындағыОңтүстік Қазақстан Зерттеу университеті мен ОҚЗУ колледжінің педагогикалықұжымы ортақ мақсат пен игі істерге жұмылдыратын Ұлттық құрылтайдың төртіншіотырысында көтерілген мәселелерді талдап, талқылап, алдымызға жаңа міндеттербелгіледік. Студент жастарымыз сабақты жақсы оқумен қатар қоғамдық жұмыстарғабелсене араласуда. Мақсатымыз – Адал азамат тәрбиелеп, оларды еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосатын еңбексүйгіш жан етіп жетілдіру болып отыр.
Қарлығаш ҮСЕНҚҰЛОВА,
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университеті Ақпараттық білім беруорталығының кітапханашысы,
ОҚЗУ колледжінің оқытушысы, филолог, педагогикағылымының магистрі.
Шымкент қаласы.