Түркістан облысы, оның ішінде Түркістан қаласы тек еліміземес, әлем таныған аймақтар қатарына жатады. Сондықтан логистикалық HUB-тардыорналастыруға да қолайлы. Мысалы, өткен жылы Қазақстан арқылы 8 миллионсәлемдеме өткізілсе, биыл соның 2 миллионы осы өңір арқылы өтеді. БүгінТүркістан халықаралық әуежайында Халықаралық пошта алмасу орны ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
– Бүгін тарихи оқиғаға куә болып отырмыз. Түркістан әуежайында Халықаралық пошта алмасу орны ашылды. Бұл жүк тасымалдау көлемін, салық және кеден түсімдерін молайтуға, бизнестің дамуына себеп болады. Шет елдерден тікелей тауарларды Түркістан қаласына жеткізуге мүмкіндік туады. Өздеріңізге мәлім, күні кеше «Turkish Cargo» авиакомпаниясы Түркістанға алғашкы жүк әуе рейсін орындады. Алдағы уақытта, аптасына 2 рейсті тұрақты түрде орындауды жоспарлауда. Одан бөлек, «Alpha Sky», «Wizz Cargo» және басқа да компанияларды тарту есебінен жүк тасымал көлемін арттыру жоспарлануда. Бұл бастамалар Түркістан облысының экономикасының дамуына оң әсерін беретіні сөзсіз және әуежайдың табысын ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деді Дархан Сатыбалды.
Ашылу рәсіміне «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова қатысып, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз мемлекетімізді үлкен транзиттік HUB-қа айналдыруымыз керек. Бүкіл Қытайдан Еуропаға жәнеОрталық Азияға баратын жүкті толық біздің аймақ арқылы өткізу мүмкіндігі бар.Үлкен бәсекелестік ортада жүрміз. Сондықтан бүгінгі оқиға жетістіктердің бірідеуге болады. Қытайдың “Cainiao” атты логистикалық компаниясымен өткен аптадамеморандумға қол қойдық. Соның нәтижесінде келесі жылдан бастап Қазақстаннан 9мемлекетке жөнелтілімдер орындалады. Осылайша, біз Түркістанды транизиттіклогистикалық HUB-тың біріне айналдырамыз. Барлығыңызға табыс тілеймін, – дедібасқарма төрағасы.
Жиын барысында «Alpha Sky» ЖШС директоры Гүлжан Жәнібекова бүгінгі бастаманың ерекше оқиға екенін айтты. Сондай-ақ «Гонконг – Түркістан»жаңа бағыты іске қосылғанын, оған арнайы сыйымдылығы жоғары ұшақ қарастырылыпжатқанын жеткізді.
Салтанатты шараға «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚбасқарушы директоры Ильяс Нугуманов, «Turkistan Invest» ЖШС басқарма төрағасы Берік Кенжебаев, «Қазпошта» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры АзатИльясов, сонымен қатар тиісті департамент және басқарма басшылары қатысты.
«Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы бола отырып, халықаралық пошта байланысы қызметтерін ұсыну жөніндегі өз қызметін жүзеге асырады. Қытай, Түркия, Гонконг, Біріккен Араб Әмірліктері, Вьетнам және Еуропа елдерінен тағайындалған операторлармен көпжылдық ынтымақтастығымызды пайдаланып, Түркістан халықаралық пошта алмасу орны арқылы пошта жөнелтілімдерінің қосымша транзиттік логистикасын қамтамасыз ету жоспарлануда. YTO Express Group-пен кездесу барысында Қазпошта мен Қытайдың ірі логистикалық операторларының басшылары электрондық коммерция, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады. Осы мүмкіндікке Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Қытайға сапары кезінде қол қойылған ынтымақтастық туралы келісімнің арқасында жетіп отыр.
Жоба «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында жүзегеасырылмақ. Cainiao Group-пен кездесу барысындағы негізгі мақсат – логистика саласында берік серіктестік қарым-қатынасын орнату. Бұл екі компанияға даәлемдік нарықтағы ықпалын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Cainiao SmartLogistics Network Limited – қытайлық логистикалық компания. Ол 2013 жылы 9компанияның, соның ішінде интернет алыбы Alibaba Group-пен бірлескен кәсіпорныретінде құрылған.
Осы жоба аясында «Қазпошта» акционерлік қоғамы мен Alpha Sky отандық логистикалық компаниясы арасында мен халықаралық транзиттік пошта және жүк жөнелтілімдерін тасымалдау туралы меморандумға қол қойылды. Оған Түркістан облысының әкімдігі қолдау көрсетті. Осы арқылы аптасына 60 тоннаға дейін жүк тасымалдауға мүмкіндік бар. Түркістан облысының 2 миллионнан астам халқына сапалы қызмет көрсетілді. Тұтынушылар «Keruen.post.kz» платформасы арқылы халықаралық интернет-дүкендер мен өндірушілерден төмен бағамен жеткізілім алу мүмкіндігіне ие.
Айта кетейік, Түркістан халықаралық әуежайы 3 халықаралық (Ыстамбул, Кувейт, Әбу-Даби) және 6 ішкі (Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай) әуе бағыттарына қызмет көрсетеді. Рейстерді Turkish Airlines, Jazeera Airways, Wizz Air Abu Dhabi, Fly Arystan, Scat, Qazaq Air авиакомпаниялары орындайды. Әуежай аптасына 32 рейске қызмет көрсетуде. Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 450 жолаушыны немесе жылына 3 миллион жолаушыны құрайды.
САЙРАМДА БИОГАЗ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ
Түркістан өңірінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл реттеСайрам ауданында түрік технологиясы негізінде инвестициялық жобаларды жүзегеасыру қолға алынуда. Олардың қатарында түрік инвесторлары қызығушылық танытқанауыл шаруашылығы саласындағы жоба да бар. «Burabai biogas&fertilizersfactory» ЖШС компаниясы аудан қазынасына инвестиция құюға ниетті. Биогазөндіретін компанияның өкілдері аудан әкімі Арман Сәбитовпен кездесті.
Басқосуда кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту мақсатында ауданда 15 га аумаққа мал қалдықтарынан биогаз өндіретін зауыт салу жайы талқыланды. Бұдан бөлек, биогаз өндірісінің патенттелген технологиясының қатты, сұйық органикалық және органоминералды тыңайтқыштарды біріктіретін, жұмыс істеу икемділігінің тиімділігіне тоқталды. 2024-2025 жылдары салынатын биогаз зауытының эскиздік жобасы жайлы жоспарларымен бөлісті.
– Жобаны жүзеге асыру үшін алдымен біз жоспарды және жұмыстың орындалу мерзімін анықтап алуымыз қажет. Жұмыстардың кезең-кезеңімен жүргізілетіні жөнінде мәлімет толығымен жинақталуы тиіс. Қазіргі сіздер ұсынған жобаларға қатысты заң аясында қолдау қарастырылады. Аудан аумағында өндіріс көлемін көбейту – біздің басты мақсатымыз, – деді Арман Сәбитұлы.
Компания Қазақстан аумағында 2019 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл жоба негізінен органоминералды тыңайтқыштар мен мал қалдықтарын өңдеуге, биогазды тазарту процесінен өткізіп, электр және жылу энергиясын жетілдіруге бағытталған. Аталған өндіріс орны іске қосылғанда мал қалдықтары пайдаға асып, толығымен қайта өңделеді деп күтілуде.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 75 ЗАУЫТ-ФАБРИКА АШУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Түркістан облысы еліміз бойынша мақта дақылын өсіретін жалғыз өңір. Мақта шаруашылықтарында 25 мың агроқұрылымдарда 70 мыңға жуық шаруалар еңбек етеді. Облыста жыл сайын 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналуда.
Мақта саласындағы негізгі түйткілді мәселе – баға тұрақсыздығы. Себебі елімізде бәсекеге қабілетті тоқыма және тігін өнеркәсібі дамымағандықтан, шитті мақтаны сату бағасы экспорт нарығына тәуелді болып отыр. Республикда мақта талшығын терең өңдеу бойынша тек 3 кәсіпорын бар, олардың үлесінде мақта талшығының қайта өңделген көлемі 18%-дан аспайды. Мәселенің шешудің жолы – облыста мақта-тоқыма кластерін құру. Осыған орай Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен ауқымды жұмыстар басталды.
Өткен жылы «Мақта шаруашылығын дамытудың және мақта-тоқымакластерін қолдаудың 2027 жылға дейінгі өңірлік жол картасы» бекітілді. Оғансәйкес 4 басым бағыт белгіленген. Атап айтқанда, егістікті әртараптандыру,тұқыммен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу және мақта кластерін құру. Жол картасына сәйкес, 2027 жылға дейін 9 мақта кластерін құру көзделуде. Нәтижесінде мақта бағасына алдағы жылдары тәуелділік жойылатын болады.Түркістан облысында мақта-тоқыма саласында 75 зауыт-фабрика ашу жоспарланған.
Осы мақсатта, 2023 жылы Мақтаарал ауданында Cotton Мақта»ЖШС мақта өңдеу зауыты жобасы жүзеге асырылды. Жоба құны – 3 млрд. теңге.Жылдық қуаттылығы 60 мың тонна мақта талшығын шығару. Зауытта 80 адам жұмыспенқамтамасыз етілген. Өткен жылы мақта өңдеу зауыты 40 мың тонна шитті мақтанықабылдады. Зауытты заманауи қытайлық технологиямен жарақтандырудың нәтижесінде, күніне 600-650 тонна шитті мақтаны өңдеуге мүмкіндік берді.
Бұдан бөлек, облыста бүгінгі күнге ҚХР, Өзбекстан инвесторларының қатысуымен 223,5 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Мақтаарал ауданында «Global Textile Solution» ЖШС-нің құны 21 млрд. теңге құрайтын «Мақта-тоқыма кешені және логистикалық хаб құру» жобасы жүзеге асады. Жоба негізінде 2000 жаңа жұмыс орындары ашылады. Жобаның қуаттылығы – 160 мың тонна. Ауқымды жоба 2026 – 2027 жылдары толық іске қосылады.
Сондай-ақ Жетісай ауданында «TST JETISAY TEXTILE» ЖШС-нің құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын жобасы жүзеге асып жатыр. Жылына 7500 тонна иірілген жіп фабрикасында 200 жаңа жұмыс орны құрылады.
ЖЫЛЫНА 15 МЫҢ ТОННА ҚҰБЫР ШЫҒАРУҒА ҚАУҚАРЛЫ
Түлкібас ауданының орталығында орналасқан «Стас и К» өндірістік кооперативі жылына 15 мың тонна пластикалық құбыр шығаруға қауқарлы. Бүгінде құрылыс саласында сұранысы жоғары түрлі диаметрдегі пластик құбырларын шығаруда.
Аталған өндіріс ошағына аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен арнайы барып, бүгінгі жағдайымен танысты.
Кооператив директорының орынбасары Әбдірахман Тәжібаевпен нысанды аралап, алдағы жоспарларына құлақ асып, өндірісті ұлғайту бойынша ұсыныстарын тыңдады.
Өз өнімімізді қолдау мақсатында жауапты бөлім басшысына ауданда атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарына барынша осы жердің құбырларын қолдану керектігін ескертіп, кәсіпкерге бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласына аса қажетті тамшылатып суғару құрылғысының бөлшектерін шығаруды ұсынды.
Сонымен қатар өндіріс аумағын ұлғайту мақсатындағыжобаларына мемлекет тарапынан Заң талаптарына сай барлық қолдау түрлері көрсетілетінін жеткізді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда өндіріс орнында екі ауысыммен 20 адам жұмыс істейді.
ФАБРИКА ӨНІМДЕРІ ЕЛ ІШІ ҚАЖЕТТІЛІГІН ӨТЕМЕК
Түркістан облысы, Төлеби ауданында тірлігі табысты саналатын тігін фабрикасының құрылысы жүріп жатыр. Қазір ғимарат тұрғызылып, ішкі әрлеужұмыстары жүргізілуде. Ал кәсіпорынның инфрақұрылымға қатысты мәселелерікәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бақылауына алынып, жергіліктібюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Алдағы уақытта электр, телефон желілері менсу құбырлары тартылады.
Жеке инвестиция есебінен жүзеге асып жатқан жоба KAZPLAST ЖШС-ға тиесілі. Жалпы инвестициялық құны – 1,5 млрд теңге. Жылына 150 мың дана арнайы киім тігетін кәсіпорында 150 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Биыл жұмысын бастағалы отырған фабрика өнімдері ел іші қажеттілігін өтемек.
Жалпы Түркістан облысында жыл басынан бері жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14 277,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңіменсалыстырғанда нақты көлем индексі – 111,1% құрады. Ал өнеркәсіптің өндірілгенөнімінің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 5,2% құрайды. Қазіргі таңдаоблыс аумағында жеңіл өнеркәсіп саласында жалпы 50-ге жуық кәсіпорын бар. Оныңішінде, 25 кәсіпорын мақта өңдейді, ал 10 тігін кәсіпорындары мен 9 тігінцехтары жұмыс істейді, 3 кәсіпорын аяқкиім шығарады, 1 кәсіпорын медициналықмақта шығарады.
Айта кетейік, облыста жіп және мата өндіретін кәсіпорындар жоқ. Алайда қазір аграрлы өңір әлеуетін осы салаға бағыттап, шикізат шығарып қана қоймай, дайын өнімді нарыққа шығару жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Салаға шетелдік инвесторлар мен заманауи технологияларды тарту арқылы жіп иіріп, мата өндіру ісінде алда кеткен елдердің тәжірибелері қолданылмақ.
САҒАТЫНА 20 МЫҢ КЕЛІ ЖЕМ ӨНДІРУГЕ БОЛАДЫ
Түркістан облысында жылына 200 млн. дана жұмыртқа және құрама жем шығаратын зауыттар салынбақ. Бұл мақсатта қазір Бәйдібек ауданында 100 гектар жер учаскесі қарастырылып, құжаттары рәсімделуде.
“ERNUR” ЖШС-нің жеке инвестициясына жүзеге асқалы отырған зауыттың құрылысы биыл басталады. Ал жобаның жалпы инвестициялық құны 8 млрд.теңгені құрайды.
Қазіргі таңда құны 1,5 млрд. теңге болатын мал азығыншығаруға қажетті құрал-жабдықтар Түркиядан әкелінді. Аталған жабдықтардың көмегімен сағатына 20 мың келі жем өндіруге болады. Ал құс фермасы 600 мыңбасқа лайықталған. Онда жылына 200 млн. дана жұмыртқа шығарылып, біріншікезекте ішкі нарықты қамтымақ.
Жалпы жоба толық қуатымен жүзеге асып, зауыттар іске қосылса 100-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.
ТОҚТАП ҚАЛҒАН КӘСІПОРЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРМАҚ
Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов аудан аумағында бірнеше жыл тоқтап, қайта іске қосылып жатқан бірнеше кәсіпорынға жауапты мамандармен арнайы барып, бүгінгі жағдайын бақылады.
Солардың бірі Түлкібас кентіндегі «Азия фуд» ЖШС бүгінгі таңда қайта іске қосылды. Тәулігіне 150 тонна бидайдан ұн шығаруға қауқарлы кәсіпорынды Дулгер Каган есімді Түркі елінің азаматы 1 жылға жалға алып, қазіргі таңда 10 млн. теңгедей қайта іске қосуға қаржы жұмсаған.
Нысанда 20 адам жұмыспен қамтылып отыр. Нысан толық қуаттылығымен жұмысын бастаған жағдайда қосымша 20 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.
Кәсіпкермен нысан басында сұқбаттасқан Нұржан Жақсылықұлы аудан әкімдігі тарапынан кәсібін әрі қарай дамытуға заң талаптарына сай қолдаукөрсетуге дайын екендігін жеткізді. Өз ойымен бөліскен кәсіпкер алдағы уақыттамакарон өнімдерін шығару жоспарында бар екенін жеткізіп, аудан басшысынакөрсетіліп жатқан қолдаулар үшін алғысын білдірді.
Бұдан бөлек, аудан басшысы Түлкібас кентінде орналасқан«Түлкібас әк зауытына» табан тіреп, ондағы атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады.
Бүгінгі таңда, құрылғылары әбден тозығы жеткен әк зауытын қайта модернизациялаудан өткізу жұмыстары жоспарлануда.
Қазіргі таңда зауыт басшысы Қасқырбекова Перизат мемлекеттік қолдаулар тетігі арқылы зауыт қуаттылығын 8 есеге арттыру мақсатында Қытайелінен 1 млрд. 700 млн. теңгеге 2 құрылғыны алып келуді жоспарлауда.
Аудан басшысы іскер анаға сәттілік тілеп, бастап жатқанауқымды жобасына аудан әкімдігі тарапынан әрі қарай да барлық қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізді.
Содан соң Нұржан Жақсылықұлы Күмісбастау елді мекенінің маңындағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан ауыз су және түрлі-түсті сусындаршығаратын «Beibars Bottlers» ЖШС зауытына ат басын бұрды.
Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған нысанға заманауи жоғары сапалы италиялық және нидерландық құрылғыларды орнатылу жұмыстары бастау алған.
Зауыт толығымен іске қосылған жағдайда қуаттылығы жылына 65 мың мен 85 мың тонна шамасында болмақ. Бұл жерде 96 адамға жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
ЗАУЫТ КӘСІПКЕРДІҢ ЖЕКЕ ҚАРАЖАТ ЕСЕБІНЕН САЛЫНҒАН
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласында мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт жұмысымен танысты. «Қаратау Транс Сервис» зауыты мұнай өнімдерін өңдеумен айналысады.
Инвестиция көлемі 11 млрд. теңгені құраған. Зауыт басшылығы Арыста өндірілетін мұнай өнімдерімен ішкі нарықты қамтуды көздейді. Кәсіпкер өндіріс орнын кешенді дамытуға арналған алдағы жоспарларымен бөлісті.
Өндірісте 45 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын жылына 125 мың тонна мұнай өнімдерін өңдейді. Оның ішінде, жылына 26 180 тонна жанармай, 28 000 тонна дизель отынын, 12 420 тонна керосин мен 54 250 тонна мазут өнімдерін шығарады. Зауыт кәсіпкердің жеке қаражат есебінен салынған.
Жұмыс сапары барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласында орналасқан «Арыс» минералды су ЖШС-нің жұмысыментанысты. Табиғи минералды суға сұраныс жоғары. Мұнда тәулігіне 15 мың құты,жылына 18 млн. литр минералды су сатылымға шығарылады. 20-дан астам арыстықазамат жұмыспен қамтылған. Шипалы сусын 1870 метр тереңдіктен алынады. Судыңемдік қасиеті мол, ол жөнінде курортология институтының қорытындылары алынған.Табиғи минералды ауызсу Арыс қаласы мен Түркістан облысының өзге аудандарынажәне көрші облыстарға жөнелтілуде.
Облыс әкімі Арыс қаласында өндіріс саласы өркен жайып келе жатқанын атап өтті.
– Арыста соңғы жылдарда тартылған инвестиция көлемі едәуір ұлғайды. Біздің міндетіміз – инвестиция тарту ғана емес, жаңа жұмыс орындарынашу. Оның ішінде, жергілікті халықты жұмыспен қамту басты назарда. Сондықтан,бұл жұмыстарды ширату керек, – деді өңір басшысы.